Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
23
http://astanabilim.kz/infor/c
Тақырыптағы switch кілттік сөзінен кейінгі жүйелік
жақшаның ішінде
айнымалының аты жазылады (бүтін немесе сиволдық типтегі). Осы
айнымалылардың мәніне байланысты бірнеше нұсқаулардың арасынан таңдау
ұйымдастырылады.
Әрбір нұсқаға сәйкес case белгісі және одан кейін мүмкін болатын бір
айнымалының мәні тырнақша
ішіне жазылып, қос нүкте қойылады.
Break операторы тоқтау деген мағынаны береді,
яғни switch операторының
денесінен шығу қызметін атқарады. Егер барлық break операторларын өшіріп
тастайтын болсақ, онда мысалы «B» әріпін жазатын болсақ, экранға мынадай
нәтиже
шығады
Егер айнымалының мәні белгідегі қандай да бір мәнге сәкес келмесе, онда
үнсіз келісім бойынша default белгісінің мәні шығады (яғни
басқа белгідегі
жоқ әріп жазылса немесе ештеңе жазбаған болса).
Бір операторға екі белгі қоюға болады. Мысалы, үлкен немесе кіші әріпті
түсіне алатындай етіп жазуға болады, ол үшін switch операторының денесіне
былай жазу жеткілікті:
т.с.с.
4. Циклдер
Циклдер не үшін керек?
Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
24
http://astanabilim.kz/infor/c
Экранға «Salem» амандасу сөзін 10 рет қайталап шығару үшін не істеу керек?
Әрине мұндай жағдайда printf операторын 10
рет жазу керек, ал 200 рет
шығаратын болсақ ше? . Онда бағдарламадағы жолдар саны өсіп қиындық
тудырады. Сондықтан
циклдарды қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: