Жұмыс, қуат және энергия. Шығырлар мен иіндер
НҰСҚА 9 7/6
А-ТОБЫ
|
Ұзындығы 60 см болатын рычагтың ұштарына массасалары 100 г және 500 г жүктер ілінген. Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін, тіреу нүктесі қай жерде болады?
Өзендегі судың шығыны 500 м3/с. Егер судың деңгейі бөгетпен 10 метрге көтерілсе, онда су ағыны қандай қуатқа ие болады? .
Рычагтың ұзындығы 2 м. Рычагтың ұштарына 20 Н және 140 H күш әсер етеді. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, онда тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
Жіптің бос ұшын 10 см-ге жоғары тартатын болсақ, (сурет) онда жүк қанша биіктікке көтерілер еді?
|
Б-ТОБЫ
|
Массасы 140 кг бөрене, екі арқанмен ілулі тұр. Егер 1=3 м және 2=1 м болса, арқанның керілу күштері қандай болады.
Рычагтың көмегімен массасы 245 кг жүкті бірқалыпты 6 см биіктікке ұзын иініне 500 Н күш түсіріп, одан осы күштің түсу нүктесі 0,3 м-ге төмендеген. Рычагтың ПӘК-і қандай?
|
С-ТОБЫ
|
Ұзындығы 2 м бір текті шынжыр үстелдің үстінде жатыр. Шынжырдың ұзындығының 0,2 м бөлігін үстел шетінен төмен түсіргенде, шынжыр төмен сырғи бастайды. Шынжырдың массасы 5 кг, үйкеліс күші шынжыр салмағының 0,1 бөлігіне тең. Шынжыр сырғанап түскенде үйкеліс күшіне қарсы қандай жұмыс атқарар еді?
|
Достарыңызбен бөлісу: |