Церебральды сал ауруы бар балалар: негізгі қозғалыс және сөйлеу


Сонымен, тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің



бет2/3
Дата23.05.2024
өлшемі92.56 Kb.
#501769
1   2   3
Инклюзив сессия Бота

Сонымен, тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің
амал-тәсілдік құралдар жиынтығы.
Бұл өте күрделі өнер. Ол өзінен өзі келе қоймайды. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский
«Педагогиканың пайдасы туралы» мақаласында теориясыз педагогикалық практика
медицинадағы тәуіпшілікпен бара-бар деп жазды. Сондай-ақ өзінің «Адамға тәрбие беру
әдістері» атты еңбегінің алғы сөзінде « ... тәрбие беру өнерінің жұрттың бәріне дерлік
таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып көрінетін ерекшелігі бар, бұл
адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған
сайын соғұрлым түсініктірек және оңайрырақ болып көрінеді. Жұрттың барлығы дерлік
тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды, кейбіреулер бұл үшін туа біткен
қабілеттілік және іскерлік, яғни дағды керек деп ойлайды, бірақ төзімділік туа біткен
қабілеттілік пен дағдыдан басқа, арнаулы білім деп қажет екеніне, біздің көптеген
педагогикалық шалыс қадамдарымыз барлығының да көзін осыған жеткізе аларлықтай
болғанымен, білуде біреулер ғана көз жеткізеді.»
А.С.Макаренко да педагогтік шеберлікті, тәрбие беру өнерін меңгеруге үлкен мән
береді: «Менің педагогикалық тәжірибем туралы» баяндамасында ол: «... педагогтік
шеберлік – тіптен бос іс емес... тәрбиеші шеберлігі ... дәрігердің өз шеберлігіне үйрету
қандай керек болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай-ақ, музыкантты үйрету қандай қажет
болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай үйретілуі тиіс», - дейді. Ол «тәрбие бере білу -
өнер» деген дұрыс түйін жасады.
Біз жоғарыда тәрбие жұмысының методикасы дегеніміз – белгілі мақсатқа жетудің
амал, тәсілдің, құралдың жиынтығы деген едік. Ал методиканың екі түрі бар:
1. Оқыту методикасы (әр пәннің)
2. Тәрбие методикасы – бұл педагогикада оқылған кейбір тақырыптардың
қатысы бар. Мысалы, тәрбие теориясы, тәрбиенің жалпы әдісі, сынып жетекшісі,
азаматтық тәрбиенің салалары. Әрине, біз осы тақырыптарға сүйенеміз. Бірақ, онда біз
теориясын айтсақ, енді тәрбиенің сан алуан практикасы туралы жұмыстардың түрлерін
айтамыз.
Ал, методикаға не жатады?
1. Педагогтік, кәсіптік дағдылар – нақты айтқанда, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
дағдылары.
2. Балалармен өте тиімді, әсерлі коммуникативтік дағдылар. (дағды- қасиеттер, басқаша
айтқанда, педагогикалық қарым-қатынас деген сөз) ұстаздың балалардың жүрегіне жол
таба алуы.
3. Педагогикалық техника – мұны А.С.Макаренко педагогикалық өнер дейді.
К.Д.Ушинский айтуы бойынша да «Тәрбиелеу ісі - өнер» дейді (Воспитание – это
искусство)
А.С.Макаренко «тәрбие - өнер, оған арнайы үйрету керек»,- дейді. Педагогикалық өнерге
не жатады?
а) Ұстаздың сөйлеу өнері
б) Әңгімелесе білу өнері
в) Бетпе-бет әсер ету өнері
г) Ұстаздың өзін-өзі тәрбиелеуді меңгере білу өнері
д) Қуана, ренжи білу өнерін меңгере білу
Осының бәрі педагогикалық техникаға жатады.
4. Мұғалім түрлі функция атқарады:
а) Оқушы
б) Тәрбиеші
Ал тәрбиешінің ең негізгі қасиеттері неде? Ол коллективті ұйымдастыру,
топтастыру. Егер осы қасиеттері болмаса, онда оны тәрбиеші деуге болмайды.
Тәрбие методикасының маңызы – болашақ педагогтарға тәрбие жұмысының моделін
түсіндіру.
Тәрбие жұмысының моделі – оқыту процесі сияқты тәрбие де екі нақты процесс:
а) Тәрбиеші
б) Оқушылар
Біздің қазіргі тәрбие жұмысында бір жағы басым. Мысалы, тәрбие жоспарын сынып
жетекшісі оқушыларсыз өзі жасайды. Сондай-ақ сынып сағатын өзі дайындауы керек. Ал
шындығында бұған оқушылар да қатысуы керек. Қазіргі жариялық, бүкпесіз көптің
көмегімен, пікірімен санасу деп отырған жоқ па.

3 1 11 Қашық перспективаны айтып беріңіз..


Ұжымды құраушы оқушылар ұжым жұмысын белсеніп орындауында, гуманистік қатынастың дамуында. Бір – біріне ілтипатты болуы, жолдастарының қуанышына, мұқтажына ортақтасуы, мінез құлық нормасын сақтауы осы кезеңнің басты қағидалары. Оқушылар ұжымды нығайту мен қалыптастыруда маңызды мәселе ол мақсат қою, перспективаны талдау. Осы тұрғыдан Макаренко 3 түрлі перспективаға бөледі.
1) Жақын перспектива – күнделікті өмірде жеке адамды әр түрлі іс-әрекетіне ынталандыру, қызықтыру. Жақын перспективаға жататын: жақын перспективті жарыс, экскурсия, жексенбілік, серуен, цирк, музей, көрмеге бару, үйірмедегі қызықты жұмыстар т. б.
2) Орта перспектива – ол пән бойынша олимпиадаға қатысу, сурет конкурстарына қатысу, әдебиет, эстетикалық және этикалық тақырыпта диспут өткізу т. б. Мұндай оқиға оқушылар үшін өте қуанышты болады.
3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір жұмысты ұзақ мерзімді орындауға талпыну мақсаты. Мысалы, келешек мамандық таңдауы, білім алу, мектеп бітіргеннен соң жоғарғы оқу орнына түсу т. б. Адамның отанға қызмет етуі.
Осы перспектива оқу – тәрбие процесін тиімді пайдалануы әрбір мұғалімнің міндеті. Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор.
Қашық перспектива - бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты. Қашық перспективаға келешек мамандықты таңдау, білім алу, мектеп бітіргеннен кейін халық шаруашылығында жұмыс істеуге тілек білдіру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Қоғам адамдары қашық песпектива арқылы мүмкіндігінше ұжымға, Отанға пайда келтіруі тиіс. Бұл перпектива жақын және орта перспективалармен мызғымас байланыста іске асырылады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалімнің міндеттері: біріншіден, перспективаны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білу; екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық дәрежесін еске алу.
Ұжым өмірінде дәстүрдің үлкен тәрбиелік маңызы зор. А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, дәстүр ұжымды бекітеді.
Дәстүр ұжымды нығайтады, оның өмірін толық, тұрақты, ықпалды және тартымды етеді. Ұжымның жалпы өмірінде дәстүрдің көптеген түрлерін байқауға болады, мысалы, мектеп мерекесі, сайыстар, олимпиадалар, соңғы қоңырау, артта қалған оқушыларға көмектесу, дәлдік дәстүрлері т.б. Барлық дәстүрлер үшін жалпы мәселе ұжым өмірін байыту, аға ұрпақтың мұрасын ұқыптылықпен күтуге үйрену, ұжым абыройы үшін күресу.
3 1 12 «Тәрбие» ұғымына анықтама беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет