Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Гендік инженерия әдістері



Pdf көрінісі
бет38/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
3.1.3 Гендік инженерия әдістері. 
 
Гендік инженерия – in vitro жағдайда функционалды белсенді 
генетикалық құрылымдарды (рекомбинантты ДНҚ) құрастыру, немесе 
басқаша, - жасанды генетикалық ақпаратты жасау (Баев А.А.). Э.С. Пирузян 
бойынша генетикалық инженерия – лабораториялық жағдайда (пробиркада) 
жасанды жолмен рекомбинантты немесе гибридті ДНҚ молекулалары деп 
аталатын генетикалық құрылымдарды жасау. 
Генетикалық инженерия дегеніміз – жасуша сыртында нуклеин 
қышқылдарымен 
манипуляциялар 
жүргізе 
отырып, 
генетикалық 
материалдың комбинациясын құрастыру. Нәтижесінде, осы молекуланың
тірі ағзадағы ДНҚ молекуласына енуі мен белсенділігі байқалып, оның 
ұрпақтарына тарауы жүреді. Бұл жерде әңгіме молекулалық генетика 
әдістерін қолдана отырып, бағытталған және қажетті қасиеттерден тұратын 
молекуланы құрастырып, оны тірі ағзаға енгізуде болып отыр. Бұндай 
жағдайда рекомбинантты ДНҚ рецепиент геномының құрам бөлігіне 
айналып, оған жаңа, бірегей генетикалық, одан соң биохимиялық және одан 
кейін физиологиялық қасиеттердің туындауына себеп болады.


75
Қолданбалы генетикалық инженерияның негізгі мақсаты – адамға 
пайдалы 
қасиеттерді 
ағзаларға 
енгізетіндей 
рекомбинантты 
ДНҚ 
молекуласын құрастыру және енгізу болып табылады. Мысалы, адам үшін 
маңызды фармокологиялық препараттарды түзе алатын микроорганизмдерді, 
өсімдікетерді және жануарларды «биологиялық реактор» ретінде қолдану 
мақсатында алу, адам үшін пайдалы да тиімді қасиеттері бар өсімдіктер мен 
жануарлардың сұрыптары мен тұқымдарын алу. Гендік инженерия әдістері 
генетикалық 
паспортизация 
жасауға, 
генетикалық 
аураларды 
диагностикалауға, ДНҚ-вакциналарды жасауға, әртүрлі аурулардың гендік 
терапиясын өткізуге мүмкіндік береді. 
Рекомбинантты ДНҚ технологиясы келесі әдістерді қолданады: 
 Бөлек гендерді бөліп алушы және олармен манипуляцияны 
тездетуші рестрикциялаушы нуклеазалармен ДНҚ молекуласын 
арнайылап ыдырату; 
 Тазартылған ДНҚ фрагментіндегі нуклеотидтерді жылдам 
сиквенстеу, ал ол,өз кезегінде, геннің шекарасын және оның 
кодтайтын амин қышқылдар тізбегін анықтауға мүмкіндік береді; 
Рекомбинантты ДНҚ-ны құрастыру
 Нуклеин қышқылдары тізбектерін комплементарлылық заңы 
бойынша байланыстыру қасиетіне негізделген сезмталдылығы 
және дәлдігі көмегімен спецификалық РНҚ және ДНҚ тізбектерін 
анықтау арқылынуклеин қышқылдарын гибридизациялау; 
 ДНҚ-ны клондау;полимеразды тізбектік реакцияны қолданып, in 
vitro амплификациялау немесе ДНҚ фрагментін бактериалды 
жасушаға енгізу арқылы миллиондаған копияларын алу: 
трансформация процессі өткеннен кейін ДНҚ фрагментінің саны 
көбейеді; 
 Рекомбинантты ДНҚ-ны жасуша немесе ағзаға енгізу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет