Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Әлидің анасы Фатима о дүниелік болды



Pdf көрінісі
бет188/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Әлидің анасы Фатима о дүниелік болды 
Фатима бинти Әсәд Аллаһтың нәбиінің көкесі Әбу Тәліптің жары еді. 
Алғашқылардың бірі болып, мұсылмандықты қабылдап, Мәдинаға көшкен. 
Пайғамбары-мызға бала жасында көп қызмет жасаған бұл әйел оны өз 
балаларынан жақын көретін. Хазіреті Мұхаммед те оны ерекше сыйлап, 
күрмет көрсететін. 
Жоғары көркем мінез иесі Фатима ханым хижреттің төртінші жылы 
Мәдинада мәңгілік сапарға аттанды. 
Ардақты Пайғамбарымыз оған деген ілтипатын: 
' Бүгін анам қайтыс болды" деген сөздерімен білдірген. 
Хазіреті Әли: 
"Менің анам Фатима қайтыс болғанда Расулаллаһ үстіндегі жейдесін 
шешіп оған кебін қылды және жаназасын да өзі шығарды",- деген. Сонан соң 
Пайғамбарымыз осы мүбәрак жанның қабіріне өзі түсіп жатып көреді де, 
жылап тұрып мәйітті жайғастырды. Сахабалар мұны көріп: 
"Уа, Расулаллаһ! Сенің бұрын-соңды бұлай жасағаныңды көрмеп 
едік",- деп таңырқайды. Аллаһ Расулы оларға былай деп жауап берді: 
"Әбу Тәліптен кейін осы әйелдей маған жақсылық жасаған ешкім 
болған емес. Жұмақтың жібегін жамылсын деп өз жейдеммен кебіндедім. 
Қабірде өткізетін сәттері оңай болсын деп көріне өзім жатып тұрдым". 
Хазреті Фатиманы жер қойнына берген соң сүйікті Пайғамбарымыз 
оған былайша дұға етті: 
"Алланың мейірімі түсіп, ақырыңды қайырлы етсін.! 
Аллаһ саған рақым қылсын, уа, анашым! Сен менің анамды жоқтатпай 
анамдай болып едің! Өзің аш болсаң да, барыңды менің аузыма тосып едің! 
Өзің киінбей мені киіндіретінсің! Нығмет-ырзықтың ең жақсысын өзіңе 
алмай, маған беріп едің! 


281
Алланың ризашылығы үшін, ақырет үшін осылай жасайтынсың! Аллаһ 
тірілтуші де, өлтіруші де. Өмір беретін, жан бітіретін де Сол! 
Аллаһым! Анам Фатима бинти Әсадты кешіріп, алдын пейіш, артын 
кеңіс қылғайсың! Мен - Расулың және маған дейінгі пайғамбарлардың 
құрметіне дұғамды қабыл еткейсің, уа, қайырымдылардың қайырымдысы 
Ұлы Аллаһым!" 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет