Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы


-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерден



бет12/46
Дата09.07.2016
өлшемі3.18 Mb.
#188192
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46

34-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерден
бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі
      270. Бюджеттік субсидиялар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттар шешімінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңын немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысымен анықталған сомалар шеңберінде беріледі.
      270-1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде бюджеттік субсидиялар бөлу көзделген болса, оларды бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 34-тарау 270-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.27 № 1211 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      271. Бюджеттік субсидиялар төлеу үшін оларды алушылар бюджеттік бағдарлама әкімшісіне олардың бюджеттен өтеуді талап ететін шығындарды жүзеге асырғанын растайтын қаражаттар ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі оларды қарағаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінде көзделген тәртіппен және нысанда бюджеттік субсидия беру жүзеге асырылған әр бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидиялардың жүзеге асырылуы тиіс бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны және төлеуге берілетін шоттарды қалыптастырады. .P101255
      272. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі тиесілі бюджеттік субсидияларды олардың тікелей алушыларына аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шоттардың тізілімін және төлеуге берілетін шоттарды екі данада ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік субсидияларды төлеудің негізділігін, бюджеттік субсидия алушыларға тиесілі соманы есептеудің дұрыстығын, бюджеттік субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылған төлеуге берілетін шоттарды толтырудың растығын және толықтығын қамтамасыз етеді.
35-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібі
      273. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің пайдасына шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүргізу үшін шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүзеге асырылады.
      274. Валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асып түспейтін сомаға валюта түрлері бойынша шетел валютасын сатып алу жөніндегі операция алдын ала мәлімет ұсынбастан жүзеге асырылады.
      275. Валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген шетел валютасының лимитінен артатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валюталарын қайта айырбастау аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік мекеме қайта айырбастау күніне дейінгі келесі мерзімде:
      валюта түрі мен сомасын көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынғаннан кейін;
      АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингі, швейцария франкісі, ресей рублі - үш күн ішінде;
      жапония иенасы - бес күн ішінде жүзеге асырылады.
      276. Аумақтық бөлімшесі сол күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді, ол, өз кезегінде, оларды Ұлттық Банкке дейін жеткізеді.
      277. Төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасында жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме осы Ереженiң 94-қосымшасына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейiн ұсынады (жібереді).
      Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме қағаз тасығышта 2 данада жасайды және бередi.
      Ескерту. 277-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       278. Төлеуге берілетін шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған қағаз тасығыштағы өтінімде қандай да бір қажетті деректемелер болмаған, қолдар және (немесе) мөр бедері қолдардың және (немесе) мөр бедерлері бар құжатқа сәйкес келмеген, шот сомасы шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім сомасына сәйкес келмеген кезде орындалмастан мемлекеттiк мекемеге қайтару себептерi көрсетiле отырып, қайтарылады.
      Электрондық түрдегі төлеуге берiлетiн шотта және (немесе) шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер бар болған, оларда қандай да бiр қажеттi деректемелер болмаған, ЭЦҚ қате болған, валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген лимиттен асатын шетел валютасын резервтеу болмаған кезде, төлеуге берiлетiн шоттан және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмді қабылдамау себептерi көрсетiле отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындалмастан қайтарылады.
      Ескерту. 278-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      279. Бағамдық айырмашылыққа байланысты қажетті төлем сомасы тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле сомасынан асып түскен жағдайда, аумақтық бөлімшесі қазынашылық жүйеге енгізілген төлеуге берілетін шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтінімді бекітпейді, ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етеді.
      280. Мемлекеттік мекеме сол күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бағамдық айырма сомасына қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде: мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм және төлеуге берiлетiн шот бередi.
      Ескерту. 280-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      281. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті коды бойынша міндеттемелер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспары бойынша қабылданбаған міндеттемелер сомасы болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі бағамдық айырма сомасына міндеттемелерді тіркеуге арналған өтінім деректерін ҚБАЖ-ға енгізуді және хабарлама қалыптастыруды жүзеге асырады.
      282. Бағамдық айырма сомасына төлемдер бойынша берілген бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының пайдаланылмаған қалдықтары болмаған жағдайда - бұрын қазынашылық жүйеге енгізілген төлеуге берілетін шот пен шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім қабылданбайды және төлеуге берілетін шотпен, шетел валютасын айырбастауға арналған өтінім мен және бағамдық айырма сомасына арналған міндеттемелермен бірге орындамай мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
      283. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегі төлем құжаттары мен шетел валютасындағы корреспонденттік шоттары бойынша үзінді алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы тиісті шоттарына шетел валютасының түрлері бойынша оны есептеу жүргізеді.
      284. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шетел валютасын түрлерi бойынша мемлекеттiк мекеменiң шетелдiк валютадағы тиiстi шоттарына есептеген күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірмелерді қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштi мемлекеттiк мекеменiң одан әрi ұсынуы үшiн қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының белгiсi соғылған және шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес жасайды.
      Ескерту. 284-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      285. Мемлекеттiк мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшiн аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтінішті осы Ереженiң 61-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде сағат 16.00-ге дейін ұсынады (жібереді). Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініш 2 данада ұсынылады.
      Ескерту. 285-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      286. Аумақтық бөлімшесі шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтінішті тексергеннен кейін деректерді ҚБАЖ-ға енгізеді.
      287. Қағаз тасығышта шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және (немесе) мөр басқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерiне, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiш қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан, мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
      Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер, төлем мақсаты болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтініштен бас тарту себептерін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да бас тартылады.
      Ескерту. 287-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      288. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттарын алғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган үзіндіні алған күні мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнінде операция жүргізеді.
      289. Мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндi көшірме қалыптастырылғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды қағаз тасығышта мемлекеттiк мекемеге бередi және қағаз тасығышта ұсынылған жауапты орындаушының белгiсi соғылған, шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 289-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      290. Айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде мақсатқа сай пайдалануы тиіс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзім аяқталғаннан соң келесі жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық бөлімшесі шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім беру қажеттілігі туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар береді.
      291. Мемлекеттік мекеме берген шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім негізінде шетел валютасы айырбасталған мемлекеттік мекеменің шығыстардың БСК-ға түсімдердің БСК-ға, мемлекеттік мекеменің демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ға, кейіннен оның сомасын теңгеде қалпына келтіре отырып, шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегі операция жүзеге асырылады.
      Ескерту. 291-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
36-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібі
      292. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ереженiң 95-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк мекеменiң қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде ұсынған (жіберген) қайта айырбастауға арналған өтiнiмі негiзiнде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 292-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      293. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне қағаз тасығышта немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде сағат 10-00-ге дейiн ұсынады. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.
      Ескерту. 293-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 
      294. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Ұлттық Банктен үзінді алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
      295. Шетел валютасындағы төлем мақсатын анықтауға мүмкіндік бермейтін Ұлттық Банктен электрондық түрде түскен төлем құжаттарында деректемелерді толық немесе дұрыс көрсетпеген жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесінің шетел валютасындағы төлемдер сомасын "Шетел валютасындағы анықталғанға дейінгі сома" 0900НП ерекшелік кодына есепке алады.
      Шетел валютасында түсімдердің аумақтық тиесілігін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы шетел валютасындағы түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның 0900НП "Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар" ерекшелік кодына есепке алады.
      Ескерту. 295-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      296. Аумақтық қазынашылық бөлімше және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасында түскен сома аударылған, электрондық төлем құжаттарында деректемелердің толық немесе дұрыс көрсетілмеуі нәтижесінде төлемнің мақсатын анықтауға болмайтын 0900НП "Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар" ерекшелік кодына келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде салық  қызметі органын және/немесе мемлекеттік мекемені (шетел валютасындағы түсімдерді алушылардың төлем құжаттарында - мемлекеттік мекеме көрсетілген жағдайда) шетел валютасындағы түсімдер туралы хабардар етеді.
      Ескерту. 296-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      297. Салық органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің мақсаты және деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Салық қызметі органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 297-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
      298. Мемлекеттік мекеме төлем деректемелерін анықтау жөнінде жұмыс жүргізеді және хабар берілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәліметтерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берілген деректер негізінде шетел валютасындағы түсімдер сомасын аумақтық бөлімшесінің 0900НП "Шетел валютасында анықтағанға дейінгі сома" ерекшелігі кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді.
      299. Мемлекеттік мекеме деректемелерді ұсынудың уақтылығын және олардың растығын қамтамасыз етеді.
      300. Аумақтық бөлімшесі шетел валютасындағы түсімдер сомасын қайта айырбастауды мемлекеттік мекеменің қайта айырбастауға арналған өтінімі негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімді шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне береді.
      301. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі тексеруден кейін шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінім деректерін ҚБАЖ-ға енгізуді жүзеге асырады.
      302. Қағаз тасығышта шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмде қате болған немесе түзету болған, қандай да бiр талап етiлетiн деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлерi бойынша), қайта айырбастау күнiне бағам жеткiлiксiз не жоқ болған, қолдар және (немесе) мөр бедерi қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан, мемлекеттiк мекемеге қайтарылады.
      Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнің электрондық түрінде қате болған, қандай да қажеттi деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген, ЭЦҚ қате болған, шетел валютасындағы шотта қажетті сома (валютаның түрлері бойынша) жетпеген не жоқ болған кезде Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтінімнен бас тарту себептерін көрсете отырып, "Қазынашылық-клиент" АЖ-да орындаусыз қайтарылады.
      Ескерту. 302-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      303. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы корреспондентік шоттары бойынша үзінді және электрондық түрдегі төлем құжаттары алынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердің шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргізеді.
      304. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күнi шетел валютасындағы шоттары жөнiндегi үзiндi көшірмені мемлекеттiк мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қалыптастырады және мемлекеттiк мекемеге қағаз тасығышта бередi, сондай-ақ жауапты орындаушының белгiсi соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептен шығару күнiн көрсете отырып, қағаз тасығышта ұсынылған мемлекеттiк мекеменiң шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Қағаз тасығышта ұсынылған шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
      «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетiлетiн мемлекеттiк мекемелер 8-17 есебiн қалыптастыру мүмкiндiгi туралы хабарламаны алғаннан кейiн шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi көшiрменi дербес қалыптастырады.
      Ескерту. 304-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
6-1-бөлім. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету тәртібі
      Ескерту. Ереже 6-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
36-1-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсетудің жалпы ережелері
      304-1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде ашылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдердің толық және уақтылы есептелуімен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында төлемдер мен ақша аударымдарын уақтылы жүзеге асырылуымен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға пайдаланумен қамтамасыз етіледі.
      Ескерту. 304-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      304-2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қызмет көрсету кассалық негізде жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына түсімдерді есептеу және оларды есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есепке алынады.
36-2-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары
      304-3. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын ұлғайту жағдайларын қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны есептеумен және оларды инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ең аз мөлшерінде қалыптастыру кезінде пайдалануға байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
      Ескерту. 304-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      304-4. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде еншілес, бағынысты және аффилиирленген ұйымдардың жарияланған акцияларын (бағалы қағаздарын) төлеуге арналған жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға көзделген ақшаны аудару, сондай-ақ осы ақшаның шегіндегі инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға арналған төлемдер мен аударымдарды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде ашылған шоттар арқылы квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асырады.
      Ескерту. 304-4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      304-5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарынан түсімдер және өткізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарына сәйкес есепке алынады.
36-3-тарау. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтарын беру, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуы, жүргізуі және жабуы
      304-6. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарын қалыптастыру немесе ұлғайту жағдайларын қоспағанда, олардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және инвестициялық, не мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты жобаларды іске асыруға пайдалану үшін шығыстарды жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтудың ең аз мөлшерін қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚБАЖ-ға жеті мәнді код береді.
      Ескерту. 304-6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
      304-7. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Ережеде көзделген құжат жиынын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса, осы Ережеге 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінім береді.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беру және шоттар ашуға арналған өтінімді алған күннен бастап, келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша код беруге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашуға өтінімді жібереді.
      Квазимемлекеттік сектор субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне код беруге және шоттарын ашуға өтінімде көрсетілген деректемелердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
      304-8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган кодтарды аумақтық қазынашылық бөлімшелерінен осы Ереженің 32-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар беруге өтінімдерді алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді, ал квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын ашу квазимемлекеттік сектор субъектісіне код берілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей жүзеге асырылады.
      304-9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган квазимемлекеттік сектор субъектілеріне кодтар берілген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей берілген кодтар туралы аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне электронды түрдегі хатпен хабарлайды.
      Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан кодтар беру туралы хатты алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттары туралы жазбаша хабарлайды.
      304-10. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне берілген кодтардың тіркелуі ҚБАЖ қалыптастырылған тиісті анықтамалықта көрсетіледі.
      304-11. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ашылған шоттарын тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшесінің ішкі есебінде, осы Ереженің 38-қосымшаға сәйкес 5-19 «Тиісті бюджеттердің, ақылы қызметтердің, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шоттарының, квазимемлекеттік сектор субъектілері шоттарының тізбесі» нысаны бойынша көрсетіледі.
      304-12. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері салық қызметінің тиісті органдарына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кодтары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттары ашылғандығы туралы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлайды.
      304-13. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауы өзгерген жағдайда квазимемлекеттік сектор субъектісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 37-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің атауын өзгертуге өтінім береді.
      Ескерту. 304-13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 қаулысымен (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).
      304-14. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ашылған шоттары бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің құжат жиынын қалыптастыру осы Ереженің 10-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      304-15. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жүргізу Ереженің 11-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      304-16. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарын жабу Ереженің 12-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет