Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет135/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

АЛҒАШҚЫ АЗАН 
Хижреттің алғашқы жылы ... 
Меккеде мұсылмандар мүшріктердің қаупінен сақтанып, әрі кесімді 
бұйрық болмаған соң ғибадаттарын жасырын жасайтын. Үйге, тау-тастың 
қалқасына тығылып, сырт көзден тасаланып намаз оқитын. Сол себепті 
намазға жар салып шақыру жайы ешкімнің өңі түгіл, түсіне де кірмеген-ді. 
Ал Мәдинада шарттар мүлде өзгеше, діни қысым атымен жоқ, мұсылмандар 
жайбарақат намаз оқып, Құран оқитын болды. Зұлымдықтан, азап пен 
қорлаудан арылып, емін-еркін Исламның шарттарын орындайтын болған. 
Пайғамбар мешіті де тұрғызылды. Алайда мұсылмандарды намаз уақыты 
кіргенде бір жерге жинайтын шақыру үрдісінің жоқтығы білініп, қажеттігі 
күн тәртібіне қойылды. Мұсылмандардың бір тобы мешітке ерте келіп, намаз 
уақытының болуын сарыла күтетін. 
Бір күні пайғамбарымыз сахабаларын жинап, мәжіліс шақырды. 
Мұндағы негізгі мәселе - намазға шақырудың белгілі бір тәртібін 
қалыптастыру. Сахабалардың кейбіреулері христиандар сияқты қоңырау 
соғуды, енді біреулер яһудилерге еліктеп керней тартуды, үшіншілері намаз 


208
уақыты кіргенде мәжусилер сынды от жағып биік төбенің басынан белгі 
беруді ұсынды. Расулаллаһ бұл ұсыныстардың ешбірін құптамады. 
Хазіреті Омар тұрып: 
"Уа, Расулаллаһ! Халықты намазға шақырушы етіп біреуді сайлап 
қойсақ қайтеді?" - деді. 
Мұхаммед(с.а.у.) Хазіреті Омардың ойын құптап сол жерде Хазіреті 
Біләлге: 
"Уа, Біләл! Орныңнан тұрып, ел-жұртты намазға шақыр!" - деп 
бұйырады. 
Біраз уақытқа дейін Хазіреті Біләл намаз уақытында Мәдина көшелерін 
"Намазға! Намазға келіңдер" деп жар салып аралап шығатын. 
Хазіреті Біләл намазға шақырушы боп тағайындалған соң арадан 
бірнеше күн өткенде Абдуллаһ ибн Зәйд түс көреді. Түсінде оған азанды 
қайтіп шақыру керектігі үйретіледі. 
Абдуллаһ таң атар-атпастан қуанышы қойнына сыймай келіп, көрген 
түсін Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.) бүге-шігесіне дейін баяндап береді. 
Хазіреті Мұхаммед те (с.а.у.) тыңдап болған соң "Бұл түсте шындық бар" деп 
азан шақыруды дәл сол күйінде қабылдайды. 
Хазіреті Абдуллаһ пайғамбарымыздың бұйыруымен түсінде аян болған 
азан айтудың ретін Хазіреті Біләлге үйретеді. Сол сәтті асыға күткендейін, 
Хазіреті Біләлдің асқақ та айбарлы дауысы Мәдина көкжиектеріне ұласып 
жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет