Буллинг деген не?



Дата06.12.2022
өлшемі0.94 Mb.
#466635
8 топ


ЮНИТ: Парасаттылық және әдеп
Жоба тақырыбы:
“Буллинг деген не?”
6 сынып
Орындаған: Касенова Н.Н, Кәрібаева Н.К,Артықбаев Қ.О
Жоба мақсаты:
  • “Буллинг” мәселесін оқушылар арасында зерттеу

Міндеттері:

Буллинг деген не?
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.
Қоғамда “буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады” деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды
Буллинг түрлері
Сөзбен қорқыту
Реляцион түрі
Кибернети-калық буллинг
Күшпен қорқыту
Буллинг белгілері мен сипаттамасы қандай?
  • Баланың мінез-құлқы оның қорланғанын көрсетуі мүмкін. Ересектер мұндай ықтимал белгілерді білуі қажет және мынадай жағдайларға назар аударғаны жөн. Егер бала:
  • Мектепке барудан немесе мектептен қайтудан қорқып, мектеп автобусымен немесе қоғамдық автобуспен жүруді қаламай, өзін мектепке апаруды өтінсе;
  • Өзінің қалыпты күн тәртібін өзгертіп, мектепке барудан бас тартып, сабақтан қашуды бастаса;
  • Өзін-өзі өлтіруге тырысса немесе өлтірем деп қорқытса, үйден қашса;
  • Түнімен жылап немесе қорқыныш сезімі болып, таңер-тең өзін нашар немесе ауру сезінсе;
  • Мектептегі үй тапсырмала-рын нашар орындап, үйге жыртылған киіммен немесе бүлінген кітаптармен келеді. Оның басқа заттары бүлінген немесе «із-түс-сіз жоқ болған». Үйге аш келеді (түскі ас ақшасы ұрланады);
  • Ақша сұрайды немесе ақшаны ұрлай бастайды (ақша сұраған адамға беру үшін). Ақшаны «жоғалтады»;
  • Көгерген не кесілген жерлері бар. Агрессив бола бастайды. Орынсыз әрекеттер жасайды;
  • Тамақ жеуден бас тартады. Жоғарыда аталғандардың бәріне адам сенгісіз сылтаулар айта бастайды;
  • Интернет немесе ұялы телефон қолданудан қорқады. Онлайн хабарлама алғанда, мазасыздана бастайды.
  • Бұл белгілер мен мінез-құлық басқа мәселелердің болғанын да байқатуы мүмкін. Алайда қор-лануы мүмкін екенін және мінез-құлқын дереу тексеру қажет.

НЕЛІКТЕН АДАМДАР БІР-БІРІН ҚОРЛАП,
ҚИЯНАТ ЖАСАЙДЫ?
Басқаларды
көре алмайды
Немесе
қызғанады
достары сияқты
болғысы келеді
Өзгелердің
қорлауынан
зардап шеккен
өзін басқаларға
қарағанда жоғары
екенін сезінгісі
келеді
оны барлығы
тындағанын
қалайды
басқаларға ұнағысы келеді
Бала буллинг құрбаны болған жағдайда не істеу керек? 
Егер ата-ана баласы буллинг құрбаны болғанын байқаса, онымен отырып сөйлесу керек. Балалар көп жағдайда ол тақырыпты қозғаудан қашады. Сондықтан жағдайдың мән-жайын анықтау үшін талпыныс жасау керек. Әрине, ата-аналар мәселеге араласуы керек. Яғни, сіздің балаңызды ренжіткен баламен емес, ең алдымен оның ата-анасымен сөйлесу керек. Жағдай дөрекілікке ұласып кетпеуі үшін әңгімелесу стратегиясын құрып, нақты деректер мен дәлелдер келтіру керек. Құқықтық жағынан да мәселені шешу керек. Ол үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында қажет болатын (скрин, аудио, видео файлдар) заттарды баланы ренжіткен адаммен, болмаса оның ата-анасын жауапқа тарту үшін сақтап алу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет