Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ҮММҮ СӘЛАМАМЕН ҮЙЛЕНУІ



Pdf көрінісі
бет185/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

 
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ҮММҮ СӘЛАМАМЕН ҮЙЛЕНУІ 
Хазіреті Үммү Сәламаның шын аты - Хинд, өзі Махзум тайпасынан 
Үмәййа ибн Муғираның қызы. Күйеуі Абдуллаһ ибн Абдул Әсәд Исламды 
қабылдағанда мүшріктерден жәбір көріп, ақыры Хабашстанға көшкен. 
Құрайыш мүшріктерінің басшылары мұсылмандықты қабылдапты деген 
сөзге 
сеніп, 
жол 
ауыртпалығына 
қарамастан 
Меккеге 
оралғанда, 
естігендерінің жай қаңқу екенін көріп қиналады. Сонан соң Мәдинаға қоныс 
аударады. 
Сол Абдуллаһ ибн Абдул Әсет Ухуд соғысында жараланып, онысы күн 
өткен сайын асқынып, ақыры қайтыс болады. Артында Үммү Сәләма төрт 
баласымен жесір қалады. 
Үммү Сәлама бір күні күйеуінің көзі тірісінде әңгімелесіп отырып 
былай дейді: 
"Естігенім бойынша күйеуі өліп жәннатқа кірсе, әйелі де жәннатқа 
лайық болса және кейіннен ешкімге тұрмысқа шықпаса, Аллаһ ол екеуін 
жұмақта да қосақтайды екен. 
Керісінше әйелі өліп, күйеуі басқа әйелге үйленбесе, жұмақтық 
болғанда Аллаһ бақи өмірде де жұптарын жазбайды. 
Алдымызда не барын кім білсін, дегенмен екеуіміз бір-бірімізге серт 
берейік, кім бірінші бақилық болса да, тірі қалғанымыз неке жаңғыртпайтын 
болайық". 
Жолдасы оған қарсы шығып: 


278
"Жо-жоқ олай деме, сен менің айтқанымды тыңдар болсаң, менен кейін 
жалғыз қалушы болма, тұрмыс құр, балаларға бас -көз болар адам тапсаң 
разымын. 
Аллаһым! Үммү Сәламаға менен кейін менен де қайырлы, 
ренжітпейтін, кемсітпейтін жар нәсіп ет!"- дейді. 
Жолдасы өліп, Үммү Сәлама жесір қалады. Арадан біршама уақыт 
өткенде алдымен Әбу Бәкір, сосын Омар оған сөз салады. Ондағы 
мақсаттары жесір әйел, жетім балаларға қамқор болу еді. Үммү Сәлама 
екеуіне де қарсылық білдіреді. Мұнан соң Пайғамбарымыз онымен үйленгісі 
келетінін айтып хабар жолдайды. Үммү Сәлама айыпқа бұйырмауын өтініп: 
"Мен жас емеспін, бала-шағам бар. Әрі қызғаншақпын. Некеге 
куәгерлік ететін ата-анам да қасымда емес",- деп жауап береді. 
Жауабын алған соң ардақты Пайғамбарымыз өзі келіп ұсынысын 
қайталайды. 
"Сен жас емеспін дейсің, өзіңнен үлкен еркекпен бас қосуыңа болады. 
Жетім балаларыңды алға тартасың. Олардың жағдайын Аллаһ пен 
оның Расулы жасайды. 
Қызғаншақпын депсің, мұның да ретін келтіруді Аллаһтан сұраймын. 
Куәлік ететін жақыным жоқ дейсің, жақындарыңның қай-қайсысы да 
маған разы болары даусыз",- деді. 
Үммү Сәлама айтылғандарды тыңдап болған соң екі сөзге келместен 
қасында отырған ұлына қарап: 
"Түр, Омар, менің Расулаллаыіен некемді қи",- деді. 
Осылайша Аллаһ Тағала Абдуллаһтың өлімінен бұрын жасаған 
дұғасын қабыл етіп, Үммү Сәламаға адамзат баласының ең қайырлысына жар 
болу бақытын бұйыртты. 
Сүйікті Пайғамбарымызбен үйленгенде 44 жастағы Үммү Сәлама 
хижреттің 59-жылында, 84 жасында өмірмен қоштасады. Жаназасын Әбу 
Хурайра оқып, Бақи зиратына жерленеді. 
Үммү Сәлама жазуды білмегенмен оқуға жүйрік болған. Әсіресе, 
шариғат заңдарын жетік меңгерген. Расулаллакган естіп өзгелерге жеткізген 
хадистеріыің ұзын саны төрт жүзге жуық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет