Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет2/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
4-6 тақырып.

1. Сыма Цянның дерегі бойынша 70 қаласы болған тарихи өлке:


A) Шаш B) Шығыс Түркістан C) Ферғана D) Хорезм E) Маргуш (Маргиан)
2. ХХ ғасырдың ортасынан дами бастаған ғылымның жаңа бағыты, көшпелі мал шаруашылығының бағыты мен көшпелі қоғамның барлық қырын зерттейтін кешенді ғылым аталады:
A) Нумизматика ұғымы B) Гералдика ұғымы C) Этнография ұғымы D) Антропогенез ұғымы E) Номадистика ұғымы
3. Тянь-Шань тауынан басталып шығысқа ағатын Тарым өзені алабындағы аймақ атауы:
A) Мәуереннахр B) Шығыс Түркістан C) Ферғана D) Хорезм E) Жетісу
4. грекше Трансоксиана «өзеннің арғы жағындағы ел» атанған тарихи өлке:
A) Мәуереннахр B) Шығыс Түркістан C) Ферғана D) Хорезм E) Жетісу
5. Еуразияның кең даласында мыңдаған жылдар бойы үстемдік еткен көшпеліліер өркениетінің бесігі саналды:
A) Кіші Азия B) Орталық Азия C) Таяу шығыс Азия D) Шығыс Азия E) Оңтүстік Азия
6. б.з.б. VI-V мыңжылдықта тас өңдеу техникасының жетілуі, ағаш пен сүйектен жаңа еңбек құралдарының жасалуымен материалдық өндірістер жүйесіне бетбұрыс әкелген төңкеріс:
A) Полеолиттік төңкеріс B) Мезолиттік төңкеріс C) Неолиттік төңкеріс D) Энеолиттік төңкеріс E) Қола төңкерісі
7. Неолиттік төңкерістің ең маңызды қадамдарының бірі:
A) егіншіліктің пайда болуы мен отырықшылыққа көшуі B) Аталық рудың қалыптасуы C) көшпелі мал шаруашылыққа көшу D) қалалардың пайда болуы E) аналық рудың орнауы
8. б.з.б. VI мыңжылдықта Орталық Азия бойынша алғаш рет жер өңдеп, дәнді дақылдарды өсіруді меңгергендер:
A) Ботайлықтар B) Атбасарлықтар C) Ферғаналықтар D) Жейтундықтар E) Хорезмдіктер
9. Орталық Азиядағы алғаш отырықшы-егіншілік өркениеттің қалыптасуы басталған (Анау мәдениеті) аймақ:
A) Оңтүстік Түркіменстан B) Солтүстік Өзбекстан C) Оңтүстік Қазақстан D) Солтүстік Қазақстан E) Солтүстік Түркіменстан
10. Орталық Азияның оңтүстігіндегі (Анау мәдениеті) егіншілер суармалы егіншілікті меңгерген кезең:
A) Мезолит B) Неолит C) Энеолит D) Қола E) Темір
11. б.з.б. ІІІ мың жылдықтың екінші жартысындағы Еуразиядағы климаттық өзгерістің сипаты:
A) жаңбырлы B) құрғақшылық C) аязды D) құмды E) боранды
12. б.з.б. ІІІ мың жылдықтың соңында пайда болды:
A) дөңгелекті көлік (арба) B) садақ пен жебе C) жылқыны қолға үйрету D) қыш құмыра жасау E) жинамалы кигіз үй
13. б.з.б. ІІ мың жылдықтың соңында пайда болды:
A) дөңгелекті көлік B) садақ пен жебе C) жылқыны қолға үйрету D) қыш құмыра жасау E) жинамалы кигіз үй
14. Малшаруашылығы мен егіншілік секілді өндіруші экономиканың пайда болған дәуірі:
A) кейінгі палеолит B) мезолит C) неолит D) энеолит E) қола
15. Әмударияның ежелгі грекше атауы:
A) Окс B) Сыр C) Маргуш D) Согдия E) Фараб
16. б.з.б. XVIII-XIII ғ. қола дәуірінде Орталық Азияның оңтүстігінде, Мурғаб жазирасында таралған отырықшы-егінші, қалалық мәдениет:
A) Ферғана B) Маргуш (Маргиан) C) Соғды D) Хорезм E) Жетісу
17. б.з.б. І мың жылдықта пайда болып, мұсылман дәуіріндегі Орталық Азияның ең басты қалаларының бірі болған қала:
A) Топыраққала B) Алтын-депе C) Мерв D) Мараканд E) Фараб
18. б.з.б. ІІІ мың жылдықтағы қуаңшылықтан азайып кеткен мал басы:
A) Жылқы B) Сиыр C) Қой D) Ешкі E) Түйе
19. Көшпеліліктің пайда болуының алғы шарттары:
A) жинамалы кигіз үй мен жануарларды қолға үйрету B) егіншілік пен отырықшылықтың пайда болуы C) балық шаруашылығы мен аңшылықтың қалыптасуы D) жеке меншіктің пайда болуы E) дөңгелекті көлік пен атқа салт міну
20. мықты қорғандары мен сарайлары бар V Намазга-депе мен Алтын-депе қалалары жатады мәдениет:
A) Ферғана B) Маргуш (Маргиан) C) Соғды D) Хорезм E) Жетісу
21. Орта ғасырда Хорезм аймағында құрылған хандық:
A) Бұқар B) Хиуа C) Бактрия D) Ташкент E) Қоқан
22. Өз жазуларын қалыптастырып, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шығыс Түркістан, Жетісу мен Тараз өңірлерінде сауда орындарын ашқан, сауда мен қолөнермен айналысатын халық:
A) гректер B) ферғаналықтар C) қытайлар D) соғдылықтар E) түріктер
23. су каналдарын Сырдариядан тартатын, тау аңғарында орналасқан ойпат атауы:
A) Ферғана B) Маргуш (Маргиан) C) Соғды D) Хорезм E) Шаш
24. XVI ғасырда Қазақ хандығы мен Бұқар әмірлері арасында тартысқа түскен қала:
A) Бұқара B) Самарқан C) Ташкент D) Тараз E) Сығанақ
25. Шаш шаһары Ташкент атала бастады:
A) V ғасырдан бастап B) VII ғасырдан бастап C) IX ғасырдан бастап D) XI ғасырдан бастап E) XIII ғасырдан бастап
26. Соғдының солтүстігі мен Шыршық және Ангрен өзендерінің алқабын, сондай-ақ, Сырдарияның оң жағалауын қамтитын тарихи өлкнің тарихи атауы (Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстанның солтүстік-шығыс бөлігінің арасы):
A) Ферғана B) Маргуш (Маргиан) C) Соғды D) Хорезм E) Шаш
27. Өркениет ошақтары мен қалаларды сәйкестендіріңіз:
І. Гонур, Мерв. ІІ. Топыраққала. ІІІ. Мараканд. ІV.Фараб.
a. Хорезм. b. Шаш. c. Маргуш. d. Соғды.
A) І-b, ІІ-d, ІІІ-a, IV-c.
B) І-c, ІІ-a, ІІІ-d, IV-b.
C) І-d, ІІ-c, ІІІ-a, IV-b.
D) І-c, ІІ-d, ІІІ-a, IV-b.
E) І-a, ІІ-d, ІІІ-b, IV-c.
28. Шаштың солтүстігін Сырдария аймағы алып жатыр, аймақ қаңлы атымен авестада кездеседі, Сыма Цян «Қаңлы мемлекеті» деп атады. Бұл мәдениеттің Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан қала:
A) Ташкент B) Фараб C) Самарқан D) Сығанақ E) Созақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет