19
7 – жылтыр қабықша;
8 – фолликулалық жасушалар, және
9 – олардың жылтыр қабықшаға енетін өсінділері;
Сурет 5. Фолликуланың құрылысы.
Примордиалды фолликуладағыдай бірінші реттік фолликулада мейоз
бұғатталып тұрады. Осыған қарамастан, оның өсуі жалғасып және жаңарып
тұрады. Екі қабатты фолликулалық эпителиі бар бірінші реттік
фолликулаларда овоциттің түссіз аймағының пайда болуы жүреді. Оның
құрамына қышқыл және бейтарап гликозаминогликандар кіреді. Бұл түссіз
аймақ арқылы жыныс жасушасының толыққанды
қоректенуін қамтамасыз
ететін, овоцитке бағытталған фолликулалық жасушалардың әр түрлі
мөлшерлі цитоплазмалық өсінділер өтеді. Бірінші реттік фолликуланың
түзілуі кезінде дәнді қабаттың айналасына дәнекер ұлпа дәнекер ұлпасы
жасушалары орналасып, фолликуланың дәнекер ұлпалық қабықшасы –
теканы тұзеді. Теканың түзілуі фолликуланың қанмен қамтамасыз етілуі
және иннервация үрдісінің өткенін және олардың негіздерінің қаланғанын
білдіреді. Екінші реттік фолликула сатысында фолликулалық эпителийде
пролиферациялық үрдістер белсенденіп, тека
ішкі және сыртқы бөліктерге
бөлініп, нейротрофтық қамтамасыз етілу жетіле түседі де,фолликулалық
кеңістік түзіліп, көп қабатты фолликулалық эпителийде жұмыртқалық
төмпешік немесе кумулюсі бар жыныс жасушасы ерекшеленеді. Үшінші
реттік фолликулалар (грааф көпіршіктері, преовуляторлы фолликулалар)
дамудың және овуляциға дайындығының ең жоғары дәрежесімен
сипатталады. Фолликуланың көлемі өте жоғары ірі және құрамында
сұйықтыққа толы кеңстік болса, қабықшасы жұқа болып келеді. Бірінші
сатылы овоциттің кеңістік жағы тұсы бір-үш
қабат фолликулалық
жасушалар – сәулелі тәжбен қоршалған, олардың мөлшері кумулюс тұсынан
бастап азаяды. Тека тамырлары қанның толығуымен сипатталады.Үшінші
реттік фолликулалы овоцит сатысында мейоз қайта жаңарады. Бірінші мейоз
аяқталып, екінші – мейоздың эквационды бөлінуі басталады да, екінші
сатылы овоцит пайда болып, алғашқы редукциялық денешік пайда болады.
Адамдарда примордиалды фолликуланың преовуляторлық фолликулаға
дейін даму мерзімі шамамен 120 тәуліктей. Фолликулалық эпителий мен
текадан тұратын фолликулаларда жыныс гормонының тұзілуі жүреді.
Түзілген эстрадиолдың бір бөлігі қанға тасымалданса, басқа бөлігі фолликула
кеңістігіне бөлінеді. Эстрадиолдың фолликулаішілік концентрациясына
дамып келе жатырған фолликуланың өмірі тәуелді болса керек. Оның
концентрациясы жоғарылаған сайын фолликуланың
грааф көпіршіктеріне
дейін даму ықтималдығы жоғарылай түседі. Эстрадиол гормонының
концентрациясы төмен фолликулалар (андроген профильді фолликулалар)
әдетте атрезияға (өлуге) ұшырайды. Ұрғашы жыныс жасушасының дамуы
дамуына гемато-фолликулалық барьер (гистион) оптималды жағдай жасайды.
Оның құрамына: тека гемокапиллярларының эндотелиоциттері, эндотелийдің
20
базальды мембранасы, теканың интерстициалды элементтері, фолликулалық
эпителийдің базальды мембранасы, купуланың
және сәулелі тәждің
фолликулалық жасушалары және түссіз аймақ кіреді. Овуляция гормонға
тәуелді үрдіс болып табылады, яғни ұшінші реттік (преовуляторлы)
фолликула қабығының жарылып, ұрғашы жыныс жасушасының жатыр
түтігіне босап шығуы. Овуляция сәтінде екінші сатылы овоцит ұрықтанбаса,
ол мейоз үрдісін аяқтамай өлімге ұшырайды. Мейоздың аяқталуы тек
ұрықтану (еркек жыныс жасушасының белсендендіру әсерінен) үрдісі жүзеге
асқанда ғана мүмкін болады.
Достарыңызбен бөлісу: