81-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алу және оларды пайдалану, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару тәртібі
Ескерту. 81-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
769. Мемлекет кепілгерлігін алудың және пайдаланудың осы тарауы (бұдан әрі - тарау) мемлекеттік емес қарыздар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру рәсімін (бұдан әрі - мемлекет кепілгерлігі) анықтайды.
770. Мемлекет кепілгерлігін беру процесі мынадай негізгі кезеңдерінен тұратын іс-шаралар кешенін қамтиды:
инвестициялық жобаларды іріктеу;
концессиялық жобалар тізбесін қалыптастыру, қарау және бекіту;
мемлекет кепілгерлігін беру.
771. Мемлекет кепілгерлігін беру процесінің негізгі қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкілетті органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару, қоршаған ортаны қорғау, Республикалық бюджет комиссиясы, Банк, Концессиясы мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым немесе қарыз беруші болып табылады.
772. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) және облигацияларды шығару проспектісінің жобасын конкурстық өтінімдер құрамында дайындауды;
2) осы Ережеге және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес концессиялық жобаларды қарау үшін талап етілетін құжаттама беруді қамтамасыз етеді;
3) жыл сайын қарыз берушіге және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға алдыңғы сақтандыру шартының мерзімі өткенге дейін кемінде бір ай қалғанда сақтандыру шартын береді;
4) концессия шартын жасасады;
5) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады.
Ескерту. 772-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
773. Салалық уәкілетті органдар:
1) ТЭН мен концессиялық ұсыныс дайындауды жүзеге асырады;
2) концессиялық жобалардың салалық сараптамасын жүргізеді;
3) салалық сараптама нәтижелері бойынша тиісті қорытынды береді;
4) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигациялар шығару проспектісінің жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімі сараптамасының оң қорытындысын алуға үміткер әлеуетті концессионер конкурсқа ұсынған концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамалардың басқа да қорытындыларын қамтитын құжаттаманы жібереді;
5) концессия шартын жасасады.
Ескерту. 773-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
774. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) концессиялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) кепілгерлік шартын жасайды;
3) мемлекет кепілгерліктерін ұсынады.
Ескерту. 774-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
775. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган жоспарланған қызметті іске асыруға, оларды іске асыру туралы шешім қабылдау алдындағы кезеңдегі жоспарланған қызметтің экологиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға байланысты ықтимал теріс салдарлардың алдын алу және өндіргіш күштерді орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруін сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында концессиялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
776. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган: бюджеттiк инвестициялар мен концессия мәселелерi бойынша құжаттамаға сараптама жүргiзу және бағалау мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады;
конкурстық құжаттаманы және концессия шартын келiседi;
жоспарланған кезеңге мемлекет лимитiн беру немесе кепiлгерлiгiнiң лимит көлемiнiң ұлғаюы бойынша ұсынысты, кезекті қаржы жылының лимитi шегiнде олар бойынша мемлекет кепілгерлігі лимитiнiң берiлуi немесе көлемiнiң ұлғаюы мүмкiн концессиялық жобалар тiзбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Ескерту. 776-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.26 № 352 Қаулысымен.
777. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі:
1) қарыз берушілер алдында облигацияларды шығару проспектісімен белгіленген міндеттемелерді эмитенттердің орындауын бақылайды;
2) шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау мониторингін жүзеге асырады;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шартты салымның арнайы шотында (қызмет көрсету шоты) эмитенттің қаражат жинау бойынша міндеттемелерін орындауы туралы ақпарат береді;
4) қарыз берушінің құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған шараларды қолданады;
5) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері туралы және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы қарыз берушіге ақпарат береді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен кепілдік беру шартын жасасады;
7) қарыз алушымен облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасады;
8) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шартты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.
778. Республикалық бюджет комиссиясы :
жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру немесе лимит көлемінің ұлғаюы лимитін;
концессиялық жобалардың тізбесін;
әрбір концессиялық жоба үшін жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін беру немесе лимит көлемінің ұлғаюы лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін анықтайды.
Ескерту. 778-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
779. Мемлекеттің кепілгерлігін беру процесінде басқа мемлекеттік органдар және заңнамаға сәйкес концессиялық жобаларды бағалауды (сараптауды) жүргізуге өкілеттік берілген өзге ұйымдар өз құзыреті бөлігінде қатысады.
779-1. Кепілгерлік бойынша міндеттемелерді мемлекет орындаған жағдайда республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты орындау сақтандыру шарты негізінде жүргізіледі.
Ескерту. 81-тарау 779-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
779-2. Мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Банк арасында жасасқан тапсырма шарты негізінде Банк жүзеге асырады.
Ескерту. 81-тарау 779-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
82-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілгерлігін беру рәсімі
780. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекетті емес қарыз есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалардың тізбесін бекіткеннен кейін салалық уәкілетті орган қарыз алушымен концессия шартын жасасады.
781. Салалық уәкілетті орган (концессионер таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы) мемлекет кепілгерлігін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісінің жобасын, салалық сараптаманың және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімінің экономикалық сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын алуға үміткер қарыз алушы конкурсқа ұсынған концессиялық жоба ТЭН-ін ұсынғаннан кейін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаның қаржылық сараптамасын жүргізуді ұйымдастырады және екі ай ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушыға жіберетін тиісті қорытындыны дайындайды.
Ескерту. 781-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
781-1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың ұйымдастырушысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессиялық жобасының қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы ақпаратты дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
Ескерту. Ереже 781-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
781-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясына шығарады. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге мемлекет кепілгерлігін ұсыну лимитінің шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурс ұйымдастырушысына Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзінді көшірмені алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.
Ескерту. Ереже 781-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
781-3. Қарыз алушы концессиялық жоба құрылысының құнын ұлғайту ТЭН-ін, инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісіне енгізілетін өзгерістер жобасын, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сараптамасының және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейін, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін ұлғайтуға қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тиісті қорытынды дайындайды.
Ескерту. Ереже 781-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
781-4. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту:
1) егер мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер немесе конкурс өткізу кезінде ескерілмеген толықтырулар енгізілсе және осындай өзгеріс немесе толықтыру сомасын қосымша қаржыландыру туралы концессия шарты тараптарының бірлескен шешімі қабылданса;
2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген концессия объектісінің құрылысы құнына концессионерге тәуелді емес объективті себептердің (форс-мажорлық жағдайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, концессиялық жобаны қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. Ереже 781-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
782. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның концессиялық жобаның қаржылық сараптамасы бойынша қорытындысы мыналарды:
мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекет кепілгерлігін алғаны туралы өтінім білдіргенге дейін үш жылдан кем емес кезең ішіндегі қарыз алушының қаржылық жай-күйін және заңды мәртебесін;
қарыз алушы берген мемлекет кепілгерлігі бойынша қамтамасыз етілуін;
қаржылық және техникалық тәуекелдерді;
мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексінің талаптарына қарыз алушының сәйкес келуін бағалауды қамтиды.
Ескерту. 782-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 688 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
782-1. Мемлекеттің берілген кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары мыналар:
1) мемлекет кепілгерліктерінің жоспарланған кезеңге арналған жалпы лимитінің болуы;
2) концессиялық жобаның экономикалық өзін-өзі өтеу параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық айырмашылықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, концессиялық жоба кірістілігінің ішкі нормасын сақтау) және концессия шартында көзделген қаржы ковенанттарын орындау (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері);
3) концессия объектісі құрылысының ұлғаю құны кемінде 20 (жиырма) пайыз құрайтын мөлшерге дейін концессия объектісінің құрылысына/реконструкциясына концессионер салатын жеке қаражат мөлшерін теңбе-тең ұлғайту;
4) сақтандыру шарты ұсынылмай мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.
Ескерту. Ереже 782-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
782-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган кезекті қаржы жылының лимиті шегінде концессиялық жоба бойынша мемлекет кепілгерлігін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Ескерту. Ереже 782-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
782-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бюджет комиссиясының шешімі хаттамасынан үзінді көшірмені және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін салалық уәкілетті органға (концедентке) жолдайды.
Ескерту. Ереже 782-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
783. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде, бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделген және берілген, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігін ұсынғаны үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлеген соң, мемлекет кепілгерлігі кепілгерлік шартын жасау арқылы беріледі.
Бұл ретте, сақтандыру шартын беру мерзімдері мен шарттары және қарыз қайтарымын қамтамасыз ету жөніндегі сақтандыру шартына қойылатын талаптар кепілгерлік шартында көзделеді.
Кепілгерлік шартының мерзімі концессия шартын қолдану мерзімінен аспауы тиіс.
Концессия шарты жасалған сәттен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде қарыз алушы сақтандыру шартын жасауы тиіс.
Ескерту. 783-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
783-1. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде салалық уәкілетті орган (концедент) тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және оны мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Ескерту. Ереже 783-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
783-2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның концессия шартына өзгерістер мен толықтырулар жобасына келісім алынғаннан кейін және егер концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның табиғи монополия салаларында іске асырылған жағдайда, концессия шартына қосымша келісім жасалады. Концессия шартына қосымша келісім заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады.
Ескерту. Ереже 783-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
783-3. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде, концессия шартына қосымша келісім жасалған, мемлекет кепілгерлігін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға алынған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделген және берілген, қарыз алушы мемлекет кепілгерлігінің ұлғайған бөлігі үшін біржолғы төлемді (алымды) алдын ала төлеген соң, кепілгерлік шартына қосымша келісім шарт жасау арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Ескерту. Ереже 783-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
784. Облигацияларды ұстаушыларының мүдделерін білдіру туралы шарт мыналарды қамтиды:
Қарыз алушыларға қойылатын талаптарды:
а) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін қажетті алдағы төлемдер мөлшерінде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргізу;
б) концессия объектісін құру үшін ғана пайдаланыла алатын инфрақұрылымдық облигацияларын орналастырудан арнайы несие шотына ақша сомасын жинауды жүргізу;
в) банктік шоттардың, оның ішінде ҚР ҰБ және екінші деңгейдегі банктердегі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен облигацияларды ұстаушының өкіліне бар-жоғы туралы мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен ұсыну;
г) облигацияларды ұстаушының өкіліне мемлекеттік емес қарыз толық өтелгенге дейін жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсыну;
д) қаржылық есептіліктің үлгілік нысанын (бухгалтерлік балансты, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте) және қаржылық жай-күйін анықтайтын басқа да қажетті құжаттарды облигацияларды ұстаушының өкіліне ай сайын ұсыну;
Облигацияларды ұстаушының өкілі қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жүргізуі және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті талдау қорытындылары туралы ақпараты ұсынуы қажет.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қарыз алушымен және облигацияларды ұстаушының өкілімен бірлесіп анықтайтын шартты салымның арнайы шотына (қызмет көрсету шоты) ақша аударудың нормасы мен кезеңділігін (кестесін) қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына (қызмет көрсету шоты) келісімге сәйкес тиісті соманы тұрақты аудару арқылы аударады.
Шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын жинау мен қалпына келтіру мерзімін бұзған жағдайда қарыз алушы жолсыздықтың әрбір жағдайы үшін алдағы төлемдер сомасынан мерзімі өткен әрбір күн үшін нөл бүтін оннан бір пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді.
Ескерту. 784-тармақта орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгерілмейді - ҚР Үкіметінің 2009.11.09 N 1789 Қаулысымен.
785. Мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған талаптарға сәйкес болуы тиіс.
786. Мемлекет кепілгерлігі әрбір концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.
786-1. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде концессия шартының жобасы мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісілгеннен кейін салалық уәкілетті орган (конкурсты ұйымдастырушы) қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және тиісті шешім қабылдау үшін оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Ескерту. Ереже 786-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
787. Кепілгерлік шарты нысанындағы мемлекет кепілгерлігі екі данада ресімделеді.
13. Концессиялық міндеттемелерді есепке алу және мониторингі
83-тарау. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркеу және
есепке алу тәртібі
Ескерту. 83-тарау жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1305 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
788. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеуді және есепке алуды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
789. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
2) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері тіркеуге және есепке алуға жатады.
790. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді есепке алуды жүргізу үшін тиісті тізілімге мәліметтерді енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу жүзеге асырылады.
791. Тізілім тіркеу журналы мен дерекқорда жүргізіледі. Нөмірленген және тігілген, тізілімді жүргізуге жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған тіркеу журналы мынадай ақпаратты:
1) тіркеу күнін;
2) тіркеу нөмірін;
3) концессия шартының атауы мен нөмірін;
4) концессия шарты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерін;
5) жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен қолын қамтиды.
Дерекқор ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін білдіреді.
792. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін тіркеу тиісті концессия шарттары негізінде мемлекеттік концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу жолымен жүзеге асырылады.
793. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу нысанасы мен мерзімі, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша жыл сайынғы төлемақыларды қоса алғанда, Үкіметтiң мемлекеттік концессиялық міндеттемелері, пайдалану шығындарының өтемақылары, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі мен қолжетімділік төлемі, мемлекеттік концессиялық міндеттемелер төлеуді жүзеге асыру шарттары), сондай-ақ қажет болған кезде – концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жекелеген көрсеткіштерін және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасы (олар болған кезде) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
794. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
795. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін, концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күн ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен Үкіметтің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
796. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу мен есепке алуды тиісті концессия шарттары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
797. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу мемлекеттік концессиялық міндеттемеге тіркеу нөмірін беру және оны мемлекеттік концессиялық міндеттемелер тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
798. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін есепке алу концессия шартының негізгі есепке алу сипаттамаларын (концессия шартының нөмірі мен күні, концессионер, концессия шартының орындалу нысанасы мен мерзімі, инвестициялық шығындарды өтеу бойынша жыл сайынғы төлемақыларды қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері, пайдалану шығындарының өтемақылары, концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемі мен қолжетімділік төлемі, концессиялық міндеттемелер төлеуді жүзеге асыру шарттары), сондай-ақ қажет болған кезде – концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің жекелеген көрсеткіштерін және оның жобалау-сметалық құжаттамасының немесе жұмыс жобасының (олар болған кезде) дерекқорға енгізу жолымен жүргізіледі.
799. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін тіркеу концессия шартына қол қойылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
800. Концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін концессия объектісін пайдалануға мемлекеттік қабылдау актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде, концессия объектісі пайдалануға қабылданғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде дерекқорға тиісті өзгерістер енгізу жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін нақтылау жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |