Дайындаған: Тұрсынғалиева П.Қ. Ақтөбе 2023


Көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс



бет2/3
Дата05.09.2023
өлшемі28.28 Kb.
#476579
түріСабақ
1   2   3
Сабақтағы кері байланыс

1.Көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді әртүрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен анықтау. Мысалы, «алма ағашы» деп алайық. «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабак соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым, сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді.
Қ.Бекхожиниің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек. Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Аксак Темірдің тарихтағы орнын. жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы окнгаларды сезінгенін және сыныптагы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен тапсырмаларды орындагандарын жеткізді.
2.Сабактағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс.
Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі. I- ші баспалдағы Мен БІЛЕМІН, 2-ші баспалдағы Мен ТҮСІНЕМІН, 3-ші баспалдағы Мен . ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік» тақырыбындагы сабақта оқушыларға алған білімін жинақтау мақсатында «Бір сөйлеммен тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай түсінгенін бір сөйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
«Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.

  1. Мен сабак. қызықты, қызықсыз боллы деп ойлаймын.

  2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім сіз болды.

  3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.

  4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.

  5. Мен сабактағы өз жетістіктерімеризомын риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөздердің астын сызады.
З.Оку материалының мазмұнына берілетін кері байланыс.
Бұрын мен білмеуші едім. Енді мен білемін деген сияқты ой- пікірлерін білдіру боп табылады. Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған білімдері жайлы жазады. «Минус»- қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады. «Қызықты» - деген баганга өздеріне не кызыкты болды соны жазады немесе не жайында көбірек білгісі келетінін жазады.
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді -деген сөйлемдерді аяқтап жазады.
Кері байланыс мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұгалім менмұгалім арасында жүзеге асырылады және ауызша да. жазбаша да қолдануга болады.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.
Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түрін, оку мен оқытудагы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жаксырак дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда геііехіо- кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Доки 17 ғасырда енгізген. «Рефлексия - адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады. Күнде кешкілік бүгінгі ісімізді, айтқан сөзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар құрып аламыз. Демек, "рефлексия" ден ат қойып, айдар такпағанымыз болмаса, бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны кагазга түсіру немесе жүйелі күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде берхден гөрі оқушыны өзі қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен рефлексия жасату тиімді екеніне көзіміз жетті. Кері байланыс жүргізу бір күннің іс-әрекеті емес, оған көп уақыт, ізденіс қажет. Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап, орындалған іс- әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұгалім кері байланыс жасауға оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді. Оқушылардың ой- өрісінің дамуы оку үрдісі кезінде болады, ол оқушының өз бетімен толықтыруы мен өзін-өзі дамытуды қамтиды. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс.Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасуң сияқты әдістер оқушылардың оз біліміне белсенді қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жүннен де, оз беттерімен де өз білім деңгейлерін оагалауға және оіан жеткенін іүсінуге мүмкіндіктер бар.
Рефлексияны әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде: тақырыптың соңында, сабақ бөлімдерінен кенін және тарау соңында жүзеге асыруға болады. Кері байланысты түрліше өткізуге болады:
топтық рефлексия түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да жүргізуге болады.
Мұнда оқушылар сабақ соңындагы іс-әрекстійе бага береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар екі ұнаган фактор мен бір ұсынысын білдіреді. Қазақ әдебиеті сабақтарында көбінесе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясын жиі пайданамыз. Атап айтсақ, Ш. Мұртазаньщ «Тұтқын бала» әңгімесін қорытындылау кезеңіндегі топтық жұмыста оқушылар әңгімені баяндауда сюжеттен ауытқымау, әңгіме мазмұнын әдеби тілмен баяндау сияқты ұсыныстар айтылды.
Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына бағытталған. Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға болады. Бұнда жеке өзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі,топтагы жұмыстардың нәтижесі алынады.
Топтық кері байланыс сұрақтары:

  1. .Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай әсер етті?

  • Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға көмектесті:

  • Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;

  • Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік бермеді;

  1. .Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде көбірек іске асты?

  • ақпарат алмасуда;

  • Өзара қарым- қатынаста;

  • Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;

З.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?

  • Бір адамға бағытталған стиль

  • Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.

4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?

  • Топта ауызбіршілік пен серіктестік карым-катынас сақталды;

  • Топтағы бірлік, ауызбіріиІліктің бұзылғаны байқалды;

Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл -XXI ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге болады. Кері байланыс оқушы үшін-оз жетістіктері мен қателіктері туралы ойлану, алга жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін өз қызметіне қажетті өзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат.
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жон: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың еп тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың еубъективті болатынын ескеру.кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен
бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жаткандыгын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия - коп қырлы, кіріккен әрекет. Бүл әрекет оқушының психикалык қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің кәсіби әрекетін жоғары шығармашылык деңгейде жүргізуіне көмегін тигізеді. Рефлексия, яғни кері байланыс- нәтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет