Дайындаған: Қабылдаған: Тобы



бет7/8
Дата29.05.2024
өлшемі86.18 Kb.
#502040
1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие өбөж[1]-1[1]

Қорытынды


Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз.Өйткені, соғыс
атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған.Адам адам болғалы осылай.Талай¥рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан.Арыға бармай-ақ, 50миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.Кімге қажет болып,не мақсатты көздеп еді сол соғыс?Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық,қанішерлік бастайды ғой. Ол сонысымен лағынетті. Қарапайым халыққа қасірет¥туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланыпөткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғысбасталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ.Зұлым жау бейбітөмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, анабаласымен қоштасты. Қырда қойшықойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады.Ойда диханшытрактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол¥жылдардың бозбала, бойжеткендері ақынболуды, инженер болуды, оқымыстыболуды армандаған еді...
Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын
соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы
бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуықтүрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақбоздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-біротбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жасбоздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді.
Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қаншаАбай, қанша Шоқан кетті екен ...
Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10
миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық жәнемәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтанадамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 60 жыл бұрынғыЖеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгіұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ.Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі дежанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр¥атанып, аңызға айнала
оралды. Содан бері зымырап 60 жыл өте шықты.Отанын жаудан қорғау үшін¥көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы
ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында¥30 ұлттың өкілі бар (бұлардың 3 мыңдайы қазақстандықтар) Брест
қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған
И.В.Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия Москваны қорғауда тарихта болып¥көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты.Панфиловшылардың ішінде шынмәнінде болаттай беріктік пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты¥аңызға айналған Бауыржан Момышұлы да бар еді.Өжеттік пен ерлікке бару кездейсоқтық емес. Отаны мен артында қалған
елінің алдында жауынгерлік борышты өтеуде болаттай берік тәртіпке бой¥ұсыну¥еді.Алматыда жасақталған генерал-майор И.Панфилов атындағы сегізінші¥қазақстандық гвардияшы атқыштар дивизиясы Кеңес Одағының астанасы –Москваны қорғау күндерінде Ұлы Отан соғысының тарихына мәңгі өшпейтін ерлік¥беттерін жазды.Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды¥халқы ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Қазақстандық жауынгерлер¥рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс туын алғашқы болып
қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев қадады.
Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия
Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат
Бигельдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен
жазылды.Севастополь үшін шайқаста Кеңес Одағының батыры Дабаш Бабажанов¥айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын-қиямет соғыс бейнеленген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін¥қайталаған Нүркен Әбдіров, Александр Матросовтың ерлігін қайталаған Сұлтан¥Баймағамбетовтың, жау “жолбарысына” қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса
жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды. Бұлардың бәріне¥Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Кеңес Одағының Батыры атағын екіреттен алған, даңқты сұңқарларымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей¥Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың¥мәңгі есінде. Белорусс ормандарында Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан¥отрядтары жауға қарсы шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты¥аңызға айналған батыры С.Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым¥Қайсеновтың отряды болған еді.
Біз 900 күн қоршауда қалған ленинградтықтардың рухын көтеріп, қажырын
жаныған Жамбыл атамыздың Ленинградтық өренім атты жалынды жырын жадымызда¥ұстаймыз.Республика ұлы жеңіс үшін орасан үлес қосты. Қазақстан майданға¥қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың барлығын¥өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың
тонна ет, 150 мың мініс жылқысын берді. Сондай ақ, республикамыз 4 миллиард¥сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтар сатып әперді. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде емшектегі баласын жөргекке орай салып,кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасындақайтқан олардың жарлары мен аяулы ата-анасын, туыстарын, өзім жемесемжемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін,жеңіс үшін болсын! деген игі ниетті асыл сезімін кім есінен шығара алады.Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында майданда да, тылда да есі жаңа кіріпкеле жатқан жас баладан бастап, жасы жүзге келген Жамбылға дейінотандастарымыз жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Қазақстандықтар Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласын туған жеріндей жанқиярлықпенқорғады, Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде, Украинаны, Белоруссияны,Прибалтиканы, Молдавияны неміс-фашист басқыншыларынан азат етуге қатысты.Ленинград қаласына қауіп төнгенде Жамбыл Жабаев Ленинградтық өренім аттыжүрек жарды, жалынды жырын майдандағы жүзі басқа болғанмен жүрегі бір,тілі басқа болғанмен тілегі бір жауынгер¥балаларына жолдады.Кейіннен
қаланы қорғаушы жауынгерлердің бірі:Бұл сәлемді көзге жас, көңілге қуаныштолы сезіммен оқымауға болмайды... Біз күшімізді еселей түсіп ұрысқааттандық,-деп еске алды.Қазақстандықтар Варшаваны, Софияны,Белградты, Праганы азат
етушілердің қатарында болды. 151-қазақстандық бригада негізінде құрылған
150-Идриск атқыштар дивизиясы жауынгерлері ұялы қасқырдың ордасы Берлинге¥шабуыл жасады, Рейхстагтың күмбезіне жеңіс туын тігуге қатысты. Ал¥қызылтуды биікке көтеріп, алғаш болып жеңіс дабылын қаққандардың қатарында¥қазақ Рахымжан Қошқарбаев болды.Ұлы Жеңіске жау тылында ел кегін, ер намысын қорғаған партизан
жасақтары да үлес қосты. Зерттеулер бойынша Белоруссия мен Украина
ормандарының партизан отрядьтарында 3 мыңнан аса қазақтар шайқасқан.Партизан отрядтарына командир, комиссар болған, есімдері ел аузында аңызға¥айналып, кейінгі ұрпаққа жеткен Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали¥Саин¥есімдері көзі қарақты көпшілікке мәлім.Қазақстандықтар қанішер жаумен қасық қанын аямай осылай
шайқасты.Олардың бәрін ортақ іске, жеңіске, отанына деген сезім
біріктірді. Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр
ұлт екенін баршаға мәлімдеді. Правда газетінің бетінде 1941 жылы
қазан айында Қазақтар деген мақала жаияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған
8-гвардиялық Панфилов атындағы дивизия туралы еді. Осы бір жеңіс
күндері көрнекті совет жазушысы И.Эренбургтың 1942 жылы жазған
Қазақтар деген мақаласында: Бір фриц маған: Біз жойқын күші бар
қаһарман солдаттармен беттестік, оларды алған бетінен тіпті ешқандай
оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп
жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім.
Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім... деді. Фрицтер көп
нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейдің үлкен екенін ғана айтып, ал ол
елде көптеген халық тұратынын айтпаған.Шығыстың кең даласында ежелден
қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығында көндіккен ержүрек
адамдар тұрады. Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырлары жайлы¥сыр шертеді. Ал бұл елдің батырлары ең алдымен арын ардақтаған. ЕрТарғын алты кез алдаспаннан қолына алып, алты мың жауға жалғыз өзі
қарсы шабуылға шығып тұрып: Маған бәрінен де арым қымбат! деп айғай
салған!...Далада салт атпен жүруге үйренген қазақ. Егер қажет болса
еңбектей де алады, жүгіреді де, таулы жерде шыңға қарай өрмелейді,
батпақ болса белуардан саз кешіп те жүре береді. Әйтеуір, қазақтарды
ешнәрсе де тоқтата алмайды...
Қазақтар орыстармен қатар тұрып ұрыс салуда. Біз бірге қайғы
кештік, бірге жаумен шайқасып жүрміз, жеңістің алғашқы таңын да бірге
қарсы алып, бірге қуанатын боламыз! -деп жазды.
Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің Ресей 1941-1945
жылдағы соғыста деген кітабында: Қызыл Армияның табанды солдаттарының¥бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін¥жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар¥қатарында қазақтар тұрды.- дегенді айтады.
От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда.
Майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлері барған сайын азая түсуде.
Бірақ олар жасаған Ұлы ерлік ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста¥әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі¥ұрпақтарға жетпек. Келешек үшін, дүние жүзілік жаңа жойқын соғысқа жол¥бермеу үшін бұл туралы ұмытуға болмайды.Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген перзенттік парыздарын, ұлттық мақтаныштарын дәлелдеді. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Біздің ата-әжелеріміздің ерліктері мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі ұрпағы үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі деп ойлаймын.Жеңіс күні – абырой мен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік сұм соғыста Жеңіске жеткізді.9 мамыр – мереке ғана емес, бұл халықтың батырлығы, бұл жанкештілікпен жеңіске жету жолындағы ерен еңбек. Біздің азаматтық парызымыз – бұл күнді мәңгілік есте сақтау, отанды сүю, елдің, жердің адал перзенті болу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет