1. Басты пайдалану кесулерінің негізгі міндеттері қандай?
2. Басты пайдалану кесулер жүйесін атаңыз.
3. Орманды кесуге байланысты табиғи жаңару санаттарын атаңыз.
4. Іріктеп кесу жүйесінің қандай ерекше белгілері бар?
5. Ерікті іріктеп кесулер деген не?
6. Еріксіз іріктеп кесулер деген не?
7. Ерікті іріктеп кесу артықшылықтары қандай?
8. Ерікті іріктеп кесудің қандай кемшіліктері бар?
9. Еріксіз іріктеп кесудің артықшылықтарын айтып беріңіз.
10. Еріксіз іріктеп кесудің кемшіліктерін атаңыз.
11. Жаппай кесу жүйесі туралы түсінік және оның ерекше белгілерін айтып беріңіз.
12. Жаппай кесу түрлері мен варианттарын сипаттаңыз.
13. Орманның тұқыммен табиғи жаңару жағдайларын атаңыз.
14. Басты мақсатқа пайдалану кесулерiнiң негiзгi мiндеттерi қандай?
15. Жаппай жолақтап кесудің ұйымдастыру-техникалық элементтерін атаңыз.
16. Кесілетін орман мен кесу бағытын негіздеу дегеніміз не?
17. Кесілген орманның қайта жаңаруына орман қабырғасының әсері қандай?
18. Тұқымдық ағаштар мен олардың кесілген орманға тұқым шашуының маңызы қандай?
19. Өскінді сақтай отырып, кесілетін орманды дайындау технологиялық сұлбаларын атап беріңіз.
20. Ағаш кесу жұмыстарын механикаландыру туралы айтып беріңіз.
21. Біртіндеп кесу түсінігі мен оларды орындау жағдайларын сипаттаңыз.
22. Біртіндеп кесу түрлері мен олардың ерекшеліктері қандай?
23. Бiртiндеп тұқымдық-кеспеағаштық кесулердiң басты артықшылықтары қандай?
24. Топтық таңдап кесудің ұйымдастыру-техникалық элементтерін сипаттаңыз.