Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет250/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Тайфты қоршау 
Хунайнда мұсылмандардан күйрей жеңілген сакифтер мен хауазиндер 
атажұрты - Тайфқа қашып, пана тапқан. Тайф қорғандарын тас бекітіп, 
қайтадан шайқасқа әзірленуге бел буған. Олар азық-түлік, тұрмыс қажеттерін 
молынан жиып алып, сыртпен қатынасты үзеді. 
Тайф - мүшріктердің соңғы панасы еді. Сондықтан бұл жерді 
бағындыру кезек күттірмесі айдан анық. Пайғамбарымыз ең алғаш 
тайфтықтарды Исламға шақыруға барғанда жәбір көріп, жергілікті халық 
азаптағанымен қалмай Оны сайқымазаққа айналдырған. Қайран, күндер-ай 
десеңші! Енді міне, күллі Арабстан атырабы Аллаһқа құлдық ұрған шақта, 
екінші рет Тайфқа жол түскелі тұр. Бұл жолғы сапардың ерекшелігі - Аллаһ 
Елшісі (с.а.у.) жалғыз емес, қалың қолмен бірге бармақ. 
Сахабаларымен мәселені жан-жақты кеңесіп, қала-қамалды қоршаған 
дұрыс деген шешім қабылданды. 
Уақыт оздырмастан Тайф жан-жақтан қоршалды. Мужаһидтер қорғанға 
өте жақын орналасқандықтан ә дегенде бірнеше мұсылман қамалдың арғы 
бетінен оқыста атылған оқтан шейіт болып кетті. 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) әскерлерін қорғаннан қашығырақ 
орналастырғанды жөн көріп, тез көшірді. Сол жерде бүгінде Тайф мешіті тұр. 
Бұл жорыққа пайғамбарымыздың қасында екі зайыбы -Үммү Сәлама мен 
Зейнеп барған-ды. Екі шатыр да солар үшін тігілді. 
Қоршау мұсылмандар ойлағандай болмады, ұзаған үстіне ұзай түсті. 
Дұшпанның берілер түрі жоқ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ойланып-толғанып 
түрлі тәсілдерді жүзеге асыруға мәжбүр болды. Тағы да он шақты күн өтті. 
Қоршау жалғаса берді. Аллаһ Расулы өз еркімен араларына қосылып 
мұсылманшылықты қабылдаған құлдарға азаттық берілетінін айтып жар 
салды. Бұл да басқаша бір әдіс еді. Нәтижеде жиырмаға жуық тайфтық 
сахаба сапын толтырды. Олар сол сәтте-ақ құлдықтан азат етіліп, асхабтан 
Құран мен сүннет үйренуге ден қойды. 
Мұсылмандар қатарындағы Үйәйна ибн Хысн атты мүшрік Хазіреті 
Мұхаммедке (с.а.у.) жағымпазданып Тайфқа баруға, халықты Исламға 
шақыруға рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз келісім берген. 
Үйәйна Тайфқа барып, халықты жинап алып: 


380
"Берілуші болмаңдар, Мұхаммед (с.а.у.) өмірінде мұндай қоршауды 
көрген емес. Алған беттеріңнен қайтпаңдар", - деп жауларға дем беріп 
қайтады. Қайтар жолда мунафиқты қарсы алған Аллаһ Елшісі оның не 
тындырып қайтқанын сұрайды. Үйәйна шімірікпестен өтірік айтады. 
Пағамбарымыз оның екіжүзділігін бетіне басып тайфтықтарға айтқандарын 
өзіне қайта айтып береді. 
Не істерін білмей сасып қалған Үйәйна: 
"Рас, айтқаныңның бәрі рас, уа, Расулаллаһ! Мен үшін Аллаһтан 
кешірім сұрауыңды өтінемін. Тәубеге келдім. Істегеніме пұшайманмын", - 
дейді жалынып. 
Болған оқиғаға куә асхабы Үйәйнаға тістерін қайрап, Омар сияқтылар 
өлтірмек боп тұра ұмтылады. Расулаллаһ оларды сабырға шақырып, 
оқиғаның тігісін жатқызады. 
Сол күні Пайғамбарымыз түсінде өздеріне бір табақпен сары май 
ұсынылғанын, алайда сол екі арада қайдан шыққаны белгісіз, бір қораз пайда 
болып тұмсығымен әлгі табақты түртіп төккенін көреді. Пайғамбарымыз 
мұны Тайфты әзір бағындыра алмайтындығына жориды. Түсін садық досы 
Әбу Бәкірге айтқанда оның да болжамы Расулаллаһ ойлағандай шығады. 
Расулаллаһ (с.а.у.) Тайфтың әзір нәсіп болмасын біліп, жауынгер 
сахабаларға қайтуға дайындалуды бұйырады. Бірақ жігерлі жастар істің 
астарына үңілмей, шайқасуға ниет білдіріп, бұл тілектерін Хазіреті Әбу 
Бәкірге, онан соң Хазіреті Омарға жеткізеді. 
Хазіреті Әбу Бәкір "Бұл істің мәні Аллаһ пен Оның Елшісіне аян. 
Расулаллаһ бұйрықты көктен алады" десе, Хазіреті Омар Худайбияда 
Расулаллаһтың шешіміне наразылық білдіргенін, алайда соңында Худайбия 
келісімі мұсылмандар үшін ең қайырлы қарар болғандығын, сондықтан 
Мұаммедтің (с.а.у.) әрбір амалының ақыры жақсылық боларына сену 
қажеттігін түсіндіреді. 
Сарбаздар сонда да қоярда қоймай соғысуды тілейді. Расулаллаһ 
мужаһид сахабалардың көңілін жықпайын деп ертесіне шайқасуға рұқсат 
береді. Жауынгерлер қуанғанымен, бұл айқастың текке жараланумен 
тәмамдаларынан бейхабар еді. Бір күн теке тетірес қаржасумен өтеді. 
Мужаһидтер Аллаһ Расулының айтқанына көніп, қайтуға келіседі. Отыз 
күнге созылған қоршауда 14 мұсылман мәңгілік дүниеге сапар шегеді. 
Сахаба сарбаздар іштеріндегі ашуды ірке алмай, пайғамбардан сакифтер мен 
хауазиндерге қарғыс айтып дұға жасауды сұрайды. Алайда бүкіл ғаламға 
рақымдылық символы ретінде келген Пайғамбарымыз керісінше: 
"Аллаһым, Сакифтерді тура жолға сала гөр. Оларды біздермен 
қауыштыр!" - деп тіледі. 
Болмыстың байбатшасы Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) мейірімділігі 
мен шапағаты күллі адамзатты құшағына алар дәрежеде еді. Кең пейілді 
парасат пайғамбары ата жауына да жамандық тілеуге наразы. Барша адам 
баласының иман нұрынан несібесін алуын жақтайтын, жан-тәнімен 
қалайтын. 


381
Тайфтан қайтар жолда Пайғамбарымыз (с.а.у.) жолай Хунайнда қолға 
түскен тұтқындар мен мал-мүлікті бөлістіру мақсатымен Жирананы бетке 
алды. Хунайнда қолға түскен алты мыңға жуық әйел, бала-шаға Жиранада - 
тұғын. Олжаланған дүние - бірталай түйе, сиыр мен күміс. 
Жиранаға келген соң Пайғамбарымыз хауазиндер мен сакифтар 
кешірім сұрап, өздері келер деген үмітпен біраз уақыт олжа мал мен 
тұтқындарды үлестіруді кешіктірген. Он күнге дейін жаудан сыбыс 
шықпаған соң мұсылмандарға үлес айырып береді. Адамы бар, дүниесі бар - 
бүтін олжаны бөліп болған шақта бір топ хауазиндер сау ете қалды. Келген 
бетте олар өткендеріне өкініш білдіріп, Аллаһтың бірлігін, Мұхаммедтің 
пайғамбарлығын 
мойындағандықтарын, 
түгел 
халықтың 
Исламды 
қабылдағанын хабар береді. 
Хауазиндер - Расулаллаһтың сүт анасы Халиманың ағайындары еді. 
Соны алға тартып, мал-жанының қайтарылуына қолқа сала келеді. Аллаһ 
Елшісі қолға түскен бар олжаның үлеске түскенін, ендігі жерде оларды кері 
алудың қиындығын түсіндіреді де өз үлесін, Әбдімүттәліп ұлдарына тиесілі 
болған үлесті сол күйі қайтаратындығын жеткізеді. Сонан соң хауазиндерге: 
"Қазір бесін намазын оқыған соң, біз әйел, бала-шағамызға Аллаһ 
Расулының шапағатшы болуын тілейміз. Мұсылмандардан да мейірім 
күтеміз деп ойларыңды жамағат алдында ашық білдіріңдер мен сол жерде өз 
үлесіме түскен мал-жандарыңызды түгел қайтарғанымды жұрт алдында 
айтайын. Мұсылмандардың да бөліп алған олжаны қайтып берулерін 
сұрайын", - деді. 
Мешітте намаз оқылған соң Расулаллаһ (с.а.у.) уәдесін бұлжытпай 
орындады. Мұны көрген әнсарлар мен муһажирлер тайлы-тұяғына дейін 
иелеріне табыстады. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) бір ауыз сөзін жерге 
тастамайтын муминдер бұл жолы да шын берілгендіктің өнегесін көрсетті. 
Алты мың тұтқын - қауқарсыз әйел, бала қожайындарымен, әкелеріне 
қауышып, мәре-сәре болды. 
Оқиға ғибратқа толы. Аллаһ Расулының шалқар шапағатына және 
мұсылмандардың оған деген пейілдеріне бүкіл әлем тағы да куә. 
Пайғамбарымыз 
хауазин 
өкілдерінен 
олардың 
Хунайндағы 
қолбасшылары Малик ибн Ауфтың қайда екенін сұрады. Қатыгез 
қолбасшының Тайфта Сакиф тайпасын паналағанын естігенде: "Оған айта 
барыңдар, егер "Лә иләһа иллаллаһ Мұхаммадур-Расулаллаһ" деп иманға 
келіп, мұсылмандыққа мойынұсынса, өткендегі кемшіліктерін кешіріп, 
отбасымен қауыштырамын, оған қоса жүз түйе тартуым бар", - деді. 
Малик ибн Ауф бұл хабарды ести сала құстай ұшып Хазіреті 
Мұхаммедке (с.а.у.) келеді. Өткеніне өкініш білдіріп, иман ақиқатын 
мойындаған оны Пайғамбарымыз ерекше сыйлап, үлде мен бүлдеге қарық 
қылып, өз тайпасынан мұсылман болғандарға басшы етіп тағайындайды. 
Адамзаттың жүрегіне жылы жүзбен, ізет-ілтипат арқылы жол табуды, 
тарту-таралғымен қасын досқа айналдыруды қағида етіп ұстанған 
пайғамбарымыздың шын ықыласы Малик ибн Ауфты да бейжай 
қалдырмады. Таңданысын жасыра алмаған Малик: 


382
"Өмірімде Мұхаммед (с.а.у.) сияқты адамды көрсем көзім шықсын. 
Жомарттығында шек жоқ. 
Алдын ала болатын оқиғадан хабар беретіні тағы бар. Бір сөзбен 
айтқанда қайранмын", - деп осыдан бірнеше ай бұрын мұсылмандардың көзін 
жою мақсатымен әскер жинап жүргенін ұмытып, ынты-шынтысымен 
Исламның қайтпас қуаты алдында тізе бүккендігін білдірді. 
Тұтқындарды иелеріне қайтарған соң қолда қалған малды үлестіру 
басталды. Пайғамбарымыз бұл істе де байыппен жеті өлшеп бір кесуге 
тырысты. Олжа бөлісінде бұрыннан мұсылман болғандармен қатар Меккені 
алғаннан кейін иман келтіргендер және әлі де болса дүбәра ойдағы 
мүшріктер де бар-тын. 
Жаңадан имандылар қатарына қосылғандардың сенімін бекіте түсу 
үшін, ал мүшріктердің көңіліне жол табу мақсатымен Пайғамбарымыз өзіне 
тиесілі олжа дүниенің бестен бірін соларға бөліп береді. Мүшріктердің 
дүниеге аса мән беретінін білгендіктен Аллаһ Расулы бұл ретте де жол тауып 
кетті. Мал-мүлікке малданып үйренген мүшріктер мәз. Әсіресе, үш жүз түйе 
мен үш жүз күміске - аяқ астынан ие болып шыға келген Әбу Суфиан мен 
ұлдарының қуанышын көрсеңіз. Мұндай батпан құйрықты бұрын-соңды 
түсінде де көрмеген олар: 
"Әке-шешем Сенің жолыңа құрбан болсын! Сенің дархандығың 
дастандарға арқау боларлық. 
Сенің жауынгерлігіңе де, бейбітсүйгіштігіңе де тәнтіміз. Аллаһ саған, 
тек жақсылықты бұйыртсын", - деп балаша шаттанады. Құрайыштар 
РасулАлланың (с.а.у.) жомарттығына, мәрттігіне сүйсініп, ауыздан ауызға 
таратты. 
Көпшілік кездейсоқ байлықтан бастары айналып, дабырласып жатқан 
тұста Аллаһ Расулы сонадайда жайылып жүрген мыңғырған малдан көз 
айырмай қарап тұрған Сафуан ибн Умаййаны көзі шалып қалды. Әрбір 
болмашы 
мүмкіндікті 
Аллаһ 
ырзалығы 
үшін 
бағамдап 
үлгеретін 
Пайғамбарымыз бұл сәтті де қалт жібермеді. 
"Уа, Сафуан! Төрт түлік толған өріс ұнаған сияқты ғой", - дейді. 
"Әлбетте", - деп жауап береді Сафуан. 
"Онда осы жайлау малымен қоса сенікі болсын", - дейді Расулаллаһ. 
Өз құлағына өзі сенбей сасып қалған мүшрік Сафуан: 
"Мұндай мырзалық тек пайғамбар көңілінен шықса керек, мойындадым 
пайғамбарлығыңды, уа, Мұхаммед", - дейді. 
Деректерде Сафуанның: "Мұхаммедтің (с.а.у.) осы сыйына ие болғанға 
шейін оны жек көретінмін. Бірақ осы кәдеден соң адамдар арасында ең 
сүйікті, ең жақын адамыма айналды", - дегені жазылған. 
Жоғарыдағы оқиғадан Аллаһ елшісі Мұхаммедтің (с.а.у.) адам 
танудағы, соған қарай қарым-қатынас жасаудағы психологиялық шеберлігі, 
педагогикалық байқампаздығы аңғарылады. Адамдарды тура жолға 
бағыттап, тәрбиелеуде бір сөзімен, кейде жай ғана күлімсіреу арқылы, енді 
бірде көркем амалымен жетістікке жететін, яғни он төрт ғасырдан астам 


383
уақыт бұрын Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) көңілдерге жол табудың қыр-сырын 
жетік меңгеріп, тәлімгерліктің құзар шыңына шыққан. 
Пайғамбарымыздың адамгершілік қасиеттерінің бірі де - жылы қабақ, 
бір ауыз сөз немесе бір ғана әрекетпен жүректерді жаулау, жылы-жылы 
сөйлеп ерегіскен жауды, қасарысқан қаныпезер қаскөйді өз дегеніне 
бағындыру шыңдалған шеберлікті қажет етері сөзсіз. 
Пайғамбарымыз мол олжаны жаңа мұсылмандар мен мүшріктерге 
таратқан тұста ескі достарының арасынан бұған реніш білдіргендер де болды. 
Әнсарлар мен муһажирлердің ренішін аңдаған Пайғамбарымыз оларға: 
"Уа, мұсылман бауырларым! 
Бәзбіреулер табын-табын сиыр мен түйені, отар-отар қойды айдап, 
олжаға кенелген сәтте, сіздер Аллаһ Расулымен бірге рухани олжамен 
қайтуға разы емессіздер ме?" - деп жорта сауал тастады. 
Мәдиналық мұсылмандар қолдың кірі - дүниелік малдан дереу баз 
кешіп: 
"Әлбетте, разымыз. Уа, Расулаллаһ! біз үшін Сенен артық, Сен 
үйреткен ақиқаттан артық олжа болмақ емес!" - деп даурығысты. 
Жиранадағы 
діттеген 
шаруасын 
бітіріп, 
көңілі 
жайланған 
Пайғамбарымыз Меккеге - умраға жиналды. Жол бойы тәлбия айтып, 
Алланың ұлылығын паш еткен мұсылмандар қасиетті қажылық мекеніне қас 
қарая жетті. Кіші қажылық рәсімі бойынша Қағбаны тауап еткен соң, Сафа 
мен Мәруа арасында «сағи» ғұрпы орындалды. Пайғамбарымыз бастап, 
сахабалары қоштап шаштарын алғызды. Бұл жолы құрбандық шалынған жоқ. 
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) хижрет жұрты - Мәдинаға қайтуға жиналды. 
Мекке әкімшілігін басқаруға Хазіреті Аттаб ибн Әсидті, мұғалімдікке 
Хазіреті Муаз ибн Жәбалды сайлап жолға шықты. 


384


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет