Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет10/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Берікбай Сағындықұлы, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының 
докторы 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайында қазақ тілінде түсінікті етіп жазылған 
кітап бірен-саран ғана болатын. Сол кеңістікті Дамира екі томдық кітабымен 
толтырды. Мен айтар едім, кітап кез келген оқырманды бей-жай 
қалдырмайды. Себебі қарапайым, түсінікті тілмен жазылған кітапта қызықты 
фактілер келтірілген. Бұл кітап сонысымен құнды. 
Асылан Жақсылықов, 
Филология ғылымдарының докторы, профессор 


11
Ғ
ибрат - ғұмыр 
 
Адамзаттық асыл тәжі - екі дүние пайғамбары, Аллаһ Тағаланың 
сүйікті елшісі Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уа сәллам) екендігі 
даусыз. 
Ол өзіне дейінгі бүкіл пайғамбарлардың жоғары қасиеттері мен ұлы 
жолын жалғастырушы, толықтырушы әрі тәмамдаушы ретінде келді. 
Ол келмес бұрын дүниенің халі мүшкіл, адамзат өмірі түнекте 
болатын. 
Оның нұры күллі ғаламға сәуле боп төгілді. Хазіреті Мұхаммедтің 
келуімен көңілдерді перделеген қараңғылық серпіліп, саналарды тұмшалаған 
тұман сейілді. Иман кәусарына қаныққандар жаратылыстың мәнін ұға 
бастады. 
Небары жиырма үш жыл ішінде Ол екі дүниеде өшпейтін, өлмейтін 
киелі мұра қалдырды. Арадан он төрт ғасыр өтсе де, Оның мирасын жүрек 
түкпірінде сақтаған түрі мен тілі басқа бір жарым миллиардтан астам 
үмметінің қатары күннен күнге көбейе түсуі - осының айғағы. Оның үмметі 
күн сайын есімін атап, Оған салауат айтып қана қоймай, өмір жолын
мінез-құлқын өнеге етіп келеді. 
Әрбір адам өз бойынан табылуын қалайтын сабыр, ұстамдылық, 
қанағат, дархандық, кішіпейілділік, батылдық сияқты көркем мінез-
құлықтар бар. Бұл — адамды нағыз адам ететін асыл қасиеттер. Ардақты 
қасиеттердің, әсем мінез-құлықтың барлығы бойынан табылатын өнегелі 
тұлға - екі дүние пайғамбары Мұхаммед (с.а.у.) екендігіне шүбә 
келтірмейтініміз ақиқат. Оның жоғары керемет көркем мінез-құлық иесі 
екендігі Аллаһ Тағаланың қасиетті кітабы Құранда былайша сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет