Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019



Pdf көрінісі
бет20/34
Дата28.06.2022
өлшемі2.75 Mb.
#459535
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
devcpp 1 Kaz66

Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
33 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
1-ші нүктеде пернетақтадан енгізілген х айнымалысының мәнін біз 
экранан көреміз –осылайша оның дұрыс енгізілуін қадағалаймыз. 
2-ші нүктеде циклдің әрбір қадамындағы айнымалыларының мәндерін 
экранға шығарамыз. Ол мәнді қолмен есептегенізбен салыстыруға мүмкіндік 
береді және цикл ішінде есептеулер дұрыс жүріп жатқандығын анықтайды.
3-ші нүктеде цикл аяқталғанан кейін х айнымалысының мәнін экранға 
шығарады.
Көріп отырғанымыздай трассировканы практикалық тұрғыдан әр уақытта 
қолдануға болады, ол үшін тексеру-бағдарламасы қажет емес. 
Кодтың бір бөлігін өшіру 
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны күрлендіре отырып түрлендіретін болсақ, 
ол жұмыс істемей қалуы мүмкін, осындай жағдайлар жиі кездесіп тұрады. 
Мұндай жағдайларда бағдарламадан жаңа жазылғңан кодтарды алып 
тастауымыз керек және оларды «аз мөлшерде» бағдарламаларға қосып 
отыруымыз керек , сосын осы қосқан операторлардың қайсысы жұмыстың бәрін 
құртатығын көреміз. Кей кездерде кодтарды бағдарламадан алып тастағың 
кемей тұрады. Бірақ түсініктеме ретінде өшіре тұруға болады. 
Бір жолды өшіре тұру үшін сол жолдың басына барып // символдарын 
жазсаңыз жеткілікті. Ал толық блокты өшіре тұрғыңыз келсе көп жолдық 
түсініктемелер белгісін қолданамыз, ол /* символынан басталып, */ символвнан 
аяқталады (осында және әрі қарай көп нүкте қандай да бір команданы береді). 


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
34 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
 Қадамдап орындау 
Бағдарлама стандартты қарапайым түрде тоқтамастан басынан бастап 
соңына дейін орындалып шығады. Тексерудің ең тиімді және жақсы жағы – 
бағдарламаны жол бойынша тексеру, мұндай жағдайда әрбір жолдағы
командыны орындап болғасын тоқтайды және жадтағы айнымалының мәнін 
тексеріп отырады. Мұндай мақсатты іске асыру үшін – тексергіш (откладочки) 
деген арнайы бағдарлама қолданылады.
Dev-C++ бағдарламасымен бірге GDB –тексергіші орнатылады. Тексермес 
бұрын алғашқыда тоқтау нүктесін құрып алу керек, яғни бағдарламаны 
тоқтататын жолды белгілеу керек. Ол үшін бағдарламаның қара фонындағы 
керекті жолдың басына апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. 
Тағыда екінші рет шертсек осы орындағы жолды тоқтатуда шығып кетеді. 
Сонымен қатар Ctrl+F5 комбинациясының көмегімен курсор тұрған жердегі 
жолдың тоқтату нүктесін құруға және алып тастауға болады. 
Егер бағдарламада кемдеген де бір тоқтату нүктесі бар болса, онда F8 
батырмасын басу арқылы оны тексеру күйіне түсіруге болады. Тоқтатушы 
(откладчик) бағдарламаны бірінші кездескен тоқтату нүктесінде тоқтату қажет. 
Бұдан кейін F7 батырмасын басып тұру арқылы, бағдарламаның қадамдық күйде 
орындалуын ұйымдастыруға болады.
Бірақ бұл күйде тексеруші шақырушы процедураларға кіруге рұхсат 
бермейді (қадамдап өтуде негізгі бағдарлама ғана жұмыс істейді). Процедураға 
немесе функцияға кіру Shift+F7 комбинациясы қолданылады.
Ctrl+F7 батырмаларының комбинациясының басу арқылы тексеруші келесі 
тоқтау нүктесіне дейін орындайды. Тексеруді тоқтату үшін Ctrl+Shift+F2 
батырмаларының комбинациясын басу қажет. 
 Айнымалылардың мәнін тексеру 
Бағдарламаларды 
қадамдық тексеру – ол тек
бағдарламада қандай опера-
торлар, қанша рет және қалай 
тізбектеліп 
орындалатын-
дығын қадағалайды. Бірақта 
ол қателерді жиі тексеруге 
жеткіліксіз болып табылады.
Бағдарламалардың 
орындалуы кезінде айныма-
лыларыдың мәндерінің қате-
ліктерін тексеруді қарау ең 
жоғары дәрежедегі құрал 
болып табылады.
Егер тексеру кезінде 
бағдарла-маның мәтініндегі айнымалының үстіне тышқанның курсорын жақын-
дататын болсақ, онда оның мәні ағымды уақытта және лезде сол жақтағы терезде 
пайда болады. 


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
35 
http://astanabilim.kz/infor/c
  
 Бағдарламаны қолмен айналдыру 
Кейде кейбір тексерулер көмектеспесе, онда бағдарламаны қолмен 
тексеруге тура келеді, яғни компьютермен тексермей қағазға қолмен жазу 
арқылы шамалар мен айнымалыларға мән беру арқылы нәтижені тексеру. 
Барлық айнымалылардың өзеруін көп жағдайда кесте құрып, нәтиженің 
өзгерістерін жазады (белгісіз айнысалы көбінесе сұрақ белгісімен белгіленеді). 
Натурал санды беріп, ол сан жай сан ба, әлде жоқ па екендігін анықтайтын қате 
бағдарламаны қарастырып көрейік. Біздің көзіміз жетеді ол бағдарламаның қате 
нәтиже беретіндігіне, егер N=5 берген кезде, ол 5-ті жиындық сан деп жауап 
беретіндігін көреміз. Осы жағдай үшін айнымалының мәнін өзгерту кезіндегі 
кестесін көрейік. 
Қолмен тексеру арқылы біз бұл бағдарлама N санының өзіне-өзі 
бөлінетіндігін тексереміз, яғни count санағышының бөлінгіштері нольге тең 
анықтайды. Қателерді тапқанан кейін оны түзету оңай. Ол үшін циклдегі шартты 
i Соңғы мәндерді тексеру 
Берілген мәліметтердің мүмкін болатын аралықтағы нақты мәндеріне байла-
нысты бағдарламаның (функцияның) жұмысын тексеру өте маңызды. Мысалы: 
қарапайым натурал санның жай сан екендігін анықтайтын бағдарлама ол 2 саны
үшін жұмыс істейтіндігін тексеру (1-саны жай санға да, құрама санға да 
жатпайды). Сол сияқты сөйлемде (мәтіндік жолда) берілген сөзді іздеу кезінде, 
сол сөздің сөйлем басында, не сөйлем соңында кездесіп қалатындығын қадағалау 
керек.


Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019 
 
36 
http://astanabilim.kz/infor/c
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет