Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет19/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
53-57 тақырып

1. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы киіз үй кеңестігі (орындары) неше бөлікке бөлінген:


A) 2 бөлікке бөлінген B) 3 бөлікке бөлінген C) 4 бөлікке бөлінген D) 5 бөлікке бөлінген E) 6 бөлікке бөлінген
2. киіз үйдің орталығына арналған орын:
A) Қонаққа B) ер-тұрманға C) қару-жараққа D) ошаққа E) төсекке
3. киіз үйдің қонақтарға арналған құрметті орыны:
A) босаға B) төр C) табалдырық D) ошақ маңы E) түндік
4. киіз үйде төрге қарама-қарсы есіктің жанындағы кеңестік:
A) босаға B) сықырлауық C) табалдырық D) маңдайшалық E) түндік
5. киіз үйдің ағаш қаңқасының ортаңғы бөлігі атауы:
A) шаңырақ B) кереге C) басқұр D) уық E) сықырлауық
6. қазақтарда қолөнер түрінің аса маңыздысы:
A) метал өңдеу B) ағаш өңдеу C) тері өңдеу D) зергерлік бұйым E) сүйек өңдеу
7. қазақ әйелдері үй кәсіпшіліктерінің ішіндегі негізгісі саналды:
A) ши тоқу B) қыш құмыра жасау C) киіз басу D) ошақ салу E) жіп иру
8. киіз үйде еденге төсеу үшін пайдаланылатын оюланған киіз атауы:
A) үздік B) басқұр C) түндік D) текемет E) туырлық
9. Қазақ әйелдері оюлы төсеніш дайындау кезінде ши сабақтарына қандайда бір ою жасау үшін түрлі-түсті ирілмеген жүн орау кәсібі:
A) киіз басу B) ұршық иру C) текемет тоқу D) бақұр тоқу E) ши төсеніштер тоқу
10. Қазақ халқында ХІХ ғ. дейін басым өнер түрі болған, пропорциялық, симметрия мен үйлесім, табиғи құбылыстарын стильдендіруге тән, сәндік-қолданбалы өнердің ең ежелгі түрі:
A) кестелеу B) ою-өрнек C) кілем тоқу D) әшекейлеу E) киіз басу
11. Сақтардың рухани өмірдегі сабақтастығы ретінде қазақ халқына тән сәукеле, сақтардың қандай тайпасының бас киіміне ұқсатылады:
A) Аргипий B) Исседон C) Тиграхауда D) Парадарйя E) Алан
12. Адамның ақыл-ой (менталды), мәдени және сезім ұстанымдарының, дүниетанымының жиынтығы:
A) дін B) әдет C) тәртіп D) діл E) бағыштау
13. тәңірге табынушылардың түсінігі бойынша ғалам неше әлемге бөлінген:
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
14. ежелгі түркілерде ұрпақ жалғастырушы, береке молшылықтың иесі, жер-ананың символы саналған:
A) Аид B) Авеста C) Митра D) Мани E) Ұмай
15. түркілерде жоғарғы әлемнің билеушісі тәңір саналды, орта әлемнің басты қүдіреті жер-су болды, жер асты әлемінің қүдіреті саналды:
A) Албасты B) Құз C) Түнек D) Еркілік E) Аруақ
16. Қазақтарға тараған исламдық мазхаб:
A) ханафилік B) шиттік C) шафиттік D) джафариттік E) захириттік
17. Қазақ салтында бала босануға байланысты, өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той:
A) тоқым қаар B) шілдехана C ) қырқынан шығару D) тұсау кесер E) тілашар
18. Қазақтар үй салған уақытта өзара көмекке шақыру салты:
A) тасаттық B) жылу C) тоқым қағар D) асар E) киіз басу
19. Қазақтарда әскери магия мен ата-бабаларға табыну ғұрыптарымен байланысты пайда болған жанр:
A) күй B) жыр C) жарапазан D) беташар E) ертегі
20. Қазақ дәстүрінде бақсы, жырау, қобызды жасаушы, алғашқы күйді шығарушы:
A) Асан қайғы B) Кетбұға C) Бұқар D) Оғыз E) Қорқыт
21. ХІХ ғасырда қазақ өнерін дамыған аймақтарымен сәйкестендіріңіз:
I, күй, II, ән мектебі, III. айтыс.
a, орталық және шығыс. b, батыс және орталық. c, Жетісу
A) I-b, II-c, III-a. B) I-a, II-b, III-c.
C) I-b, II-a, III-c. D) I-c, II-a, III-b.
22. Парсы тілінде Жаңа жыл дегенді білдіретін қазақ халқының ұлттық мейрамы:
A) көкпар B) наурыз C) күрес D) көрісу E) айтыс
23. Қазақ музкалық аспастарының ішекті аспаптар класына жатады:
A) Адырна B) Шаңқобыз C) Даңғара D) Дабыл E) Сыбызғы
24. ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды:
A) 2015 жылы B) 2017 жылы C) 2018 жылы D) 2019 жылы E) 2020 жылы
25. «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі.
Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі».
Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. ҰлыДаланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкібауындай байланысы ешқашан үзілмеген. 
Біз тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды қалпына келтіруде тұрған жоқ.
Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
A) Н.Назарбаев B) Қ.Тоқаев C) Д.Қонаев D) Ж.Тәшенов E) Ә.Бөкейханов
26. Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылған жоба сакраль (ерекше құрметтелетін, қасиетті):
A) «сакральді азия» B) «сакральді Түркістан» C) «Сырдария тарихы» D) «сакральді Қазақстан» E) «сакральді Жетісу»
27. XIV ғасырға жататын ескі қаланың орны Ақкөл-Жайылма орналасқан аймақ:
A) Екібастұз B) Шалқар C) Семей D) Талғар E) Алатау
28. Қазақстанда жалпы ұлттық маңызы жағынан енгізілген сакральдіқ нысандар саны:
A) 50 B) 100 C) 150 D) 200 E) 250
29. Қазақстандағы сакральді нышандарды неше топқа бөлуге болады:
A) 2 B) 3 C) 4 D) 5 E) 6
30. өз үлгісі бойынша қасиетті орындар төрт топқа бөлінеді, оның екінші тобына жататыны археология және сәулет өнерінің ескерткіштері, Қазақстанда осы екінші нысанға жататын ескерткіштердің саны:
A) 7 B) 9 C) 12 D) 15 E) 18
31. Қазақтардағы «қазақы исламның» ерекшелігі:
A) өз өмірінде мүмкіндігі жеткен жағдайда қажылық сапарын жасау, меккеге барып зиярат ету.
B) адам өміріндегі ең қажетті құндылық ретінде о дүниелік ұғымға сенбеу және оны теріске шығару.
C) ата-бабалар рухына бағыштап кесенелер салу немесе тас мүсіндерін тұрғызу.
D) діни тұжырымдарды сақтай отырып, ұлттық құндылықтарды теріске шығару.
E) ата-бабаларға сиыну мен әулиелі жерлерге тауап етудің және осыған байланысты салттардың болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет