Жаңа тақырып бойынша нұсқау беру
Corel Draw бағдарламасындағы құрал–саймандар панелі деп бір жерде топтастырылған (негізгі және бірнеше қосымша панелдері) және құжаттағы объектіні қалыптыстыруға және өңдеуге өте қажетті амалдарды орындауға мүмкіндік беретін басқару батырмаларының жиынтығын айтады. Мұндай батырмалар қызметші құрал–саймандар деп аталады.
1–суретте Corel Draw бағдарламасындағы құрал–саймандар панелінің құрамына кіретін барлық қызметші құрал–саймандар бейнеленген. Мұнда негізгі блок панелі сол жағында, ал қосымшалары оң жағында тұрады.
Corel Draw X4
Corel Draw X3
1 –сурет
Негізгі құрал–саймандар панелі әлбетте экранда бейнеленеді, ал қосымша панелдері негізгі панелдерінің құрал–саймандарының орнын ауыстырған кезде ғана ашылады.
Егер кейбір панелдердің ұяшықтарында бірнеше құрал–саймандар орналасқан болса, онда оның оң жағындағы төменгі бұрышында кіштентай қара белгісі бар белгі тұрады. Егер көрсеткішті осындай белгіге орналастырып және тышқанның батырмасын шертсек немесе көрсеткішті ұяшықтың кез–келген жеріне орналастырып, тышқанның батырмасын басып тұрған күйде бірнеше уақыт ұстап тұрсақ, онда экранда берілген ұяшыққа байланысты, қосымша құрал–саймандар панелі бейнеленеді. Таңдалынған құралды негізгі панелге орналастыру үшін, онда оған көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның батырмасын басу керек. Нәтижесінде көрсетілген құрал негізгі құралдар блогының ұяшығында орын алады және оның батырмасы белсенді күйде болады, ал қосымша панелі жабылады.
Corel Draw бағдарламасының құрал-саймандар блогымен жұмыс жасау үшін келесі ерекшеліктерін қарастыру керек: егер қандай да бір осы панелдердің біреуі ашық болса және қара белгісі бар негізгі панель блогының ағымдағы ұяшықтан басқа ұяшыққа көрсеткіштің орынын ауыстыратын болсақ, онда осы ұяшыққа байланысты қосымша панелі ашылады, ал алдында ашылған панель жабылады.
Бағдарламада құрал–саймандар блогының орналасу ретімен Corel Draw X4 бағдарламасының қызметші құрал–сайманын қарастырайық (негізгі панель үшін жоғарыдан төмен және қосымша панель үшін солдан оңға қарай), құралдардың батырма бейнесін және жылдам іске қосу пернелеріне тоқталайық:
- (Указатель - Таңдау, меңзер) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бірінші ұяшығында тұрады. Жылдам пернесі жоқ. Бұл құрал келесі 3 амалды орындау үшін арналған:
Бір немесе бірнеше объектіні ерекшелеу үшін;
Таңдалынған объектіні құжат аймағына қатысты орнын ауыстыру;
Объектіні трансформациялау (масштабтау, бұрылыс және иілгіші).
Объекті тобын ерекшелеу үшін, әрбір объектіні «Shift» пернесін басып тұрып бір рет шертуді орындау керек немесе осы объектінің барлығы ерекшелеп тұратын төртбұрышты аймақты (тышқан батырмасын басқанда) құру керек. Объектінің орнын ауыстыру үшін тышқанның батырмасын басу арқылы орындалады, ал осы трансформация ерекшеленген маркер көмегімен орындалады.
- (Форма - Пішім) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының екінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ10». Бұл құрал екі функцияны орындайды. Бірінші функциясы, түйіндер көмегімен Безье векторлық контурларын және бақылау нүктелерін бақылауы болып табылады. Екінші функциясы мәтіндік блоктағы кез–келген мәтіндік символдарды бірдей уақытта форматтау үшін ерекшелейді.
- (размазывающая кисть - жағынды щетка) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының екінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Берілген құралдың көмегімен векторлық объектінің формасын өзгертуге болады. Құралдың қатысу аймағы эллипстік формада, ал оның параметрлерін өзіміз орнатуға болады.
- (Грубая кисть - дөрекі щетка) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының екінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Бұл құрал векторлық объектінің тілшелері осы контурда таңдалынған бөлімнен орын ауыстыру жолы арқылы өзгертуге мүмкіндік береді. Тілшелердің параметрлерін орнатуға болады.
- (Преобразование - Произвольная трансформация - еркін түрлендіру) жұмыс құралы құралдар–саймандар блогының екінші ұяшығында тұрады. Жылдам пернесі жоқ. Көрсетілген құрал интерактивті режимінде ерекшеленген объектіде трансформация амалын орындауға арналған: бұрылыс, айна айналымы (зеркальный разворот), масштабтау және иілу (наклон). Қайтадан өңделінген объектінің нәтижесіне қатысты құралдың жағдайы (тышқанның көрсеткіші) анықталынады, егер осы кезде батырмаға тышқанның басылып тұрғаны бектілілгенде, сонымен қатар батырманы басқаннан кейін ғана объекті манипуляцияланатынын трансформация типін қасиеттер панелінде көрсетеді.
- (обрезка-қиып алу) - құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Объектілерді қиып алуға арналған.
- (Нож - Пышақ) құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құралды векторлық объектіге қатысты үш функцияны орындау үшін қолданылады:
Тұйық контурлы объектіні қолданушы құратын кез–келген сызықтарымен бөлікке бөлуге болады;
Кез–келген контур арқылы объект формасын өзгертеді (тұйық немесе тұйық емес);
Кездейсоқ қисық сызықтарымен расторлы бейнені бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді.
- (Ластик - Өшіргіш) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам пернесі «Х». Құрал векторлық және расторлық объектіні ерекшеленген аймағын толығымен көрінбеуін қамтамасыз етеді. Егер берілген аймақты өңделініп отырған объектіден кейбір бөлімдері бір-бірінен бөлінген болса, онда бөлінген бөліктерді жеке объектіге айналдыру.
- (Удаление виртуального сегмента – белгіленген бөлікті өшіру ) құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Белгіленген объекті аймағын өшіреді.
- (Масштаб -масштаб) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының төртінші ұяшығында орналасқан (бір құрал бар). Жылдам перне тақтасы «Z». Бұл құрал жұмыс терезесіндегі құжаттың бейнесінің масштабын өзгертіп отыра алады. Тышқанның сол батырмасын шерткенде масштабты екі есе үлкейтеді, ал оң батырмасын (немесе «Shift» пернесін басып) шерткенде масштабты екі есе кішірейтеді. Құжаттың (тышқанның батырмасын басқанда) төртбұрыш аймағы ерекшеленгенде, егер берілген аймақ барлық оның максималды өлшемінде экранда толығымен бейнеленсе.
- (Рука - Қол) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында орналасқан (бір құрал бар). Жылдам іске қосу пернесі «Н». Құрал құжатты жұмыс терезесінде (тышқанның батырмасын басқанда) орнын ауыстыруға мүмкіндік береді. Жұмысты құжат терезесіндегі айналдырғыш жолағымен басқаруға болады.
- (Свободная форма – еркін форма ) - жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «F5». Еркін түрде сызықтар мен фигураларды салуға арналған.
- (Безье) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Бұл құрал пішімдегі берілген түйінге қатысты, бақылау нүктелерінде орналасқан түйіндерін тышқанның көмегімен жылжытып орын ауыстыру арқылы, объекті контурын түзу сызықтар арқылы салу үшін қолданылады.
- (художественное офформление –көркем безендіру) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «I». Бұл құрал еркін түрде көркемделген сызбалар жасауға пайдаланылады.
- (Перо - Қаламұш) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал түйіндермен және басқару нүктелерінің көмегімен объекті контурын өңдеуде қолданылады.
- (Ломаная линия - Сынған сызықтар) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал тік сызықты және қисық сызықты бөліктерден тұратын, комбинирленген сызықтарын салуға мүмкіндік береді. Тік сызықтар тышқанның шертпесімен өңделінеді, ал қисық сызықтар – тышқанның батырмасын басқан кезде көрсеткіш арқылы орындалады.
- (Кривая через 3 точки – 3 нүкте арқылы қисықтар салу) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Берілген құрал үш нүкте арқылы қисықтарды салу үшін арналған. Тышқанның батырмасын басқанда өңделеді және тышқанның батырмасының көрсеткішін басқанда және жібергенде кезде, осы қисықтың соңғы қисығының орны анықталады. Қисықтың үшінші нүктесін тышқан көрсеткішін қажетті орнын апарғаннан шерткеннен кейін ғана беріледі.
- (Соединительная линия - Интерактивті біріктіру) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Параметрлері интерактивті режимінде өңделінетін, сызықтардың қиықтарынан, параллель координат осьтерінен тұратын көрсетілген құрал-сайманының біріншісі сызықтарды біріктіруге мүмкіндік береді. Олар әртүрлі блок схема кестесін салу үшін қолданылады. Екінші құралдың біріншіден айырмашылығы таңдалынған екі объектілердің түйіндері, олардың әрқайсысы түзу сызықтардың қиықтары болып табылатын, біріктіргіш сызықтарды салу үшін қолданылады.
- (Размер - Өлшем) жұмыс құралы құрал – саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал автоматты түрде есептелінетін (берілген бірлік өлшемінің масштабымен) әртүрлі типті көлемі мен өлшемі сәйкес бейнеленетін сызықтарды салу үшін қолданылады.
- (интеллектуальная заливка – интеллектуальды құю) жұмыс құралы құралдар блогының алтыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Шекаралары бөлінген объектілерді бөлектеп түс беруге арналған.
- (интеллектуальное рисование – интеллектуальды сурет салу) жұмыс құралы құралдар блогының алтыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Shift+S». Еркін түрде сурет салуға арналған.
- (Прямоугольник - тіктөртбұрыш) жұмыс құралы құралдар блогының жетінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ6». Құралдың көмегімен (тышқанның батырмасын баса отырып) тіктөртбұрыш түріндегі геометриялық фигураны салуға болады, онда тіктөртбұрыштың бұрыштарын дөңгелетуге мүмкіндік береді. Егер салу процессі «Shift» пернесін басып тұрсақ, онда фигура оның ортасынан бастап құрылады. Ал, «Ctrl» пернесін басқанда дұрыс фигура құрылады (бұл жағдайда квадрат).
- (Прямоугльник через 3 точки - 3 нүкте арқылы тіктөртбұрыш) жұмыс құралы құрал –саймандар блогының жетінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Фигураның ағымдағы биіктігін және оның бір жағына иілуін тышқанның батырмасының басқанда көрсеткішті қозғалтып отырып беруге болады, ал фигураның өлшемін берілген батырманы жіберу арқылы көрсеткішін қозғалтқаннан кейін беріледі.
- (Эллипс) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының сегізінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ7». Құрал эллипс сектор және доға түріндегі фигураларды салуға арналған.
- (Эллипс через 3 точки) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының сегізінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Эллипс құралынан эллипс фигурасын (сектор немесе доғаларды) үш нүкте арқылы құрылуынан ерекшеленеді. Эллипстің соңғы осінің бірін және осы осінің иілуін тышқанды басқандағы көрсеткішті ауыстыру жолымен беріледі, фигуралық формасын батырмасын жібергендегі тышқан көрсеткішін орын ауыстырғаннан кейін батырманы шертсек жеткілікті.
- (Многоугольник - Көпбұрыш) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ү». Құрал дөңгелектелінген және көпбұрыштар түріндегі фигураны салуға мүмкіндік береді.
- (звезда - жұлдыз) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал жұлдыздар түріндегі фигураны салуға мүмкіндік береді.
- (сложная звезда – күрделі жұлдыз) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал күрделі қабаттасқан жұлдыздар түріндегі фигураны салуға мүмкіндік береді.
- (разлинованная бумага – кестеленген парақ) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «D».
- (Спираль - Орам) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «А». Құрал орам (симметриялық және логарифимдік) түріндегі фигуралар қолданылады.
- (Основные фигуры – негізгі фигуралар) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының оныншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал база формасының категориясына қатысты, автофигураларды салуға мүмкіндік береді. Форма қасиеттер панелінде таңдалынатын, әрбір автофигуралар геометриялық фигура түрінде берілген, ал геометриялық параметрлерін басқарушы және ерекшелінетін маркерлердің интерактивті режимі көмегімен өңделінеді.
- (фигуры стрелки – бағыттаушы фигуралар) жұмыс құралы құрал –саймандар блогының оныншы ұяшығында орналасқан. Жылдам перне тақтасы жоқ.
- (фигуры схемы – сұлбалық фигуралар) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының оныншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. автофигураларды блок схема элементінің түрінде салуынан ерекшелінеді.
- (фигуры баннера – баннерлік фигуралар) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының оныншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Әртүрлі баннерлік фигураларды салуға арналған.
- (Фигуры выносок - алып шығу нысаны) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының оныншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Әртүрлі алып шығушы фигураларды салады.
- (Текст - мәтін) жұмыс құралы құрал –саймандар блогының он бірінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ8». Құрал қарапайым немесе шығармашылық мәтіндік формада берілген, мәтіндік ақпаратты енгізуге және өңдеуге арналған.
- (Инструменты таблицы – кесте құралы) жұмыс құралы құрал –саймандар блогының он екінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал объектіге кесте ендіруге арналған.
- (Интерактивное перетекание - интерактивті ауысу) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Берілген құрал комбинирленген объектісін құратын, екі векторлық объектіге эффектісін құру үшін қолданылады. Эффект параметрін интерактивті басқарушы құралдар құрылымын және қасиеттер панелінің көмегімен беруге болады.
- (Контур - контур) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал векторлық объектінің контурларының эффектісін құруға арналған.
- (Интерактивное искажение - интерактивті ауытқу) жұмыс құралы құралдар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құралмен векторлық объектінің сығу эффектісін құруға болады.
- (Интеравтивная тен - Көлеңке) жұмыс құралы құрал –саймандар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал векторлық объектіде объектіні көлеңкелеу эффектісін құру үшін қолданылады.
- (Интерактивная оболочка - Интерактивті қабықша) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал векторлық объектіде қабықша эффектісін құруға болады.
- (Интерактивное вытягивание - Интерактивті сығу) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құралмен векторлық объектіде сығу эффектісін өңдеуге мүмкіндік болады.
- (Интерактивная прозрачность - интерактивті мөлдірлік) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он үшінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал объектінің мөлдірлік деңгейін келесі заңдардың біреуімен басқаруға мүмкіндік береді: біркелкілік және градиентті.
- (Пипетка - Тамшуыр) жұмыс құралы құралдар блогының он төртінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу батырмасы жоқ. Құжаттағы векторлық объектіні сыртыннан сызуға және құю мақсатында, құрал құжаттың жұмыс аймағындағы бағдарламаның күй жолағындағы кез-келген түстерін таңдауға мүмкіндік береді.
- (Ковш – жабу, бүркемелеу ) жұмыс құралы құралдар блогының он төртінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу батырмасы жоқ. Құрал түсін қарамен бүркемелейді.
- (Абрис - контур) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам батырмасы жоқ. Мұның көмегімен ерекшеленген векторлық объектінің сыртын сызу амалын орындауға болады, оның параметрін құралдар блогының қосымша панелінде орналасқан, басқару батырмаларының көмегімен беріледі және келесі түрде болады:
2–сурет
Бейнеде таңдалынған батырмасында және оның сұқбат сөзінде көрсетілген, сызықтардың қалыңдығын қалған сегіз батырмамен беруге болады .
- (Заливка - құю) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он алтыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу батырмасы жоқ. Құрал таңдалынған векторлық объектіде кез-келген типті (біркелкі, градиентті, шаблонды, текстуралы немесе PostScript өрнегімен) құюды орындайды. Құюдың типін таңдауға және оның параметрін бес сұқбат терезеде орнатуға болады: (біркелкі құю (равномерная заливка)), (градиентті құю (градиентная заливка)), (шаблонмен құю (заливка шаблоном)), (текстурамен құю (заливка текстурной)), (PostScript текстурасы (Текстура PostScript)) және докердің бір түсі (түс (Цвет)). Бұл терезеде құралдар блогының қосымша панелінің орналасқан, басқарушы батырмалар көмегімен ашылады, және ол келесі түрде болады:
3 –сурет
- ( Интерактивная заливка - интерактивті құю) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он жетінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу батырмасы . Құрал кез-келген типті векторлық объектіні құюды орындайды. Құюдың типін таңдау қасиеттер панелінде орындалады, ал оның параметрін құрал конструкциясының интерактивті басқаруымен және берілген панель көмегімен беріледі.
- (заливка сетки - тор бойынша құю) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының он жетінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу батырмасы <М>. Берілген құрал интерактивті режимде векторлық объектісінің ішкі аймағын градиентті құюы орындайды, ал объектінің үстіне салынған Безье типті тор өңделінген, сонымен қатар жұмыс түстер палитрасының көмегімен параметрі таңдалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |