D-link модемдеріне арналған қосылуды ретке келтіру dsl-2740U dsl-2740B



Дата13.06.2016
өлшемі42.04 Kb.
D-Link модемдеріне арналған қосылуды ретке келтіру

DSL-2740U DSL-2740B

Модемнің web-интерфейсіне кіру үшін компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру қажет.



  1. Компьютердің желілік интерфейсін ретке келтіру мысалы:

Төменде мысал ретінде WindowsXP-і бар компьютердің ретке келтірілуі келтірілген:

Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы > келесі IP мекенжайды пайдалану:

IP мекенжайы: 192.168.1.50

Бағыныңқы желінің қалқасы: 255.255.255.0

Негізгі шлюз: 192.168.1.1.

Осыдан кейін «ОК» батырмасын басыңыз да желілік қосылу ретке келтірілулерін сақтаңыз.




  1. Телефон желісін сплиттердің "Line" портына, телефонды сплиттердің "Phone" портына, DSL-модемнің ADSL портын сплиттердің "Modem"портына қосыңыз.

Құрылғының алдыңғы беттақтасындағы ADSL индикаторының жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. Ethernet-кәбілді компьютердің желілік картасынан модемнің ethernet-портына қосыңыз.

Құрылғының WEB интерфейсіне қолжетімдікті алыңыз. Бұл үшін Internet Explorer-ді іске қосыңыз да, мекенжай тарамында бағдарғылауыштың IP мекенжайын теріңіз: 192.168.1.1 (Құрылғының әдепкілік ретке келтірілулері бар деп болжалады).

  1. Құрылғының WEB интерфейсіне қолжеткізуге арналған логин/пароль енгізуге арналған терезе пайда болады, «Пайдаланушы» алаңында admin теріңіз, «Пароль» алаңында да admin теріңіз. «Log In» батырмасын басыңыз.




  1. Егер логин мен пароль дұрыс енгізілген болса, келесі терезені көресіз:




  1. Пайда болған бетте «Internet Setup» қосымша бетін басыңыз, жаңа қосылысты құру үшін «Add» батырмасын басыңыз.



  1. Пайда болған бетте VPI және VCI параметрлерінің мәндерін көрсетіңіз (0 және 40 сәйкес) және «NEXT» батырмасын басыңыз.






  1. Келесі бетте «PPP over Ethernet (PPPoE)» нұсқасын таңдаңыз да «NEXT» батырмасын басыңыз.



  1. Келесі бетте «PPP Username» және «PPP Password» алаңдарында Өзіңіздің провайдеріңізбен берілген логин мен парольді көрсетіңіз, «Confirm PPP Password» алаңында парольді қайталаңыз қалған ретке келтірулерді өзгертусіз қалдырыңыз және «NEXT» батырмасын басыңыз.




  1. Келесі бетте барлық ретке келтірулерді әдепкілік бойынша қалдырыңыз да «NEXT» батырмасын басыңыз.




  1. Келесі бетте «Apply» батырмасын басыңыз.











  1. «Apply» батырмасын басқаннан кейін Сізге модемді қайта жүктеуге ұсыныс жасалады.



  1. Құрылғыны қайта жүктейміз.

  2. Құрылғы қайта жүктелгеннен кейін мәртебе беті пайда болады, жемісті қосылғандығын «Status» қосымша бетіндегі келесі параметрлер куәландырады: Line Rate Upstream/Downstream (ADSL қосылуының орнатылғандығы туралы куәландырады) және PPPoE қосылуының нәтижесінде алынған шлюз бен DNS серверлерінің IP мекенжайлары. Осымен құрылғының ретке келтірілуі аяқталды.




  1. Компьютерде IP мекенжайын және DNS-серверінің мекенжайын автоматты түрде алуды орнату қажет:

Іске қосу > Ретке келтіру > Басқару беттақтасы > Желілік қосылулар > Жергілікті желі бойынша қосылу > Қасиеттері > TCP/IP Интернетінің Хаттамасы:

IP мекенжайды автоматты түрде алу;

DNS-серверінің мекенжайын автоматты түрде алу.


Ретке келтірулерді қолдану үшін «ОК»-ді басыңыз.

Каталог: up files
up files -> Жұмыс істемейтін Дизельді генераторлық қондырғыны (ДГҚ) сату және «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Желтоқсан көш., 168 б мекенжайындағы әкімшілік ғимаратында орнату үшін жаңа дгқ сатып алуға арналған техникалық тапсырма
up files -> АҚ мен ебұ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет туралы ақпарат
up files -> МАҚҰлданды «kegoc» АҚ бмж жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі
up files -> «Ұлттық электр торабын жаңғырту – ІІ кезең» жобасын іске асырған кездегі экологиялық басқару жоспары
up files -> описание проекта часть I – Расширение/модернизация подстанций
up files -> Главный инженер Чернохаев К. П


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет