ІІІ. Отбасында зорлық-зомбылық болған жағдайда не істеуге болады?
Ең алдымен балалардың заңмен қорғалатын құқықтары бар екенін білу қажет! Әрбір бала полицияға арыздана алады. Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты істер арыз берілмей-ақ қозғалады.
Егер қандай да бір себептермен кәмелетке толмаған баланың полицияға баруға мүмкіншілігі болмаса, анасына, достарына, жақсы таныс көршілерге, мұғалімдерге оқиға туралы айтуы қажет немесе сенім телефонына қоңырау шалуға болады.
ІV. Жағдаяттарды шешу.
1. Мұрат сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарын қоқысқа лақтырып тастады. Мұраттың қандай құқығы бұзылды? (дүние-мүлікке)
2. Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді. Асқардың қандай құқығы бұзылды (білім алу)
3. Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды «екіліксің» деп келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды? (ата-тек атауын алуға)
4. -Балам, екі шелек су әкеліп бер.
- Апа, заңды бүгін өттік, балаға күш көрсетіп жұмсауға болмайды, сондықтан су әкелгім келмейді, оған менің құқым бар. (жекебас бостандығына)
Мұғалім сөзі
Қорытынды:
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек.Біз Мұқағали Мақатаевты ақын деп қана білеміз. Бүгінгі сабағымызды сол ақиық ақынның балаларға арнаған мына сөзімен аяқтайық.
Сүйікті балаларым менің! Ақылсыз болмаңдар! Өмір тола қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына байыппен қараңдар! Жөні жоқ мейірбан жұмсақ болмаңдар! Өмір барда, жауыздық бар. Мейірбандықпен , жұмсақтықпен жауыздықты жеңуге болмайды. Бір сөзбен айтқанда , сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашан да адам қалыптарыңда қалыңдар! Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер! (Мұқағали Мақатаев)
|