НҰСҚА 2 7/3
А-ТОБЫ
|
Денеге шамалары 12 Н және 10 Н екі күш әсер етеді. Осы күштердің қосындысының ең үлкенін және ең кішісін анықта.
Өлшемдері 1х0,8х0,1 м мәрмәр тасының салмағы қандай? м2,7 г/см3.
Көлденең тұрған шанаға 90 Н күш жұмсап, орнынан жылжытты, үйкеліс күші шана салмағының 0,045 бөлігіне тең ( ). Шананың массасы неге тең?
Ұзындығы 30 см, ені 20 см тіктөртбұрышты ыдысқа 25 см биіктікке дейін су құйылды. Осы судың салмағы қандай? с103 кг/м3.
|
Б-ТОБЫ
|
Бал толтырылған шелектің салмағы 150 Н, ал сыйымдылығы (іштілігі) 10 л болса, балдың тығыздығы неге тең? Шелектің массасы 1 кг.
Қабырғасының қалыңдығы 1 см, қырының ұзындығы 7 см, іші қуыс мыс кубтың салмағы қандай болар еді? м8900 кг/м3, g10 Н/кг.
|
С-ТОБЫ
|
Биіктігі 20 см, ені 18 см, қалыңдығы 5 мм жезден “Ш” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей 4см-ден. Осы әріптің салмағы қандай? ж8,5 г/см3.
|
Күш және салмақ
НҰСҚА 3 7/3
А-ТОБЫ
|
Салмағы 500 кН дененің массасы қандай? g10 Н/кг.
Өлшемдері 10х8х6 см жезден жасалған білеу ілінген серіппе қандай күшпен созылған? ж8,5 г/см3.
Серіппе 20Н күштің әсерінен 4 см-ге ұзарады. Осы серіппені 7 см ұзартатын күштің шамасы қандай?
Көлемі 120 см3 мыс шардың салмағы қандай? м8900 кг/м3.
|
Б-ТОБЫ
|
Көлемі 120 л ыдыстың ішіне оның үштен екі бөлігіндей су құйылса, ыдыс еденді қандай күшпен қысады? с103 кг/м3. Ыдыстың массасы есептелмесін.
Кубтың қырының ұзындығы 5 см. Егер осы кубтың салмағы 5 Н болса, куб жасалған заттың тығыздығы қандай?
|
С-ТОБЫ
|
Алюминийден жасалған кубтың толық бетінің ауданы 150 см2. Осы кубтың салмағы қандай? А2,7 г/см3.
|
Достарыңызбен бөлісу: |