Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова



бет21/81
Дата09.12.2023
өлшемі361.93 Kb.
#486056
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

3-сыныпты бітірген оқушы:

    • Ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал-мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;

    • шығарма авторларын, олардың көзқарасын;

    • авторы арқылы шығармаларын атауды;

    • көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;

    • көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;

    • өлең жолдары мен шумағын;

    • шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.

    • Мысалдағы аллегорияны;

    • көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;

    • мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;

    • мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.

    • Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

    • ата-аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;

    • жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4-5 өлең, 3-4 үзінді, 4-5 жұмбақ, 5-6 мақал-мәтелді жатқа білуді;

    • мәтінге жоспар құруды;

    • мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды;

  • 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тынысбелгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгереді.



4-сыныпты бітірген оқушы:

    • Халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;

    • жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми -танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;

    • көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;

    • өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;

    • мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;

    • мәтінге жоспар құруды;

    • шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.

    • Шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;

    • шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

    • ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

    • мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.

    • Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;

    • көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;

    • мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;

    • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді;

    • мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

    • 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет