Д метрология пәнi және оның мақсаттары. Метрологияның негiзгi ұғымдары мен терминдерi. Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің қысқаша даму тарихы мен қазіргі жағдайы Жоспары



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі25.5 Kb.
#477550
  1   2   3   4
1дәріс


Д 1. Метрология пәнi және оның мақсаттары. Метрологияның негiзгi ұғымдары мен терминдерi. Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің қысқаша даму тарихы мен қазіргі жағдайы




Жоспары:
1.Метрология пәнi және оның мақсаттары.
2.Метрологияның негiзгi ұғымдары мен терминдерi.
3.Қазақстан Республикасында метрология жүйесінің қысқаша даму тарихы мен қазіргі жағдайы

Метрология – өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі Қазақстан нарық экономикасына енді. Әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты қатысушысы болу үшін әлемдік жетістіктер мен жаңалықарын ескере отырып, ұлттық экономиканы жетілдіру керек.


Өркениетті экономикалық өндіріске Қазақстанның бірлесуіне келесідей себептер кедергі жасайды:
1) Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйесінің артта қалуы;
2) тек өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;
3) КСРО жоспарлық шаруашылығының қалдығы;
4) тек сыртқы нарықта ғана емес, ішкі нарықта да қазіргі бәсекелестік жағдайында отандық кәсіпорындардың қиыншылықтары.
Метрология өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік өлшеу жүйесінің ғылыми негізі болып табылады.
Грек тілінен сөзбе-сөз аударғанда μєτρον — өлшем, λογοζ — сөйлеу, сөз, ілім немесе ғылым. «Өлшем» деген сөз жалпы мағынады бірнәрсені бағалау деген. Меторологияда оның екі мәні бар: бірлікті белгілеу (мысалы, «квадратты метрлер») және бірлігін жаңғырту құралы ретінде. Замануи метрологияда «физикалық шаманың өлшемі» деген термин жалғыз немесе бірнеше берілген мөлшердегі физикалық шаманы сақтауға немесе жаңғыртуға негізделген өлшеу құралын түсінеді. Өлшемдер мысалдары: гірлер, өлшеу кедергілер, т.б.
Сонымен, метрология – өлшеулер туралы ғылым.
Қабылданған анықтама бойынша, метрология – өлшеулер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым.
Өлшеулер туралы ғылым ретінде метрология келесі есептерді қарастырады:
өлшеулердің жалпы теориясы;
− физикалық шамалардың бірліктері мен олардың жүйелері;
− өлшеулердің әдістері мен құралдары;
− өлшеу дәлдіктерн анықтау әдістері;
− өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негіздері;
− физикалық шамалар бірліктерінің эталондары;
− бірліктер мөлшерін эталондардан өлшеудің жұмыс құралдарына табыстау әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет