Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Саяси жүйелердің түрлері



Pdf көрінісі
бет22/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

2. Саяси жүйелердің түрлері. 
3. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің орны мен рөлі.
1. Қоғамның саяси жүйесінің түсінігі. Қоғамның саяси жүйесі–
бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік жəне 
мемлекеттік емес əлеуметтік институттардың жүйесі. Мұндай 
институттардың қатарына қоғамдық өмірдің билікке байланысты 
саласына қатысушы мемлекет, партиялар, кəсіптік одақтар жəне 
басқа да ұйымдар мен қозғалыстар жатады. Саяси жүйе сыртқы 
жəне ішкі саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз етеді, əлеуметтік 
топтардың мүдделерін қалыптастырады, білдіреді жəне қорғайды. 
Оның сипаты, ең алдымен, осы саяси жүйенің пайда болған жəне 
қызмет ететін əлеуметтік ортасы арқылы анықталады: 
1) Еңбек нəтижелері саналы түрде мемлекеттік ұйымдасқан 
адамдардың ерекше тобымен бөлінетін əлеуметтік орта. Мұндай 
ортада меншіктің мемлекеттік жəне қоғамдық түрлері орын алады; 
өзіндік меншікке рұқсат берілуі мүмкін, ал жеке меншік мүлдем 
болмайды. Мұндай саяси жүйелерде мемлекеттік билік қоғамның 
экономикалық өміріне тоталитарлы түрде араласады; мемлекет 
идеологиясынан өзгеше ойлау басып-жаншылып отырады; мемле-
кеттік идеология, дін, мəдениет, білім, ғылым қалыптасады. Билік-
те тек бір саяси партия болады.
2) Əлеуметтік ортаның екінші түрі қоғамның экономикалық 
өмірінің нарықтық-ақшалық негізіне, еркін кəсіпкерліктің тəжіри-
бесі мен идеологиясына негізделеді. Мұндай саяси жүйелерде 
мемлекет нарықтық экономика үшін жағдайларды ұйымдастыру-
шы ретінде көрініс табады, азаматтардың құқықтары мен бостан-
дықтарын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйеде партиялар билікті 
сайлау компанияларына қатысу арқылы жаулап алуға тырысады; 
құқықтық нысандар саяси мақсаттарға жетудің негізгі құралына 
айналады.
3) Əлеуметтік ортаны ұйымдастырудың үшінші түрі – аралас 
түр, ол конвергенция деген атқа ие болды. Конвергенциялық саяси 
жүйелер бір əлеуметтік ортадан екінші əлеуметтік ортаға өту 
кезінде пайда болады. Конвергенциялық саяси жүйелерге əртүрлі 


мақсаттағы жəне мазмұндағы көптеген саяси институттардың 
араласуы тəн болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет