Өскемен қаласы «№2 Мектеп-балабақша-гимназия комплексі» Мемлекеттік мекемесінің



жүктеу 43.03 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі43.03 Kb.
Өскемен қаласы

«№ 2 Мектеп-балабақша-гимназия комплексі»

Мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мұғалімі Омарова Жанат Мұхтарқызы.
Тақырыптық модуль: Жануарлар әлемінде.

№ 3 сабақ.. Тақырып: Хайуанаттар бағында.



Оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары:

1. Грамматикалық тақырып- «Есімдік», Лексикалық тақырып «Хайуанаттар». Тақырып бойынша тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру.

2. Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау.

3. Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.



Тәрбиелік:

1. Адамгершілік тәрбиесін беру (жануарларды аялау, оларға қамқор жасау сезімдерін ояту).

2. Сұлулық тәрбиесі (табиғаттағы сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу).

Дамытушылық:

1. Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалынан ең бастысын, мазмұнын ажыратуы, классификациялау).

2. Тіл дамыту (диалог, әңгіме құру дағдыларын дамыту).

3. Жалпы қабілеттілік, белсенділік, танымдық қызығушылықты дамыту.



Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес, саяхат сабағы. Бекіту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Теледидар, монитор мен экран, тірек-схема, үлестірмелі қағаздар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, сабаққа кірісу.Тірек-сызба арқылы (В.Э.Штейнбергтің технологиясы бойынша) меңгеріліп жатқан модульдық тақырыпты және сабақ тақырыбын анықтау.

-Біз өткен аптада қайда бардық? –Жамбыл атындағы хайуанаттар бағына бардық.

-Біз бүгін сабағымызда сол серуенімізді есімізге түсіріп, саяхат жасаймыз. Сабақ барысында біз тірек-схема толтырып, сөйлеуге үйренеміз. Саяхаттың мақсаты қандай болды? –Тақырып бойынша сөздерді жаттау, сөйлеп үйрену, тіл дамыту, жануарларды қызықтау. Біздің сабағымыздың мақсаттары да осы болады.



ІІ. Фонетикалық жаттығу.

-Алдымен біз қайда жиналдық?-Мектепте.-Неге жиналдық?- Саяхатқа дайындалдық.-Қалай дайындалдық? Жолдағы және саябақтағы тәртіп туралы әңгімелестік.- Онда қазір де саяхатқа дайындалып, тілімізді жаттықтырайық. Берілген жаңылтпаштарды тез, дұрыс айтуға жаттығу.

1. Қапыда ит қапты, 2. Біл, бұл – піл, 3. Көп ешкі көк шөпті жейді,

Қатты қапты, Бұл- бір ірі піл. Көк шөпті көп ешкі жейді.

Қапты қатты.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

-Біз хайуанаттар бағына немен бардық? – Трамваймен. Онда трамвайға отырып билет алайық. Мен сендердің жол ақыларыңды жинап алайын. Оқушылар үйлерінде бір аңның суретін салып, сол аң туралы қысқаша мәліметтер жазып әкеледі. –Сен қандай аң туралы жаздың? –Аю туралы жаздым т.б. сол тапсырманы жинап алу. Ал кім кондуктор болады? Кондуктор жануарды атайды, оны қазақ тіліне аударып билет аламыз.Сонымен үй тапсырмасын осылайша тексеріп алдық.


ІV. Лексиканы нығайту.

Хайуанаттар бағында біз бірінші қандай аңды тамашаладық? –Аюларды. Хайуанаттар бағында түсірілген бейнесюжетті көріп сұрақтарға жауап беру.

Біз неше аю көрдік? Олар қандай аңдар? Олар не істеп жүр? Аюдың төлі не? Саған аюлар ұнады ма? Схема толтырылады. Осы сызба арқылы кім әңгімелеп береді?

Логикалық мағыналы модель « Хайуанаттар бағында»


Қасқыр



Саяхатқа дайындық

Немен қайттық?

Грамматикалық тақырып бойынша деңгейлік тапсырма орындау. Есімдік.

ІІІ деңгей.

1. Есімдік деген не?

2. Сөйлемдерден есімдіктерді табыңдар және түрін анықтаңдар.

ІІ деңгей.

1.Есімдік туралы толық мәлімет беріңдер.

І деңгей.

1 Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын көрсетіңдер.

- Келесі қандай аңды көрдік?- Қасқырды. Бейнесюжет көру, сұрақтарға жауап беру, сызбаны толтыру, әңгіме құру.

Лексикалық тақырып бойынша деңгейлік тапсырма орындау.

ІІІ деңгей.

Суреттен үй құстарын бөліп атаңдар.

ІІ деңгей.

Сурет бойынша үй жануары туралы айтып беріңдер.

І деңгей.

Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылықтарын айтыңдар.

Келесі аң туралы жұмас жүргізіледі. Қабан туралы.



Диалог құру. «Телефон» ойыны. Екі оқушы телефонмен саяхат туралы, аңдар туралы әңгімелеседі.

Саяхат жалғасады. Келесі аң – түйелер.



Оқулықпен жазбаша жұмыс жүргізу. 81 бет 1- тапсырма. Сөйлемдер құрып, дәптерге жазу. Өздік жұмыс. Бір оқушы тақтада орындайды.
V. Сергіту сәті. «Күлкілі телефон» ойыны. Сабаққа сиқырлы кейіпкер кіріп сергіту минутын ұйымдастырады.
Келесі аң- бұғылар: марал, еліктер.

Топтық жұмыс. Сынып 3 топқа бөлініп, бір аң туралы тірек-схема құрады. Әр топ ішінде хатшы, спикер болады. Хатшы сызбаны толтырады, әр оқушы схема құруға қатысады. Спикер тақтаға шығып тақырып бойынша әңгімелейді.

VІ. Тыңдағанды жаңғарту жұмысы (аудирование).

Біз бақтағы түгел аңдарды көріп тамашаладық. Осы саяхат сендерге қандай әсер берді? Аңдар сендерде қандай сезімдерді оятты? Аңдарға саябақта жақсы ма, әлде өз қоршаған орталарында жақсы ма , қалай ойлайсыңдар?

Енді мәтінді тыңдайық, берілген тапсырманы орындайық.

Күйтаспа тыңдалып (аңдар туралы шағын ертегі), берілген тапсырмалар орындалады.


VІІ. Өлеңді жатқа айту. Мұғалім ағылшын тілінде өлең оқиды. Оқушылар қай аң туралы екенін тауып, өздері сол аң туралы жаттаған өлеңдерін қазақ тілінде оқиды.

VІІІ Қорытынды.Саяхатқа барарда қойған мақсаттарымызға жеттік пе?

ІХ. Үйге тапсырма: Пошташы (бір оқушы) хаттарды таратады. хат ішінде әр балаға берілген тапсырма бар.

ІІІ деңгей. Кестені толтыру.

ІІ деңгей. «Маған ұнаған аң» (шағын шығарма жазу).

І деңгей. «Хайуанаттар бағында» (шағын шығарма жазу).


Х. Бағалау. Эксперт (бір бала) оқушылардың жұмысына баға береді. Мұғалім өз ойын айтып, қорытынды баға қояды.


Қасқыр

Немен қайттық?




Модуль: «Жануарлар әлемінде» Нәтиже сабақ (6 сабақ)


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет