Тапсырма:
Етістіктің астын сызыңдар.
АЮ ЖӘНЕ БӨРЕНЕ
Орман аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Оның ағаш басындағы бал арасын жегісі келіпті. Ол ағашқа өрмелеп ұяға жақындайды. Бір бөрене кедергі жасайды. Балға ұмтылған ол бөренені итеріп жіберді. Бөрене қайта серпіліп аюдың басына сарт ете түсті. Қара күшке сенген аю бар пәрменімен қайта итерді. Бөрене аюдыц қатты екпінімен қайта ұрады. Оның құлағы шыңылдап құлап түседі. (60 сөз).
СЫН ЕСІМ
Сөздік диктант
1.Қу, ескі, тар, кең, ақ, қоңыр, адал, сұлу, семіз, тәуір, таяз, терең, жуас, тентек.
2.Жұқпалы, шоқпардай, көйлекшең, әуесқой, ұрыншақ, жылжымалы, жалақор, дәмді, сіңімді, жылаңқы.
Көру диктанты
ЖҮН БОЯУ
Ақ түбітті көбіне,
Ашық көкке салады.
Қызыл, сары, көгі де,
Көздің жауын алады.
Тапсырма:
Сын есімнің стын сызыңдар.
МАҚАЛ
Сулы жер құрақсыз болмас,
Таулы жер бұлақсыз болмас.
Тапсырма:
Сын есімнің астын сызыңдар.
Шығармашылық диктант
Үстел аласа
Орындық қандай биік
Шкаф жаңа
Тақта қара
Бақылау диктанты
РИЗАЛЫҚ
Айнала тып- тыныш. Жер бетін тегіс ақ қар басқан. Асқар мен Қанат жалғыз аяқ жолға түсіп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз қарықтырады.
Екеуі бірін- бірі қуалап, қар лақтырысып келеді. Күн бұлтты еді, түтеген долы боран басталды. Жаңа ғана мүлгиіп тұрған дүние лезде өзгере қалды. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естілді. Олар сүріне- қабына дауыс шыққан жаққа жүгірді. Бұл ызғырық боранд жаурап жылап отырған Нұрлыбек екен.
Балалар оны үйіне әкеліп, әжесінің қолына тапсырды. Әжей риза болып екеуінің бетінен алма- кезек сүйді. (80 сөз).
Тапсырма:
Сын есімдердің астын сызыңдар.
АҚБӨКЕН
Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Суаттан су ішеді. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарап, қауіп төнсе, пысқырып дыбыс береді. Сол кезде олар жел қуған қаңбақтай жөңки жөнеледі. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Бөлекшелігі тұмсығы жалпақтау, басы үлкен. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері мөп- мөлдір. Ақбөкен өте сақ. Байыз таппай, жүре жайылады. Аса қатты шошынған кезде суаттан безіп, апталап, су ішпей жүреді. (63 сөз).
Тапсырма:
Сын есімдердің астын сызыңдар.
ШЫРШАЛЫ ТОҒАЙДА
Бір шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте қараңғы тоғайға келіп кірдік. біздің қараңғы тоғайдан неғұрлым кешікпей шығып кеткіміз келді. Тап- тар соқпақ көрінді. Біз осы бір кішкентай ғана соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде дем алмақ болып жата қалдық. Көзіміз ілініп кетіпті. Бір кезде иттің үргені естілді. Ит қып- қызыл түлкіні қуып жүр екен. (66 сөз).
Тапсырма:
Сын есімнің астын сызыңдар.
Терме диктант
Мөлдір бұлақ,
Ақ құлдырап.
Майда құрақ,
Тұр сылдырап.
Гүлді көктем,
Қызық неткен!
Соны қуып кетейін,
Сонау қырға жетейін!
Тапсырма:
Сын есімдерді теріп жазыңдар.
САН ЕСІМ
Сөздік диктант
1.Үш, тоғыз, төртінші, алпыс, қырық бес, бір мың тоғыз, төрт жүз, бесінші, алты жүз жеті, тоқсан бес, мың сегіз жүз бес.
2.Алтау, алпысыншы, миллион, тоқсан тоғыз, отыз бірінші, жиырма сегізінші, қырық жеті, жүз отыз бес, жеті жүз жетпіс жеті, сексен.
3.Алпыс жетінші, жетпісінші, сексен үшінші, мың жиырмасыншы, тоқсан сегізінші, он жетінші, тоқсан тоғызыншы, он үшінші.
Көру диктанты
ЖАҢЫЛТПАШ
Бір жыңғылда,
Бір мың гүл.
Бір бұлбұлда,
Мың бір жыр.
Тапсырма:
Сан есімнің астын сызыңдар.
МАҚАЛ
Білгенің- бір тоғыз,
Білмегенің- тоқсан тоғыз.
Достарыңызбен бөлісу: |