Тапсырма:
Сан есімдердің астын сызыңдар.
ДИНА
Дина тоғыз жасының өзінде-ақ атақты күйшілердің күйін нәшіне келтіріп тартқан. әйгелі Құрманғазы күйші қызды арнайы іздеп келіп, батасын берген.
Сол Дина тоқсан жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таңғалдырған.
Бір мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы Дина Алматыға тұңғыш келеді. Ол өнерін бүкіл республикаға паш етеді.
Дина- қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із салған біртуар дарын иесі. Оның күйшілік өнерінің бастауы Құрманғазы мен Дәулеткерейден басталады. Екі ұлы күйшінің өнерінен тел суындай Дина- өзіндік өрнегін тапқан күйші. (77 сөз).
Тапсырма:
Сан есімдердің астын сызыңғдар.
ҮСТЕУ. ШЫЛАУ. ОДАҒАЙ
Сөздік диктант
1.Кеше, жуырда, соңыра, енді, бүрсігүні, жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, жазда, қыста, күзде, көктемде, былтыр, жылда, таңертең, кещке, әлгінде, әлдеқашан, бұрын, ерте, кеш, соң.
2.Бәрекелді, түу, әттең, япырай, пай-пай, ойпыр-ай, қап, ойбай-ай, ей, әй, ой, тіфу, ай-ай, мәссаған, ау, алақай, уһ, шіркін-ай, тәйт, шөре-шөре, құру-құру, моһ-моһ, ауқау-ауқау, кәк-кәк.
Көру диктанты
ЖАҢЫЛТПАШ
Дәптерім дәптер-ақ,
Жоғалтқан «Қап!» дер-ақ еді.
Қажетке көп жарар еді,
Алі де көп жері ақ ед.
Тапсырма:
Одағай сөздерді табыңдар.
ЕЛ МЕН ЖЕР
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
Тапсырма:
Шылаулардың астын сызыңдар.
Шығармашылық диктант
Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жаз.
Қос ана ғой көк ... жер!
Береке ... байлық бөккен жер.
Тәтті ұйқыға батырдым,
Ормандар ... бақтырды.
Тапасырма:
Шылаулардың астын сызыңдар.
Әттең, ойпырай, ой, оу, мәссаған, әй, қойшы.
Тапсырма:
Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құра.
Бақылау диктанты
АҚҚУ
Мен шыққан төбе онша биік емес. Мен төменге көз салдым. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күні көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп жүр. Көлдің қамыс жақ жиегінде қоңыржай қасқалдақтар жүзіп барады. Үп еткен жел жоқ. Көл суы мөлдіреп жатыр.
Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан айқайлай жаздадым. Қос сұлу құс қанаттарының сабысына қайран қалып тұрмын. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.
Тапсырма:
Үстеудің астын сызыңдар.
СЫЛТАУ
Кетуге тура келді. Оғагн себепкер- Нұртазаның үйі. Оның өзі де, баласы да. Туыстары да Мұстафаның үйінен шығуға мені үздіксіз азғырды. Сондағы айтары- бурыл бие мен оның құлыны. Бұл- менің ең жанды жеріме тиетін сөз.
Мұстафаның үйінен кетудің себебі табыла қалды. Мұстафаның баласыц Ғаббаспен арамызда кикілжің бола беретін. Мен оған соқтыға беретін болдым. Мұстафа маған болысады. Мен үшін оны талай рет сабады да.
Бір күні Ғаббасқа қиынсыз соқтыққанымызды көрген Мұстафа мені шапалақпен жаққа тартып қалды. Сылтау табылды. Мен үйден шыға жөнелдім.
Тапсырма:
Шылаудың астын сызыңдар.
САБАҚ
Аянның үйіне ауылдан атасы келді.
-Әй,Аян,-деді мамасы,- мен тамақ әзірлейін. Сен жүгіріп барып дүкеннен нан әкеле қойшы!
Аян тез оралды.
-Ой,нан жаман екен, бір-ақ бөлке алдым,-деді ол үйге кірген бетте.
Сонда диванда отырған атасы:
-Тәйт,олай деме! Бұл сөзді кімнен естідің? Нанның жаманы болмайды. Шикі, күйген, ашығаны болады. Оған наубайлар кінәлі. Бұдан былай жаман нан дегенді айтпа, балам.
Тапсырма:
Одағайдың астын сызыңдар.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Ш. Әуелбаев, М. Молдатаева. Сауат ашуға арналған дикдактикалық материалдар.
Қ. Мырзалиев, М. Жұмабекова. Ана тіліне арналған дидактикалық материалдар.
Б. Баймұратова, Р. Ізғұттыновна. Ана тілі хрестоматиясы.
Г. И. Уәйісова, Ә. Е. Жұмабаева. Қазақ тілі оқулығы.
Қазақ тіліне арналған дидактикалық материалдар.
«Айгөлек» журналы.
«Балдырған» журналы.
«Бастауыш мектеп» журналы.
«Бастауыш сыныпта оқыту» журналы.
10. Қазақ тілі әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |