ІІ. Негізгі бөлімі
1. Бақытты балалық шаққа саяхат. Сіздердің балалық шақтарыңыз қалай өтуде (пікірлесу)
Оқушы: Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Оқушы: Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.
Оқушы: Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз.
Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.
Оқушы: Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».
Сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (оқушылардың ойы тыңдалады).
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Сұрақ: Неге көбінесе балалар қылмыстың құрбаны болады?
- Өйткені балалар аңқау және бейқам! Ал қылмыскер кез-келген баланың тілін таба біледі. Сондықтан, сіздің балаңыз, бір қадам жасар алдында өз әрекеттерін жақсылап ойланып алуы қажет. Зорлықтан құтылуға болады. Бұл үшін дұрыс шешім қабылдау қажет. Егер олар қасындағы адамнан кішкене де болса күдіктенсе, бірдеңеден қауіптенсе, онда ең дұрысы одан аулақ кету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |