Дайындық тест. 10-сынып 1-3 тақырып. Рессей империясы кезінде «Орта Азия»



бет11/21
Дата22.12.2022
өлшемі0.69 Mb.
#467733
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Джандосова тест

Дайындық тест. 10-сынып
31-32 тақырып
1. Моңғол тайпалары қытай дереккөздерінде көбінесе осы атаумен кездеседі:
A) татарлар B) қидандар C) шүршіттер D) жужандар E) түркілер
2. Шыңғыс ханның шын есімі:
A) Тарғұлтай B) Темучин C) Жамұқа D) Мұқылай E) Есугей
3. 1203 жылы Шыңғысхан бағындырды:
A) найман B) жалайыр C) керей D) қытай E) сібір халықтары
4. Шыңғысхан барлық моңғол тайпаларын қол астына біріктірген жыл:
A) 1206 жылы B) 1208 жылы C) 1211 жылы D) 1218 жылы E) 1220 жылы
5. 1215 жылы Шыңғыс хан бағындырды:
A) Орта Азияны B) Сібірді C) Солтүстік Қытайды D) Орыс жерлерін E) Оңтүстік Қытайды
6. 1224 жылға қарай Шыңғыс хан бағындырды:
A) Орта Азияны B) Сібірді C) Солтүстік Қытайды D) Орыс жерлерін E) Оңтүстік Қытайды
7. 1210 жылы Қарақытай мемлекетін басып алған найман ханы:
A) Даян B) Торы C) Күшілік D) Жамұқа E) Мұқылай
8. Моңғолдар күшілік ханды талқандап, Жетісуды өздеріне қосып алды:
A) 1215 жылы B) 1216 жылы C) 1218 жылы D) 1220 жылы E) 1222 жылы
9. 60 мыңдық хорезм әскерін басқарған Мұхаммед пен Жошы басқарған моңғол әскері арасында шайқас өтті:
A) Жетісуда B) Сырдария бойында C) Мәуереннахрда D) Торғай даласында E) Отырар қаласында
10. 1219 жылы Шыңғыс хан Хорезмге жорыққа аттанды:
A) 100 мың әскермен B) 200 мың әскермен C) 300 мың әскермен D) 400 мың әскермен E) 500 мың әскермен
11. Отырарды қоршауға алған Шыңғысханның ұлдары:
A) Жошы мен Шағатай B) Шағатай мен Төле C) Шағатай мен Үгедей D) Жошы мен Төле E) Жошы мен Үгедей
12. Сығанақты қоршауға алып қиратты:
A) Жошы B) Шағатай C) Үгедей D) Төле E) Құбылай
13. Шыңғыс хан қайтыс болды:
A) 1217 жылы B) 1224 жылы C) 1227 жылы D) 1230 жылы E) 1235 жылы
14. Шыңғыс ханнан кейін Ұлы Моңғол империясын басқарған мұрагерлерін ретімен қойыңыз:
I. Үгедей. II. Күйік. III. Мөңке.
A) III, II, I. B) II, III, I. C) I, III, II. D) I, II, III.
15. Шыңғыс хан құрған біртұтас мемлекеттің сол қанат атауы:
A) Жоңғар B) Барунгар C) Кул (гол) D) Жұрт E) Ұлыс
16. Көшпенділер мемлекетінің үшінші үлгісі, Дамыған көшпелілер империясына жатады:
A) Сақтар империясы B) Ғұндар империясы C) Түрік империясы D) Моңғол империясы E) Ляо империясы
17. Дамыған көшпелілер империясының ерте көшпелілер империясынан басты айырмашылығы:
A) тұрақты әскері болуында B) заңның болуында C) біртұтас басқару құрлымының болуында D) әкімшілік аймақтарға бөлінуде E) салық жинау жүйесінің реттілігінде
18. 1206 жылы құрылтайда қабылданып,1225 жылы бекітілген
Моңғол империясының заңы:
А) Қасқа жол В) Жеті жарғы С) Ескі жол D) Ұлы жасақ Е) Дұрыс жауабы жоқ.
19. Шыңғыс ханның нақыл сөздер жинағы:
A) хақлия B) біліктер C) түзімдер D) ережелер E) жинақтар
20. Моңғол империясында ерекше сіңірген еңбегі үшін артықшылықтар алған, жауапкершілікке тоғызыншы рет жасаған елеулі қылмысы үшін ғана тартылып, құқықтық тұрғыда Шыңғыс хан ұрпақтарынанда жоғары тұрған адамдар аталды:
A) тархандар B) басқақтар C) даруғалар D) ерлер E) баһадұрлар
21. Моңғол империясындағы маңызды мәселелерді шешетін Шыңғыс ұрпақтары мен ақсүйектері жиналысы:
A) билер кеңесі B) халық жиналысы C) мәжіліс D) ақсүйектер кеңесң E) құрылтай
22. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Сырдарияның бойындағы қалалардың көп бөлігі Шыңғыс ханның қайсы ұлының ұлысына берілді:
A) Жошы B) Шағатай C) Үгедей D) Төле E) Құбылай
23. Жошы ұлысының шығыс бөлігі болатын, сол қанаты еншісіне берілген ұлы:
A) Бату B) Ноғай C) Өзбек D) Шайбан E) Орда Ежен
24. 1260 жылдардың соңына қарай Моңғол империясы ыдырап, Жошы ұлысының алғашқы тәуелсіз билеушісі болды:
A) Бату B) Сарта C) Берке D) Өзбек E) Жәнібек
25. Берке ханның мұрагері болған осы ханнан бастап, Алтын Орда тәуелсіз мемлекет болып есептелді:
A) Менгу-Темір B) Өзбек C) Жәнібек D) Барақ E) Тохты
26. 1269 жылы Моңғол ақсүйектерінің құрылтайы өткен жер:
A) Сырдария B) Талас C) Іле D) Ертіс E) Жайық
27. Моңғол империясы ыдырағаннан кейінгі құрылған төрт мемлекетті териториясымен анықтаңыз:
I. Жошы ұлысы (Алтын Орда). II. Шағатай ұлысы. III. Хулагу мемлекеті. IV. Юань империясы.
a. Иранда құрылып, тақ мұрагерлері Ильхан атағын алды. b. Құбылай негізін қалады, 1368 жылға дейін Моңғолия мен Қытай жерінде өмір сүрді. c. Ертістен Дунайға дейінгі ұлы дала, оның ұрпақтары дешті қыпшақта ХІХ ғ. ортасына дейін билік жүргізді. d. XIV-XVII ғғ. аралығында Мәуереннахр, Жетісу, Қашқария жерлерінде билік жүргізді.
A) I-b, II-d, III-а, IV-c.
B) I-c, II-a, III-d, IV-b.
C) I-c, II-d, III-а, IV-b.
D) I-d, II-c, III-b, IV-a.
E) I-a, II-b, III-c, IV-d.
28. 1296 жылы Алтын Орда тағына талас нәтижесінде қайтыс болған жошы ұрпағы, оң қанат әскербасы:
A) Сартақ B) Тоғым C) Өзбек D) Ноғай E) Жәнібек
29. 1313-1341 жж. билік жүргізген, Исламды мемлекеттік дін деп жариялап, Алтын Орданы күшейткен хан:
A) Сартақ B) Меңгу-Темір C) Өзбек D) Берке E) Жәнібек
30. Алтын орданы күшейткен, Өзбек ханның мұрагері:
A) Сартақ B) Меңгу-Темір C) Тохты D) Берке E) Жәнібек
31. Алтын Орда да XIV ғасырдың екінші жартысындағы жиырма жылда жиырма хан ауысқан кезең атауы:
А) ұлы көш В) ұлы дүрбелең С) ұлы сергелдең D) ұлы шайқас Е) ұлы жасақ
32. Алтын Орда да XIV ғасырдың екінші жартысында Еділден батысқа қарай бүкіл даланы бақылауында ұстаған, Батудың бірнеше ұрпағының беклербегі болған:
A) Мамай B) Едіге C) Нұраддин D) Бердібек E) Полатшы
33. Ол XIV ғасырдың соңында Жошы ұлысының бүкіл аумағын біріктірген соңғы хан болды:
A) Мамай B) Тохты C) Бердібек D) Шейх Ахмет E) Тоқтамыс
34. 1391 және 1395 жылдары Тоқтамысты екі рет жеңіп, Алтын Орданы алапат тонаушылыққа ұшыратты:
A) әмір Полатшы B) әмір Едіге C) әмір Темір D) әмір Дулат E) әмір Хайдар
35. Тоқтамыстың жеңілісінен кейін Жошы ұлысының көп бөлігін бақылауына алған маңғыт биі:
A) Нұр ад-дин B) Едіге C) Мұса D) Уақас E) Жаңбыршы
36. XV ғасырдың бас кезінде Шығыс Дешті Қыпшақтағы билікті басып алды:
A) Бату ұрпақтары B) Орда Ежен ұрпақтары C) Шағатай ұрпақтары D) Шайбан ұрпақтары E) Тоқай Темір ұрпақтары
37. Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының түйіскен жері болды:
A) Алтай B) Мәуереннахр C) Сырдария бойы D) Жетісу E) Ферғана
38. XIV ғасырдың 40-жылдары өзара қырқыстан ыдырай бастаған ұлыс:
A) Шағатай ұлысы B) Жошы ұлысы C) Үгедей ұлысы D) Төле ұлысы E) Хулагу ұлысы
39. Моңғол шапқыншылығынан және өзара қырқыстар нәтижесінде қала мәдениеті мен отырықшы-егіншілік апатқа ұшырап, таза көшпелі аймаққа айналды:
A) Шығыс Түркістан B) Мәуереннахр C) Оңтүстік Қазақстан D) Жетісу E) Хорезм
40. Контекс:

Алтын Орданың мемлекеттік құрылысы
Мемлекетті басқару аппараты Бату мен Берке кезінде қалыптасты. Мемлекет басында шексіз билікке ие хан тұрды. Ханның жанында бектерден тұратын кеңес болды, алайда құрылтай бұрынғы маңызын жоғалтты. Құрылтайлар, әдетте, таққа жаңа ханды отырғызу үшін шақырылды. Беклербек басқарған бектер (түменбасылар, мыңбасылар) шегаралық аймақтарды басқарды. Бекілербектің қолына әскерге, дипломатиялық қызыметке, сот ісіне басшылық жасау шоғырланды. XIV ғасырда Алтын Орда әскерінде бақылайтын аймақтар санына байланысты шамамен 70 түменбасы болды. Отырықшы аймақтарды хан ордасындағы уәзірге (диуанды, салық басқармасын басқаратын) бағынатын даруғалар (басқақтар) бақылауда ұстады. Астананың негізі (Сарай) қаланды, астана мен облыстардың арасында почта байланысы ұйымдастырылды, салықтар мен міндеткерліктер белгіленді. Шенеуніктік аппарат қатаң түрде жоғары билікке бағындырылды. Мұсылмандық облыстарды муфтицлер мен шейхтар ықпалды болды. Сот саласында моңғол сотымен қатар шариғаттық сот (қазылар соты) та қолданылады.
Өзбек хан әкімшілік реформа жүргізіп, оң қанатты ұлыстық әмірлер (ұлысбектер) басқаратын төрт ұлысқа – Сарай, Хорезм, Қырым және Дешті Қыпшаққа бөлді. Ол басқақтыққа тыйым салды. Кейін орыс князьдері алымды өздері жинай бастады. Осылайша Өзбек хан Жошы ұрпақтары мен қыпшақ рулық ақсүйектерінің бытыраңқылығын әлсіретіп, билікті нығайтты.
1. Алтын Орда да құрылтай өз маңызын жоғалту себебі:
A) билік мұрагерлік жолмен берілді. B) хан билігі шексіз болды. C) ханды таққа отырғызу үшін керек болмады. D) хан билігі құрылтай шақыруға қауқарсыз болды. E) Шыңғыс ұрпақтары арасында алауыздық болдырмас үшін.
2. Алтын Орда да ең жоғарғы әскери лауазым қатарына жатады:
A) бек B) түменбасы C) мыңбасы D) беклербек E) қарауыл
3. Алтын Орда да отырықшы халықтан салық жинаушылар:
A) уәзір B) диуан C) даруғалар D) ұлысбегі E) қазылар соты
4. Өзбек ханның басқақтыққа тыйым салу себебі:
A) хан билігін нығайту. B) тек орыс князьдеріне салық жинату. C) Шайбан ұрпақтарының билігін нығайту. D) түркілік тайпаларды қатаң тәртіпке салу. E) феодалдық жүйені реттеу.
5. Картаға қарап, Алтын орданың Астаналары мен орналасқан жерін анықтаңыз:
I. Сарай Бату қаласы. II. Сарайшық қаласы. III. Сарай Берке қаласы. IV. Сырдария бойында. V. Еділ өзені бойында. VI. Жайық өзені бойында.
A) I, II, VI. B) I, III, V. C) II, III, V. D) I, II, VI. E) I, III, VI.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет