Д. Х. Кушмурзина К. Б. Шинбулатова



бет28/124
Дата03.01.2022
өлшемі361.51 Kb.
#451481
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124
Кушмурзина Д.Х. Әдебиеттік оқу әдістемесі

4-сыныпты бітірген оқушы:

    • Халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;

    • жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми -танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;

    • көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;

    • өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;

    • мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;

    • мәтінге жоспар құруды;

    • шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.

    • Шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;

    • шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

    • ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

    • мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.

    • Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;

    • көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;

    • мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;

    • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді;

    • мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

    • 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды меңгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет