Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет206/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Намаздардың қаза болуы 
Екі жақты текетірестің бітер түрі көрінбейді. Оқыстан жау әскері 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шатырына оқ жаудырды. Аллаһ Расулы сауыт
сайманын сайлап шатырдың алдында тұрған. Хазіреті Жабирдың 
айтуынша, сол күні мүшріктер таң алагеуімнен түн қараңғылығына дейін 
қаржасқан. 
Расулаллаһтың шатырын нысанаға алған дұшпан құрамасын Халид ибн 
Уәлид басқарған. Саны көп, әрі таңдаулы әскерлерден құралған бұл бөлім 
мұсылмандарды күні бойы тырп еткізбеген. 
Ұрыстың қайнағаны соншалықты, Расулаллаһ басшылығындағы 
мужаһидтер талмай шарпысумен бесін, намаздыгер, намазшам намаздарын 
қаза қылады. Жеке басына тиісіп, балағаттағандарға қарғыс айтып көрмеген 
болмыс сұлтаны Хазіреті Мұхаммед намаздарын қаза қылуға себеп 
болғандарға: 
"Олар 
бізді 
күн 
батқанша 
мойын 
бұруға 
мұрша 
бермей, 
намаздарымызды қаза қылдырғаны үшін Аллаһ үйлерін, жүректері мен ішкі 
сарайларын отқа толтырсын", - деп лағынет айтқан. Артынша сол күнгі қаза 
намаздарын асхабымен бірге оқып Аллаһтан кешірім өтінді. 
Ну'айм ибн Мәсудтың қызметі 
Қарсыластар аштық пен суықтан, соңы жоқ соғыстан әбден қажыды. 
Сондай сәтте жаңадан иман келтірген Ғатафан руының жігіті Ну'айм ибн 
Мәсуд Расулаллаһпен жүздесуге рұқсат сұрады. Ну'аймның мұсылман 
болғандығынан өз руластары бейхабар. Иман сынды қасиетті қазынаға ие 
болған Ну'айм шүкіршілік қылып, мұсылмандарға қызмет етуді өзіне борыш 
санады. Аллаһ Расулына келген бойда ол: 
"Уа, Расулаллаһ! Мен мұсылман болдым. Өз жақындарымның бұдан 
хабары жоқ. Ендігі жерде сенің әміріңмен жүруге уәде беремін. Бұйыр, не 
істеуім керек", - дейді. 


307
Пайғамбарымыз: 
"Сен жалғызсың, үнің шықпас. Дегенмен бір ұсынысым бар, бізді 
айнала қоршауға алған дұшпаннның арасына кіріп, ыңғайын тауып оларды 
бір-біріне қарсы қоюға қалайсың? Өйткені шайқас айласыз болған ба!" - 
дейді. 
Ну'айм өзіне жүктелген міндетті дереу ұғып: 
"Уа, Расулаллаһ! Әміріңе құлдық, тек бір сұрағым бар, қажет болған 
жерде шындыққа жанаспайтын сөздермен амалдауыма бола ма?" - деді. 
Пайғамбарымыз: "Ойыңа келгенді ірікпей айта беруіңе рұқсат", - деді. 
Нуайм алдымен құрайза яһудилеріне барды. Еш күдік туғызбай баяғы 
Ну'аймша: 
"Мұхаммедтің істегені араздастырудан басқа ештеңе емес. Жолаған 
жеріне бәле үйіріп жүреді. Қайнуқалармен надрларға жасағанын бәрің 
білесіңдер. Құрайыштар мен ғатафандар Мұхаммедпен шайқасуға келді. 
Сендер соларға көмек көрсетіңдер. Олардың мал-мүлкі, бала-шағасы 
қашықта. Жеңе қалса, олар олжаны жинап тайып отырады. Ал жеңілсе - 
алды-арттарына қарамай қашып кетеді де, сендерді мұсылмандарға тастай
жөнеледі. Осыны бір сәт ойландыңдар ма, мұсылмандарға қарсы әлсіз 
екендерің әмбеге аян. Сендер құрайыштан кепілдікке адам сұраңдар. Әйтпесе 
жәрдем бермей қойыңдар. Кепілдер қастарыңда болса, олар оңайлықпен кете 
алмайды", - дейді. 
Яһуди құрайзалар айтылғандарға иланып, ескерткені үшін Ну'аймға 
алғыс айтты. Кетіп бара жатып Ну'айм: 
"Менен естігендеріңді тіс жарып жан баласына айтушы болмаңдар. 
Құпия болып қалсын", - деп ескертті. 
Құрайзалар ешкімге айтпауға сөз беріп қала берді... Құрайыш 
мүшріктеріне келіп "Сендерді жақтайтынымды, Мұхаммедке (с.а.у.) қарсы 
екенімді білесіңдер. Сол үшін естігенімді жеткізуді міндет санадым. Тек сыр 
ретінде сақтайтындарыңа серт беріңдер", - деп құйғытты. Мүшріктер не де 
болса маңызды хабар екендігіне сеніп уәде берді. 
"Онда тыңдаңдар, - деді ол, - құрайзалар Мұхаммедпен арадағы 
ынтымағын бұзғанына өкініш білдіруде. Қайтадан сол бірлікті сақтау үшін 
сендерден 
мықты 
жігіттеріңнің 
бірнешеуін 
кепілдікке 
сұрамақшы. 
Мұхаммедпен қайтадан одақтасу үшін сендерден алған кепілдерді өлтіріп, 
мұсылмандарға көз қылмақшы. Сөйтіп надрлардың да бұрынғы мекендеріне 
қайта оралуына рұқсат алатын көрінеді. Яһуди құрайзалар сендерден 
кепілдікке адам жолдауларыңды сұраса, алданып жіберіп жүрмеңдер. Бердік 
дегенше, айрыласыңдар". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет