Дайындық тест. 10-сынып
28-29 тақырып.
1. қағанаттарды жылдарымен сәйкестендіріңіз:
I. Түрік қағанаты. II. Батыс Түрік қағанаты. III. Екінші Шығыс түрік қағанаты. IV. Түргеш қағанаты.
a. 552-603 жж. b. 682-744 жж. c. 603-704 жж. d. 704-756 жж.
A) I-c, II-a, III-b, IV-d.
B) I-a, II-c, III-b, IV-d.
C) I-a, II-c, III-d, IV-b.
D) I-d, II-b, III-c, IV-a.
2. Түрік қағанатының негізін қалаушы, Ұлы Жағбу атағын алған:
A) Бумын B) Мұқан C) Білге D) Тон ябғу E) Күлтегін
3. Түрік қағанатын билеуші әулет:
A) Бұлақ B) елбөрі C) Ашина D) Яғма E) Жікіл
4. Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекеттеріне салық салған түрік қағаны:
A) Бумын B) Мұқан C) Шегу D) Тон ябғу E) Істемі
5. VI ғасырдың ІІ жартысында Иран шахмен одақтасып, эфталитеттерді жеңген түрік қағаны:
A) Бумын B) Мұқан C) Шегу D) Тон ябғу E) Істемі
6. Түрік қағанаты сауда және дипломатиялық байланыстар орнатқан ел:
A) Қытай B) Византия C) Эфталитет D) Жужан E) Үндістан
7. Түрік қағанатында ру ақсүйектері аталды:
A) бектер B) шадтар C) тудундар D) селифтер E) бұдындар
8. Түрік қағанатында жауынгерлік жасқа жеткен әрбір ұл бала аңшылық немесе әскери ерлік жасап, арнаулы ғұрыптан өтіп алатын атағы:
A) бөрі B) тұйғын C) ер D) баһадұр E) батыр
9. Батыс Түрік қағанатының саяси беделін күшейіткен қағандар:
А) Елтеріс, Бумын В) Шегу, Тардуш С) Шегуй, Тон жабғу Д) Тон жабғу, Мұқан Е) Бумын, Шегуй
10. VII ғасырда «Он оқ будун» жүйесін енгізген қағанат:
А) Эфталиттер мемлекеті В) Шығыс түрік қағанаты С) Батыс түрік қағанаты Д) Қарлұқ қағанаты Е) Түргеш қағанаты
11. Түрік қағанатында ақша соғу ісін жүзеге асырғандар:
A) хорезмдіктер B) соғдылықтар C) ферғаналықтар D) қытайлар E) парсылар
12. 634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен билік басына келіп, «он оқ» жүйесін қалпына келтіруге тырысып әкімшілік реформа жасаған қаған :
А) Тон жабғу В) Жыпыр С) Ешбар Елтеріс Д) Тардуш Е) Шегу
13. Елтерістің бақылауды күшейту мақсатында, әр тайпаға жіберген қағанның туысы аталды:
A) бек B) түтік C) шад D) инал E) жабғу
14. Батыс және Шығыс Түрік қағанаттарына басып кірген қытайлық империя:
A) Цзинь B) Жоу C) Мин D) Таң E) Хань
15. 699 жылы Жетісуда билікті қолына алған түргеш көсемі:
А) Сұлу В) Құтшар С) Үшілік D) Жыпыр Е) Сақал
16. түргеш қағанаты неше әкімшілік аймаққа бөлінді:
А) 10 В) 45 С) 20 D) 40 Е) 30
17. 708 жылы Кучадағы қытай әскерін талқандаған түргеш қағаны:
А) Сұлу В) Құтшар С) Үшілік D) Жыпыр Е) Сақал
18. 711 жылы шығыс түркілердің қолынан қаза тапқан түргеш қағаны:
А) Сұлу В) Құтшар С) Үшілік D) Жыпыр Е) Сақал
19. Шығыс Түрік қағаны Білге мен інісі Күлтегіннің түргештерге жасаған жорығы осы аймаққа дейін жетті:
A) Парыларға B) Ферғанаға C) Соғдыларға D) Византияға E) Кіші Азияға
20. Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған:
А) Сұлу В) Құтшар С) Үшілік D) Жыпыр Е) Сақал
21. 732 жылы түргештерді талқандап, Бұхара қаласын басып алды:
A) қытайлар B) арабтар C) прасылар D) шығыс түркілер E) қарлұқтар
22. Шығыс Түрік қағанатының ордасы Өтікен орналасқан тау:
A) Алтай тауларын B) Тянь-Шань таулары C) Тарбағатай таулары D) Хангай таулары E) Бұлғын таулары
23. Екінші Шығыс түрік қағанатының алғашқы қағаны:
А) Бумын В) Құтлық С) Тардуш D) Оғұлшақ Е) Қапаған
24. Шығыс Түрік қағанатын қуатты мемлекетке айландырған қаған:
А) Қара Еске В) Мұқан С) Қапаған D) Бумын Е) Тардуш
25. 723 жылы Білге қаған мен Күлтегін соғыста жеңіске жетті:
A) Арабрмен B) Парсылармен C) Юэчжилармен D) Жужандармен E) Қытайлармен
26. Күлтегін мен Білге қағанға арнап орнатылған құлпытас қай өзеннің бойында орналасқан:
A) Ертіс B) Есіл C) Орхон D) Талас E) Іле
27. 731 жылы қайтыс болған Шығыс Түрік қағанатының батыры:
A) Білге B) Қапаған C) Тонкөк D) Күлтегін E) Йолығ-тегін
28. 744 жылы биліктен кеткен әулет:
A) Яғлақар B) Ашина C) Бұлақ D) Жікіл E) Яғма
Достарыңызбен бөлісу: |