Д. К. Найманов, А. М. Калбаева Гендік және жасушалық инженерия


 Ядроны трансплантациялау тәсілдері



Pdf көрінісі
бет46/49
Дата21.12.2023
өлшемі1.81 Mb.
#487259
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Генетикалық инженерия оқу құралы (1)

 
3.4 Ядроны трансплантациялау тәсілдері. 
1985 жылы Ресейдің Б.В. Конюхов және Е.С. Платонов деген 
ғалымдары тасымалданатын ядроның зақымдануының ықтималдылығы 
төмен микроманипуляция әдісін жасап шығарды. Ол екі сатыдан тұрады: 
алдымен, жіңішке микропипетка арқылы плазмалық мембрана мен пеллюцид 
аймағын тесіп, пронуклеустерді шығарып ала ды. Бұдан соң басқа, диаметрі 
үлкенірек пипеткамен (12мкм) донордың диплоидты ядросын енгізеді. Бұл 
жағдайда тасымалданушы донордың ядросы мен зигота цитоплазмасы 
азырақ зақымдалады.
Ядроның трансплантациясы басқа жолдар мен де жүзеге асырыла алады. 
Мысалы, 
цитохалазиндерді 
қолдану 
арқылы 
(цитохалазиндер 
– 
саңырауқұлақтар түзетін қосылыстар). 
Цитохалазин В микрофиламенттердің құрылысын бұзып, ядроның 
бірегей орналасуын қамтамасыз етеді. Ядро жасушамен жіңішке 
цитоплазмалық сабақшамен байланысып тұрады. Центрифугалау кезінде осы 


90
көпірше үзіліп, ядросынан айырылған жасушалар (цитопласттар) мен 
цитоплазмамен және цитоплазмалық мембранамен қапталған ядро 
(кариопласт) түзіледі. Интактты жасушалар мен кариопласттарды бір-
бірінен тығыздық градиенті көмегімен ажыратады. Олар культуралды 
ыдыстың бетіне беку қабілеттілігін сақтап қалады да, өміршең жасуша алу 
мақсатында басқа жасушалардың кариопласттарымен құйылыстырады. 
Кариопласттарды бөліп алу сәл қиындау болады, және бірнеше 
операциядан тұрады, мысалы, тығыздық градиентінде центрифугалау және 
т.б. Кей жағдайда кариопласттар мен жасушалар ерітіндісіне диаметрі 1-3 
мкм болатын танталдың бөлшектері қосылады. Олар кариопласттарға енбей, 
жасушаларға 
енеді, 
сондықтан, 
жасушалардың 
салмағы 
ауырлау 
болғандықтан, олар тезірек шөгеді.
Цитопласттар қалыпты жасушалар секілді барлық органеллаларға ие 
болып қала береді, оған қоса, ыдысқа бекіну, қатпарлы мембрана түзу, 
қозғалу және пиноцитоз сияқты пайдалы қасиеттерін сақтап қалады.
Кариопласттар цитоплазманың жіңішке (барлық жасушаның 10 %-ы 
шамасындай) қабатпен қапталған, құрамында кішкене эндоплазмалық 
ретикулум кіреді және бірнеше митохондриялары мен рибосомалары болады. 
Кейбір жасуша линиялары кариопласттарының 1/10 бөлігі жоғалтылған 
цитоплазма көлемін қайта жандандырып, өміршең жасушаларға айналуға 
қабілетті болып келеді.
Жасушалардың реконструкциясы үшін тұзды буфердегі кариопласттар 
суспензиясын культурадағы цитопласттар моноқабатына (1 цитопластқа 100 
кариопласт пропорциясымен) қосады. Ол кезде цитопласттар белсенділігінен 
айырылған вирустардың бөлшегімен қапталған болуы керек. Одан кейін 
оларды 4˚С температурада 45 минут, одан соң қайтадан 37 ˚С температурада 
45 минут инкубациялайды. Соңында құйылысып кеткен кариопласттардан 
құтылу үшін оларды Эрл ерітіндісімен шаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет