Цилиндрлік деңгейлеуіші бар нивелирлердің және рейкалардың құрылысы


Нивелирлердің тексерулері мен түзетулері және өсімшелерді анықтау



бет2/3
Дата12.01.2024
өлшемі439.85 Kb.
#488915
1   2   3
НИВЕЛИРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

6.2 Нивелирлердің тексерулері мен түзетулері және өсімшелерді анықтау

Тапсырманы орындау нәтижесінде студенттер тексерулер және олардың шарттарын орындау қажеттілігін білулері, нивелирлерді тексеру және түзету жұмыстарын орындай және өсімшелерді анықтай алулары керек.


Тапсырманың суреттемесі:


6.2.1 Тексерулерді орындау қажеттілігі.
Цилиндрлік деңгейлеуіштері бар нивелирлерді тексеру мен түзету нәтижесінде негізгі геометриялық шарт сақталу керек: көру дүрбісінің көздеу өсі цилиндрлік деңгей өсіне параллель болуы тиіс (20 а - сурет). Егер бұл шарт орындалса, онда цилиндрлік деңгей үлбіреуігінің шеткі кескіндерін нөл орнына келтіргеннен кейін көздеу өсі горизонталь жағдайға келеді.

6.2.2 Нивелирлерді тексеру мен түзету.


а) Дөңгелек деңгейді тексеру: дөңгелек деңгейдің өсі нивелирдің өсіне параллель болуы тиіс. Үш көтергіш бұрандаларын бұрап, дөңгелек деңгейдің үлбіреуігі нөл орнына келтіріледі (20 б - сурет). Нивелирдің жоғарғы бөлігін 1800-қа айландырады.
Егер осыдан кейін үлбіреуік нөл орнында қалса, онда шарт орындалды деп саналады. Кері жағдайда, дөңгелек деңгейдің түзету бұрандаларын бұрап, үлбіреуікті доғаның жартысына жылжытады. Бақылау үшін тексеру бірнеше рет жасалынады.
Әрбір кейінгі тексерудің алдында нивелирді дөңгелек деңгей бойынша алдын-ала орнату жүргізіледі. Үлбіреуік үш көтергіш бұрандалар арқылы нөл орнына келтіріледі (нивелирді жұмыстық жағдайға келтіру).





20 - сурет– Деңгейлі нивелирлердің негізгі шарттары


б) Жіптер торының орнықтыру параллельдігін тексеру: тордың вертикаль жібі нивелирдің өсіне параллель болуы тиіс. Бұл шарттың тексеру тәсілдерінің бірі келесіден тұрады. Желден паналы жерде жіңішке жіпке тіктеуішті іліп қояды. Тіктеуіштен 20-25 м аралық жерде нивелирді орнатады да, вертикаль жіпті тіктеуіштің жібімен беттестіреді. Егер жіп тіктеуіштің жібінен 0,5 мм-ден аспай жылжыса, онда шарттың орындалғаны.


Түзетуді жіптер торы бар пластинканы бұрып оның вертикаль өсі тіктеуіштің жібімен бірлескенше жүргізеді. Бұл үшін қақпақты шешеді де, пластинканың бұрандаларын сәл бұрайды, оның бұрылуынан кейін оларды жаңадан бекітеді.

в) Негізгі геометриялық шартты тексеру: цилиндрлік деңгейлеуіштің өсі көздеу өсіне параллель болу тиіс. Бұл тексеру екі рет нивелирлеу арқылы жүргізіледі. Бұл үшін 50 -70 м қашықтықта А мен В нүктелерінде ағаш қазықшаларды қағады (21 - сурет). А нүктесінің үстінде нивелирді орнатады да, дөңгелек деңгейлеуіш арқылы аспаптың өсін тіктеуіш жағдайға келтіреді. Нивелирдің биіктігін өлшейді де, В нүктесінің үстінде орналасқан рейканың қара жағынан есеп алады.


Нивелирдің биіктігі болат рулетка немесе рейкамен 2 мм-ге дейін дәлдікпен өлшелінеді.
Соңғы жағдайда аспапты орнықтыру нүктесінде ағаш қазықшаға рейканы қояды. Көру дүрбісінің объективінің орталығында саңылауы бар қалпақшаны кигізеді. Дүрбіні окуляр жағымен рейкаға бұрайды да, қалпақшаның саңылауы арқылы қарап, қарындаштың үшкірін дүрбінің көз аясына кіргізеді. Қарындашпен рейканың қара жағына таңбаны салады.
Нивелир мен рейканың орнын ауыстырып, В нүктесінде тұрған аспаптың биіктігін і2 өлшейді және А нүктесінде тұрған рейкадан b2 есебін алады.
Негізгі шарттың сақталмауынан пайда болған Х қателігін мына формуламен есептеп шығарады:


(10)
Егер бұл шама Х 4 мм болса, онда шарт орындалды. Кері болған жағдайда элевациялық бұрандамен тордың орта жібін рейкадағы 11 - формула бойынша есептелген дұрыс есепке көздейді:


b2=b2-X (11)
Содан деңгей қорабының орналасқан цилиндрлік деңгейлеуіштің вертикаль түзету бұрандаларымен деңгейлеуіш үлбіреуігінің шеттерінің кескінін торцтық бөлігінде қақпақтың астында дәл беттестіреді.
Бақылау үшін әрекеттерді шарт орындалғанша қайталайды.

Үлгі:
b1=1732 мм i1=1278 мм




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет