24-тарау. Төлеуге берілетін шотты ресімдеу тәртібі
199. Қағаз тасығыштағы және "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша түскен төлеуге берiлетiн шот былайша ресімделеді:
1) "№ төлеуге берiлетiн шот" ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң жетi мәндi кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрiнен тұратын төлеуге берiлетiн шоттың нөмiрi көрсетiледi;
2) "Күнi" ашық жолағында төлеуге берiлетiн шот үзiндiсiнiң күнi көрсетiледi;
3) «Мемлекеттiк мекеме» бөлiмiнде:
«ММ-нiң коды» ашық жолағында Мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi;
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;
«БСН» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттiк мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның банктік сәйкестендiру коды көрсетiледi;
4) «ЖСК» ашық жолағында мыналар бойынша:
мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне) түсетiн түсiмдерді есепке алу;
мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алу және олардың есебiнен есеп айырысулар жүргiзу;
мемлекеттiк мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;
мемлекеттiк мекемеге қайтарымды не белгiлi бiр жағдайлар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргiзуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызу мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған шығыстарды жүргізу жөніндегі операцияларды есептеу үшiн қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды көрсетiледi;
5) «Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражаты есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi:
1 – үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен;
2 – үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен;
3 – мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен;
4 – демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақша есебiнен;
5 – жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаның есебiнен;
8 – ерекше шығыстардың есебiнен;
R – жергілікті өзін-өзі басқарудың ақшасы есебінен;
6) "Бюджет түрi" ашық жолағында қаражатының есебiнен мемлекеттiк мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн белгі көрсетiледi:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi;
7) "Шығыстардың БСК" ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады; онда кезектiлiкпен үш мәндi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң, бюджеттiк бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнің кодтарын бiлдiретiн он екi мәндi код көрсетiледi;
8) "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды" мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк мекемелер өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды көрсетiледi;
9) «Ақшаны алушы» бөлiмiнде:
«Атауы» ашық жолағында – заңды тұлға үшін мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы және жеке тұлға үшін (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты және (болған жағдайда) фирмалық атауы толық көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң, мемлекеттiк мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң ұйымдық-құқықтық нысанының және ақша алушының атауын қысқартуға жол берiледi;
10) «ЖСН/БСН» ашық жолағында ақша алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі;
11) "Банк" ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететiн банктiң атауы көрсетiледi;
12) "БСК" ашық жолағында ақшаны алушы банктiң банктiк сәйкестендiру коды көрсетiледi;
13) "ЖСК" ашық жолағында банктен ақша алушының банктiк ағымдағы шотының нөмiрi көрсетiледi;
14) "Түсiмдер БСК" ашық жолағында – салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша төлем есепке алынатын түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының коды (бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады) немесе шетел валютасына айырбастауға арналған төлемдерді жүргізу кезіндегі ерекшелік коды көрсетіледі;
15) "Төлем мәртебесi" ашық жолағында "ағымдағы" не "түпкiлiктi" деп көрсетiледi;
16) "Төлемнiң мақсаты" ашық жолағында: төлемнiң мақсаты, құжаттың, тауарларды беру туралы құжаттың атауы (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура), нөмiрi мен күнi немесе орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) және қосымша:
тiркелген шарттар (қосымша келiсiмдер) жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;
жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөнiндегi төлеуге берiлетiн шоттар бойынша – шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерiн төлеу кезiнде – жасалған шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнiң мөлшерi;
төлем жүзеге асырылатын кезең (бiр жолғы сипаттағы және кезеңiнің көрсетiлуiн талап етпейтiн төлемдердi жүргiзу кезiнде көрсетiлмейдi);
осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттiк мекеменiң заңды тұлға болып табылатын құрылымдық бөлiмшелерiнiң атауы мен БСН-i;
17) "Сомасы" ашық жолағында төлеуге берiлетiн шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетiледi;
18) "Жазбаша сомасы" ашық жолағында - төлеуге берiлетiн шоттың теңгедегi сомасы жазбаша бас әрiппен көрсетiледi, тиын сомасы - санмен көрсетiледi;
19) "М.О." ашық жолағында мемлекеттiк мекеменiң елтаңбалы мөрiнiң бедерi қойылады, елтаңбалы мөрдi қойған кезде ("Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi" ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түстi мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескiн дәл және анық болуы тиiс;
Мөр уақытша болмаған жағдайда құжаттар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне «М.О.» ашық жолағында «уақытша мөрсіз» деген белгімен мөрдің бедерісіз беріледі;
20) "Басшының тегi, аты-жөнi, қолы" ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының және (немесе) әкесінің атының басқы әрiптерi) көрсетiледi;
21) "Бас бухгалтердiң тегi, аты-жөнi, қолы" ашық жолағында - құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екiншi қол қою құқығы бар мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының жеке қолы және қолының таратып жазылуы (атының бас әрпі және тегі) көрсетiледi.
"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша төлем шотына орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бiрiншi қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеме басшысының, мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ қолы қойылады, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес екінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының не бас бухгалтерінің ЭЦҚ, ал ондайлар болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес мемлекеттiк мекеме басшысының қолы қойылады.
Қол қою кезінде өшпейтін төзімді сиялар пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастер және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
"Код", "КБе", "ТМК" ашық жолақтарын толтыру Қазақстан Республикасының Банктiк заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 199-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352; 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2013 № 650; 16.10.2013 N 1101; 22.04.2014 N 385 қаулыларымен.
199-1. Электрондық төлеуге берілетін шоттарды жасау кезінде тиісті электрондық ашық жолақтарда төлем түрін көрсету қажет:
1 - қарапайым төлем;
2 - қосымшасы бар жиынтық 10% зейнетақы төлемі;
3 - еңбекақыны және дивидендтерді аудару;
4 - қосымшасы бар әлеуметтік аударымдар.
Шығыс есептілік нысандарында қамтылған мәліметтерді бұрмалауға жол бермеу мақсатында мемлекеттік мекеме жасаған, бірақ мемлекеттік мекеменің басшысы қол қоймаған төлеуге берілетін шоттарды айдың соңғы күнінің сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, ал ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бұл күн ерте болуы мүмкін, қазынашылық Жүйеден алып тастайды.
Ескерту. Ереже 199-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
200. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғаларға стипендиялар мен төлемақы бойынша төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарда олардың сомасын ағымдағы шоттарға немесе ақша алушылардың жинақ ақша шоттарына есептеу жолымен "Ақшаны алушы" бөлімінде ақша алушы ағымдағы шот немесе ақша алушының жинақ ақша шотын ашқан банктің деректемелері көрсетіледі.
"Ақшаны алушы" бөлімінде мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақыны, басқа да ақшалай төлемақыны, жеке тұлғаларға стипендияларды және төлемақыны төлеуге арналған чектер бойынша банкте берілген сомасын қалпына келтіруге арналған төлеуге берілетін шоттағы мемлекеттік мекеме, аумақтық қазынашылық бөлімшесі шарт жасасқан банктің деректемелері көрсетіледі.
201. Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізген кезде төлеуге берілетін шотта "Төлемнің мақсаты" ашық жолағында: "_____N_____шарт сомасының ______% мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлем, N____, хабарламаның күні және N____" мәтін қосымша көрсетіледі.
202. Төлеуге берiлетiн шотта "ағымдағы" не "түпкiлiктi" төлемiнiң мәртебесi көрсетiледi.
"Ағымдағы" мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шот - тiркелген шарттың талаптарына сәйкес тауарларды беруге (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) аралық төлемдi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме ұсынатын ("Қазынашылық-клиент" АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берiлетiн шот.
"Түпкiлiктi" мәртебесi бар төлеуге берiлетiн шот - растайтын құжаттар қоса берiле отырып (тіркеліп), тiркелген шарттың талаптарына сәйкес берiлген тауарларға (орындалған жұмыстарға, көрсетiлген қызметтерге) түпкiлiктi төлемдi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк мекеме ұсынатын ("Қазынашылық-клиент" АЖ қалыптастырылатын) төлеуге берiлетiн шот.
Шарт жасау талап етiлмейтiн және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеу талап етiлмейтiн шығыстар бойынша экономикалық сыныптама шығыстарының түрлерi бойынша төлеуге берiлетiн шотта "түпкiлiктi" мәртебесi көрсетiледi.
Төлеуге берiлетiн шотта төлемнiң "ағымдағы" мәртебесi көрсетiлетін жалақы бойынша аванстық төлемдердi жүргiзу айырықша жағдай болып табылады, ал орындалған кезең үшiн жалақы бойынша төлемдердi жүргiзген кезде – "түпкiлiктi" мәртебесi көрсетiледi.
Үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша төлемдер бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен жүргізілген кезде қаржы жылының ішінде төлеуге берілетін шотта "ағымдағы" мәртебесі, ал ағымдағы қаржы жылының түпкілікті сомасына төлеуге берілетін шотты өткізу кезінде "түпкілікті" мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттiк мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, ақшаны уақытша орналастырудың, жергілікті өзін-өзі басқарудың және мақсатты қаржыландырудың ҚБШ төлемдер мен ақша аударымын жүргiзген кезде төлеуге берiлетiн шоттарда «түпкiлiктi» мәртебесi көрсетiледi.
Ескерту. 202-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 392 (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2013 № 650 қаулыларымен.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемақыларды, жеке тұлғаларға стипендияларды және басқа да төлемақыларды төлеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру, міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару тәртібі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
203. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне барлық төлем қолма-қол ақшалай емес нысанда жүзеге асырылады, бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу олардың сомасын ақша алушының таңдауы бойынша банкте ашылған ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шотына есептеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақыларды төлеу:
төлем карточкаларының қолданылу мерзімі бітуіне не төлем карточкаларын жоғалтқан кезде жұмысқа қайта қабылданған қызметкерлерге төлем карточкасын дайындаған;
мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша банктің және олардың пункттарының немесе төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша құрылғылардың жоқ болған;
сайлау комиссиялары мүшелерінің, консультанттардың, сарапшылардың, сараптамалық лингвистикалық комиссия мүшелерінің және Қазақстан Республикасының сайлау мен республикалық референдум туралы заңнамасына сәйкес сайлауды және референдумды өткізуге қатысатын басқа тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау жөніндегі заңнамасында көзделген жалақыны өтеу үшін олардың негізгі жұмыс орны бойынша мәслихат кандидаттарының, депутаттарының ағымдағы шоты немесе жинақ ақша шоты болмаған жағдайларда мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 203-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.22 № 165 Қаулысымен.
204. Ақша алушы банкпен осы Ереженің 77-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның жинақ ақша шоты шартын немесе 78-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің қызметкеріне банк карточкасын беру және оған қызмет көрсету туралы шартты (бұдан әрі - салым шарты) дербес жасасады.
205. Ақша алушы мемлекеттік мекемеге банкте ашылған салымдар бойынша қарт-шоттың немесе жинақ ақша шотының нөмірін, салым шартының нөмірі мен күнін және банк деректемелерін көрсете отырып, ақша төлемінің тиесілі сомасын аударуға өтініш береді.
206. Мемлекеттік мекеме ақша алушылар салым шартын жасасқан әрбір банкпен осы Ереженің 79-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктік қызмет көрсету шартын жасасады және оларға қойылған қолдар мен мөр бедері үлгілері бар құжатты ұсынады.
Қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатты мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ұсынады.
207. Мемлекеттік мекемелер жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта, аумақтық қазынашылық бөлімшесімен Келісім жасасқан жағдайда «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде ай сайын 28-і күніне дейін, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырмасыншы желтоқсанға дейін аумақтық қазынашылық органдарына береді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жалақыны төлеуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсынуды мемлекеттік мекеме орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен белгіленетін оларды төлеу мерзіміне және кезеңділігіне сәйкес жүзеге асырады. Жалақыны төлеу мерзімі мен кезеңділігін аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесін әзірлеу кезінде ескеруі тиіс.
Ескерту. 207-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
208. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдерді олардың ағымдағы шоттарына немесе салымдар, мiндеттi зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша банкте ашылған жинақ ақша шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзу үшiн төлеуге қағаз тасығышта берiлетiн шоттармен бiрге мемлекеттiк мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ҚБЕО белгiлеген хабарламалар пiшiмінде ақшаны алушылардың тізімін ұсынады. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондыққ түрге төлем шоттарын беру кезінде ҚБЕО белгiлеген хабарламалардың электрондыққ пішімінде ақша алушылардың тізімі қоса тіркеледі және мемлекеттік мекеме бухгалтерінің және/немесе басшысының ЭЦҚ қойылады.
Мемлекеттік мекеме осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес 5-15 А «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемдер, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушының тиісті шотына жүргізілген төлемдер бойынша ақша алушылардың тізімін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 208-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
209. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдердi, жеке тұлғаларға стипендиялар мен басқа да төлемдердi ағымдағы шоттарға немесе мiндеттi зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды ақша алушылардың жинақ шоттарына аудару жөнiндегi төлемдердi жүргiзгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесінiң жауапты орындаушысы осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес 5-15а «Ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрме (мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы және басқа да ақшалай төлемақы, стипендиялар, жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына немесе ақша алушылардың жинақ шоттарына төлемдер және әлеуметтiк аударымдар бойынша)» нысаны бойынша ақша алушылардың тиiстi шоттарына жүргiзiлген төлемдер бойынша үзiндi көшiрмені (бұдан әрi – үзiндi көшiрме) қалыптастырады. Үзiндi көшiрме операциялық күн жабылғаннан кейiн қалыптастырылады. Үзiндi көшiрменiң әрбiр бетi төлем жүргiзу күнiн көрсете отырып, жауапты орындаушының қойылған қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және осы Ереженің 196-тармағында көзделген құжаттармен бiрге мемлекеттiк мекемеге берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ жұмысы үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен Келісім жасасқан мемлекеттік мекемелер «ақша алушылардың тиісті шоттарына арналған жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелер (бұдан әрі – үзінді көшірме) (мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы мен басқа да ақшалай төлемдер, жеке тұлғалардың карта-шотына немесе ақша алушылардың жинақтаушы шотына стипендиялар, төлемдер және әлеуметтік аударымдар)» 5-15А нысаны бойынша ақша алушылардың тиісті шотына арналған жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмелерді осы Ережеге 80-қосымшаға сәйкес қалыптастырады.
Ескерту. 209-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.06.2013 № 650 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
210. Үзінді көшірмелер мемлекеттік мекеме олардың негізінде ақша алушылардың тізімін және тиісінше ақша алушылардың ағымдағы шоттарға немесе жинақ ақша шоттарына, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры аударылған соманы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай төлемақылар, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың деректерімен жолма-жол салыстырып тексеруді жүзеге асыратын құжаттар болып табылады. Үзінді көшірмелерді мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа ақшалай төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар, жеке тұлғаларға стипендиялар, төлемдер бойынша бастапқы құжаттармен бірге тігеді және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде сақталады.
Ескерту. 210-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
210-1. Жалақы бойынша төлемдерді қайтару сомасы осы Ереженің 80-1-қосымшасына сәйкес 5-56 "Жалақы бойынша төлемдерді қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі, зейнетақы төлемдерін қайтару сомасы осы Ереженің 80-2-қосымшасына сәйкес 5-57 "Зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі есеп" нысанындағы есепте көрсетіледі.
"Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер көрсетілген есептерді дербес жасайды.
Ескерту. 210-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1654 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
26-тарау. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды ұсынудың және орындаудың тәртібі
211. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдердi жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, төлеуге берілетін шоттарды және:
тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде – шот-фактураның, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде – акт жасалмайтын қызметтерді қоспағанда, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі – растаушы құжаттар) көшірмесін, сондай-ақ шарт құнына ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайлардың, ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың және басқа да объектілердің күрделі жөнделуіне байланысты жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын даярлау құны енген шығыстар бойынша аванстық төлемнен кейiнгi төлемдi жүргiзу кезiнде қосымша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін;
шетел валютасында төлемдер жүргiзу кезінде шетел валютасын сатып алу үшiн төлеуге берiлетiн шоттарды ұсыну кезінде шетел валютасын айырбастауға өтiнiмді;
осы Ереженiң 81-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса қаржыландыру қаражатын немесе байланысқан гранттарды жұмсаған кезде үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысқан гранттар бойынша қоса қаржыландыру қаражатын алуға өтiнiмді ұсынады.
Төлем жүргізу кезінде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме осы тармақтың бірінші бөлігінде санамаланған, мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің цифрлық қолтаңбасы қойылған сканерленген құжаттарды қамтитын файлдарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін толтырады.
Шетел валютасында төлемдер жүргізген кезде «Қазынашылық - клиент» АЖ тіркелген шарт талаптарына сәйкес мемлекеттік мекеме Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетел валютасына айырбастауға арналған өтініммен төлеуге берілетін шоттың электрондық үлгісін қалыптастырады.
Ескерту. 211-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.08.31 N 990 Қаулысымен.
212. Тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша алдын ала (аванстық) төлеуді қоспағанда, жүргізген кезде растайтын құжаттың барғандығын тексеру үшін және төлеуге берілетін шотқа берілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) төлеу мақсатында мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қойған қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөр бедерімен куәландырылған растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі, аумақтық қазынашылық бөлімшелерімен Келісім жасалған жағдайда – «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондыққ түрде мемлекеттік мекеменің басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған құжатты растайтын түпнұсқадан сканерлеген бейне қоса тіркеледі.
Ескерту. 212-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 16.10.2013 N 1101 қаулысымен.
213. Аванстық (алдын ала) төлемді жүргізу үшін мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шоттардың тізілімін (аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта берген жағдайда) және төлеуге берілетін шоттарды береді.
Шарт сомасының 100% мөлшерінде аванстық (алдын ала) төлемді жүргізу үшін төлеуге берілетін шот "түпкілікті" мәртебесімен хабарлама жасалмай беріледі.
Аванстық (алдын ала) төлем сомасын өтеу ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық-құқықтық мәміле шарттарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізу көлемдерімен және оларды жеткізу құжаттарымен қаржы жылының ішінде расталады.
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) келесі ақы төлеу тауарларды беруге (жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге) арналған шартта анықталған және ағымдағы қаржы жылының соңына дейін алдын ала ақы төлеу сомасын алынған жеткізулер (жұмыстар, қызметтер) көлемімен растауды қамтамасыз ету үшін келесі ақы төлеудің мөлшерін белгілейтін тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 213-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
214. Егер шарт бойынша алушының жауапкершілік тәуекелі сақтандырылса (шартты бұзғаны үшін алушы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасқан) онда мемлекеттік мекеменің ақша алушының дәрменсіздігіне байланысты онымен шарт бұзу қажеттілігі болған кезде аванстық (алдын ала) төлем сомасының қалдығын немесе барлық сомасын қайтаруды сақтандырушы заңды тұлға жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |