1.6 Оогенез. Жалпы ұрғашы жыныс жасушасының дамуы еркек жыныс
жасушаларының дамуына ұқсас келеді. Біріншіден, сперматоциттрмен
салыстырғанда, бірінші реттік ооциттердің (ооцит І) даму сатысының мерзімі
ұзағырақ. Өйткені, бұл сатыда ооцитте, яғни болашақ жұмыртқа
жасушасында қоректік заттардың жинақталуы жүреді.
Екіншіден, әр ооцит І-ден екі мейоздық бөліну нәтижесінде төрт оотида
түзілсе де, олардың тек біреуі ғана (жұмыртқа жасушасы) әрі қарай дамып,
сперматозоидтпен ұрықтануға қабілетті болып табылады. Қалған үш оотида
абортивті болып шығады да, бөлек бір жасушаға айналмайды. Осы үш
оотиданың хромосомалары гаплоидты жиынтыққа ие болса да,
цитоплазмасының қоры жеткілікті болмай зиготаның дамуын қамтамасыз ете
алмайды. Оларды редукционды немесе полярлы денешіктер деп атаймыз
және олардың пайда болуы келесідей болады. Алғашқы жетіле бөлінуден
кейін бірінші полярлы денешіктің ядросы периферияға ығысып, екіге
бөлінеді де, екі оотидаға айналады.
Жұмыртқа жасушасының екінші рет жетіле бөлінуі нәтижесінде екінші
полярлы денешік, яғни үшінші оотида пайда болады. Сирек жағдайларда үш
оотиданың біреуі, оған енген сперматозоидпен қосылып, ұрықтанған
жұмыртқа жасушасымен бір уақытта тұқым қулайтын әр түрлі материалдары
бар ұлпалардан тұратын (химера) жаңа ағза өміріне бастама береді. Дәл
осындай жағдай тұт жібекиіргішінде кездеседі. Демек, ооциттің мейоздық
бөлінуі, сперматоцитттермен салыстырғанда, жасуша денесінің тең
бөліктерге бөлінуінен тұрмайды екен. Әдетте, екі мейоздық бөліну
нәтижесінде пайда болған төрт жасушаның біреуі ғана жұмыртқа
жасушасына айналады.
18
Жануарлардың жыныс жасушаларын зерттеудің тарихына сүйенсек,
жыныс жасушаларының дифференциацияланбаған сомалық жасушалардан
пайда болғанын көруімізге болады.