Жапырақтардың түсуін бақылау Бақылау Балалар назарын жапырақтардың қызыл, сары, алтын түсті, жасыл-сары болып жерге түсіп, жерді жылы көрпемен жауып жатқанына аударту. Жапырақтардың түсу себебін түсінуге, жапырақтардың бөліктерін атауға үйрету. Жапырақтар көп мөлшерде немесе аз мөлшерде түсетінін, бұл көрініс жел күшіне байланысты екенін атап айту. Табиғаттың бір құбылысының екінші бір құбылысымен өзара байланысын көруді үйрету; күзгі табиғат әсемдігін қабылдауға үйрету.
Көркем сөз Ой, алақай, тамаша, Ағайынды бәрі, Шашу шашты жапырақ. Шықса – жасыл, Бақтың іші алаша, Түссе – сары (жапырақ) Аунар ма еді жатып ап!
Ырым Егер жапырақтар ағаштан түгел түспей бұтақтарында қалып қойса, қыс суық болады. Жапырақтар кеш түссе, қыс қатты және ұзақ болады
Қимыл- қозғалыс ойыны «Асық, бірақ түсіріп алма» Балаларды қолындағы жапырақшаны түсірмей жүгіре алуға жаттықтыру. Физикалық сапасын дамыту: шапшаңдық, ептілік.
Еңбектену әрекеті Учаскедегі жапырақтарды жинау
Балаларды жұмысқа белсенді қатысуға үйрету, жапырақтарды тырнауышпен тырнап, тасығышпен бір жерге жинастыру. Еңбексүйгіштікке, өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету.