Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
43
http://astanabilim.kz/infor/c
Бағдарламаға мұқият назар аударайық. Процедура (шифрлау, жаңа команданың
сипаттамасы) негізгі бағдарламаның бөлімінен жоғары орналасқан. Процедура
негізгі бағдарламаның ішінде емес, оның қасында жеке блок ретінде рәсімделіп
жазылған
Бұл жол процедураны шақыру жолы болып табылады. Жақшаның ішінде барлық
параметрлердің нақты мәндері көрсетілген. Бұндай шақыру кезінде (100) мәні
бірінші параметр х-тің шамасы ретінде, ал екінші мән –екінші параметрдің мәні
т.с.с. Бұл жолдың орындалар алдындағы ең маңыздысы транслятордың Tr
процедурасын алдын ала білуі, себебі ол жоғарыда
сипатталып жазылған
болатын.
Қалған екі үшбұрышты салу үшін процедураға енген командалардың
барлығын қайта жазып керегі жоқ, басқа параметрлерді жазу арқылы
процедураны тағы екі рет шақыру жеткілікті.
Қандай жаңалықтар енгізілді?
Процедура да негізгі бағдарлама секілді рәсімделіп жазылады: тақырыпша
мен процедураның денесі жүйелік жақшаның ішіне жазылады.
Процедураның атының алдына void –сөзі жазылады. Яғни, void –сөзі
шамаларды есептеулерге
арналмаған екендігін көрсетеді, ол тек қандай да бір
іс-әрекеттерді орындауға арналған.
Жақшаның ішінде айнмалының аты жазылғанан соң үтір қойлады, одан кейін
процедураның параметрлері жазылады – процедураның жұмысы осы
Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
44
http://astanabilim.kz/infor/c
параметрлерге байланысты болады. Бұл параметрлерді процедураның
аргументтері деп те атайды.
Параметрлерге Си тілінде рұқсат етілген кезкелген аттар қоюға болады.
Процедураның тақырыпшасындағы жазылған параметрлер
формальді деп
аталады. Яғни, олар процедураның ішінде
ғана рұқсат етіледі және
шақырылған кезде ғана орындалады.
Процедуранның параметрлерінің аттарын мағынасына қарай таңдау - ол
кейін бағдарламаны оңай түсінуге мүмкіндік береді.
Процедураны шақыру кезінде оның атын және нақты параметрлерін көрсету
қажет, олар процедураның формальді параметрлері ретінде ұйымдастырушы
болады.
Нақты параметрлер – олар сандар немесе кезкелген арифметикалық өрнектер
(бұл жағдайда алғашқы болып олардың мәндері қаралады немесе
есептелінеді).
Процедураның бірінші формальді праметрінің орынына бірінші нақты
параметр қаралады, т.с.с тізбектеліп орындалады.
Процедура негізгі бағдарламаның алдында сипатталуы қажет: себебі
процедураны шақыру кезінде транслятор
ондай процедура сипатталған-
дығын, сонымен қатар қанша және қандай параметрлар бар екендігін білуі
қажет. Ол трансляция кезінде қандай қателер бар екендігін табады. Мысалы
мынадай қателер:
Tr (100);
Too few arguments (параметрлер жетспейді)
Tr (100, 100, 5, 5);
Too many arguments (параметрлер өте көп...).
Неізгі бағдарламаны бірнеше бөліктерге бөлу үшін көбінесе процедуралар
бір-ақ рет шақырылады. Әрбір процедура 50 жолдан аспаулары керек (2 эран
25 жолдан), әйтпесе бағдарламаны түсіну қиын болады.
Процедурадан ертерек шығу үшін return операторы қолданылады, одан кейін
процедураның жұмысы аяқталады.
Процедурада return операторының бірнешеуін қолдануға болады: ол
оператрлардың кезкелген біреуін қолданғаннан кейін процедураның жұмысы
аяқталады.
Cи тілінде бағдарламалау Берикжан Касымов, 2018-2019
45
http://astanabilim.kz/infor/c
Достарыңызбен бөлісу: