Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет12/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

 
Дамира Өмірзаққызы Ибрагим 
Алматы 


14
МЕККЕ КЕЗЕҢІ 


15
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ 
ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНГЕ 
ДЕЙІНГІ ТАУАРИХ 
 
І ТАРАУ 


16
Ж
АЛПЫ ӘЛЕМНІҢ ЖӘНЕ АДАМЗАТТЫҢ ХАЛІ 
Біздің эрамыздың алтыншы ғасыры аяқталуға жақын. 
Бұл ғасыр - адамзат әлемінің күпір мен азғындық атаулыға құшақ 
жайған заманы. Күштінің әлсізді қанауы, дәулеттінің жарлы-жақыбайға әңгір 
таяқ ойнатуы осы шақтың үлесіне тиген. 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық түскенге дейінгі жалпы жер 
жүзінің және адамзаттың руханиятының деңгейін білуде пайда бар. Сонда 
ғана Расулуллаһтың адамзат баласын қалайша рухани, пікір түнегінен, саяси 
шытырмандардан және қоғамның қою қараңғылығынан, азғындықтан аз 
уақыт ішінде алып шыққанын бағамдай аламыз. 
Ол тұстағы ең мықты мемлекеттер мыналар: Византия, Иран, Мысыр, 
Үндістан, Александрия, Месопотамия, Қытай, т.б. 
Бұл елдердің қай-қайсысында да: 
А) Дұрыс наным-сенім жүйесі жоқ болатын. 
Белгілі бір таухит сенімнің болмауы адамзат руханиятын шөктіргені 
сондай, азғындықтың небір түрі етек алып, адамдардың адам атауынан басқа 
қасиеттері жойылып біткен-ді. 
Барша болмыстың Жаратушысын бар екенін біле тұра, адамдар табиғат 
құбылыстарына табынып, Аллаһтың әміріндегі жер мен көкке, жұлдыздарға, 
Ай мен Күнге сыйынып, рухтан ада тақтай мен тастардан жасалған пұттарға 
сәжде қылатын. 
Адамзат баласының ар-ұжданы, рухы Аллаһқа иманнан мақұрым 
қалғандықтан "Бар жаратылыс иләһи құдіреттің нәтижесі" деуді білмей әбден 
адасқан, ақылды орынды қолданбау салдарынан көз байланып, көңілдер 
тұмшаланған. 
Иман, рух байлығы деген қазыналардан ауылы алыс қалған бұл 
байғұстар бір сөздің, бір кітаптың жазушысы, ойлап шығарушысы 
болатынын, кішкентай иненің де ұстасыз жасалмайтынын біле тұрып,
мыңдаған сырға толы, керемет жіңішке есеппен жаратылған мына дүниенің 
Жаратушысы бар дегенге сенбейтіндей дәрежеде парықсыз еді... 
Осындай мүшкіл халдегі дүние, тәухид сеніміне, Аллаһтың барлығы 
мен бірлігін паш етіп, соған илануға үндеушіге аса мұқтаж болатын. 
Күпірлік пен азғындықтан арылудың жолын көрсетіп, бағытын 
сілтейтін жолбастаушыға деген қажеттілік, күллі әлемнің пайғамбарға 
зәрулігі күн өткен сайын сезіле түскен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет