Cтудент: Едиге Асар Группа Итс 22-1 Аморфты денелер



бет2/2
Дата11.10.2023
өлшемі16.69 Kb.
#480385
1   2
Cтудент строй мат

Кеңістіктік тор. Кристалдағы бөлшектердің дұрыс орналасуынан кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы шығады.
Анизотропия қасиетәнәі тек монокристалдарға ғана тән болатынын тағы да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли-көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады. Бұл шағын кристалдардың бір-біріне қатысты хаосты орналасуынан қатты дене тұтастай алғанда изотропты, яғни жеке шағын кристалдардың анизотропиясы болса да, дененің барлық бағыттардағы қасиеттері бірдей. Аморфты денелер де изотропты, себебі олардың кеңістік торы жоқ. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық дененің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.
Кристалдық құрылымдардың түрлері.Кристалдардың әр түрлі типтерін және түйіндердің кристалдық торда орналасу мүмкіндіктерін кристаллография зерттейді.Физикада кристалдық құрылымдарды геометриялық тұрғыдан емес, кристалдағы бөлшектер арасындағы өзара әрекеттесу күштерінің сипаты, яғни бөлшектер арасындағы байланыстардың түрлері бойынша қарастырады.Кристалл торының түйіндерінде орналасқан бөлшектер арасында әрекет ететін күштердің сипаты бойынша кристалдық құрылымдарды төрт түрге бөледі: иондық, атомдық, молекулалық және металдық.
Иондық кристалдық құрылым тор түйіндерінде оң және теріс зарядталған иондардың болуымен сипатталады.Иондар арасындағы электрлік тартылыс және тебілу күштері оларды тордың түйіндерінде ұстап тұр.
Иондық торда зарядтары әр түрлі иондар бір-біріне аттас зарядталған иондарға қарағанда жақынырақ орналасуынан,әраттас зарядталған иондар арасындағы тартылыс күші аттас иондардың арасындағы тебілу күштерінен артық. Иондық кристалдардың біршама беріктігі осымен түсіндіріледі.
Иондық кристалдық торы бар заттар балқыған кезде тордың түйіндеріндегі иондар ерітіндіге өтеді де ток тасымалдаушыларына айналады.Сондықтан мұндай ерітінділер жақсы ток өткізгіштер болып табылады.
Тор түйіндерінде бейтарап атомдардың болуымен сипатталатын құрылым,  атомдық кристалдық құрылым деп аталады. Олар коваленттік байланысқан. Коваленттік байланыс деп іргелес орналасқан екі атомның өзара екі валенттік электрондар алмасуы кезінде туатын тартылыс күшінің салдарынан пайда болатын байланысты атайды. Әр атомнан бір-бірден алынған екі валенттік электрондар енді бір мезгілде екі атомға да тәуелді. Бұл электрондар атомдар арасында жүріп байланыстыру арқылы оларды молекулаға айналдырады.
Молекулалық кристалдық құрылым кеңістік торының түйіндерінде де заттың бейтарап молекулаларының орналасуымен ерекшеленеді. Түйіндерде оларды молекулааралық күштер ұстап тұрады. Молекулааралық өзара әрекеттесу әлсіз, сондықтан молекулалық торы бар қатты өаттар оңай қирайды және балқу температурасы төмен.Молекулалық кеңістіктік торы бар заттарға мұз, нафталин, қатты азот және органикалық қосылыстардың көпшілігі жатады.
Металдың кристалдық торының түйіндерінде оң зарядталған металл иондары бар. Барлық металдар атомдарының валенттік электрондары, яғни атом ядросынан ең алыс орналасқан электрондар атомдармен нашар байланысқан. Олар атомдарын тастап, кристалл торының бойында хаосты қозғалады, оларды жеке атомдар иемденбейді. Мұндай электрондар атомдар арасында емін-еркін қозғалып жүре алады.
Сонымен металдағы әрбір атом өзінің щеткері орналасқан электрондарынан айырылып, атомдар оң зарядталған иондарға айналады. Олардан жұлынған электрондар кристалдың өне бойында қыдырып жүріп, түйіндердегі иондарды орнықтырақ етіп,металға қаттылық қасиет береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет