Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Фатима мен Әлидің үйленуі



Pdf көрінісі
бет158/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Фатима мен Әлидің үйленуі 
Хижреттің 
бесінші 
айында, 
ережепте 
сахаба 
Әлиге 
Фатима 
айттырылып, некелері қиылған-ды. Хижреттің екінші жылы Бәдір 
жорығынан соң зилхижжа айында екі жас отау тігеді. 
Хазіреті Фатима Пайғамбарымыздың кенжесі, әрі балаларының 
ішіндегі ең сүйіктісі. Пайғамбарымыз алыс сапардан, жорықтан оралғанда 
алдымен мешітке кіріп екі рәкат намаз қылатын да, жолай қызы Фатимаға 
соғып, содан соң ғана әйелдерінің халін білетін. 
Хазіреті Зейнептің Мәдинаға келуі 
Бәдірде тұтқынға алынғандар арасында Хазіреті Зейнептің күйеуі, 
пайғамбарымыздың күйеу баласы Әбу Ас ибн Рәби де бар еді. Еркіндікке 
шыққан соң ол Меккеге оралады. Бұған дейін Мәдинаға көшуге наразы 
болған Әбу Ас ибн Рәби' Зейнепке көшуге рұқсат береді. 
Бәдір жорығынан кейін арада бір ай өткенде Расулаллаһ Зәйд ибн 
Хариса мен әнсар мұсылмандардан біреуін арнайы Меккеге жолдап, қызы 
Зейнепті алдырады. 


239
Осы жылдың тағы бір оқиғасы, муһажир мұсылман Осман ибн 
Мазунның мәңгілік сапарға аттануы. Муһажирлерден бірінші болып Бақи 
зиратына қойылған осы Осман ибн Мазун. 
Алғашқы Құрбан айт намазы 
Зилхижжа 
айының 
тоғызында 
Мұхаммед 
(с.а.у.) 
мұсылман 
жамағатымен намаз алаңына жиналды. Сол жерде алғаш рет азансыз, 
қаматсыз екі рәкат құрбан айт намазын қылдырады. Намаз оқылған соң 
құрбандық шалу жөнінде хұтба оқып, оның мәнін жан-жақты түсіндіреді. 
Өзі бас болып семіз екі ақ қошқар сатып алып сояды. Біріншісін құрбан 
еткенде былайша дұға етеді: 
"Аллаһым! Бұл сенің бірлігіңді мойындап, сенен маған түскендерге 
иланған бүкіл үмметімнің атынан құрбан", екіншісін бауыздап жатып : "Бұл 
Мұхаммед пен оның отбасы үшін", - дейді де етін жарлы-жақыбайға таратып 
беріп, өздеріне де үлес айырады. 
Ислам тарихындағы тұңғыш құрбан айты - осы. 


240


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет