Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 7 7/6
А-ТОБЫ
|
Массасы 0,4 кг қаршыға ауа ағынымен 70 м биіктікке көтерілген. Құсты көтерген күштің жұмысын анықта.
Шығырдың көмегімен жүк 0,8мин ішінде 10 м биіктікке көтерілгенде 120 кДж жұмыс істелген. Жүктің массасын және жұмсалған қуатты есептеп шығар.
Тереңдігі 20 м құдықтан 15 с ішінде, шелегімен қоса алғанда массасы 12 кг суды көтеріп шығару үшін адам қандай қуат өндіреді?
Газдың поршеньге түсіретін қысымы 1,2 МПа. Ауданы 40 см2 поршеньді 15 см-ге жылжыту үшін газдың атқарған жұмысы неге тең?
|
Б-ТОБЫ
|
Ауыр жәшікті 12 см биіктікке иіндерінің қатынастары 10:1 болтындай рычагтың көмегімен көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек? Рычагтың үлкен иініне әсер ететін күш 150 Н болса.
Рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). АО рычагтың ұзындығы қандай? Айналу осі О нүктесінде АВ=40 см m1=2 кг, m2=3 кг. Рычагтың массасы ескерілмесін.
|
С-ТОБЫ
|
Сырықтың бір ұшына массасы 12 кг жүк ілінген. Сырықтың жүк жағынан есептегенде 1/5-індей жеріне тіреу қойсақ, ол тепе-теңдікте болса, сырықтың массасы неге тең болар еді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |