Дайындаған: Қабылдаған: Тобы



бет3/8
Дата29.05.2024
өлшемі86.18 Kb.
#502040
1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие өбөж[1]-1[1]

2.Мерекенің қоғамдық мәні
Жеңіс күні - Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада мамырдың 8. Себебі Капитуляция актіне Орталық Еуропа уақыты бойынша 22:43, мамырдың 8 қолтаңба қойылды, ал Мәскеу уақыты бойынша бұл 0:43, мамырдың 9) мемлекеттік мереке болып табылады. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 79 жыл толып отыр. Бұл Қазақстанның тарихында айрықша орны бар мереке.Қазақстан тарихындағы Жеңіс күні - бұл бабаларымыздың ерлігі мен батырлық даңқы айшықталған күн. Сондықтан да, ел басына күн туған сәтте туған жердің намысы үшін майданға аттанып, Отан үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен жаужүрек қаһарман бабаларымыздың ерлігін естен шығаруға болмайды. Сол үшін де 9 мамыр күні - қайсарлықтың, қайтпас рух пен жалынды жігердің хас үлгісін көрсеткен барша соғыс және тыл ардагерлерінің алдында тағзым етуге тиіспіз. Осы күні болашақ үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске алып, мерекені Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны ретінде атап өтуге де тиіспіз.Қазақстан Республикасының мерекелері туралы Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.1941 -- 1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.Жеңіс күні Қазақстанда мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтеді. Жылдағы дәстүрге сай мереке қарсаңында және 9 мамырда бүкіл өңірде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіледі. Мәдени-бұқаралық шаралар, соның ішінде концерттер, экспозияциялар мен көрмелер ұйымдастырылады. Барлық аймақта мемориалдар мен ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады. Халық батырлардың рухына тағзым етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет