Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар



Pdf көрінісі
бет136/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар 
Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар 
Әшһәду әл-лә иләһә иллә Аллаһ 
Әшһәду әл-лә иләһә иллә Аллаһ 
Әшһаду әннә Мухаммадар-Расулаллаһ 
Әшһаду әннә Мухаммадар-Расулаллаһ 
Хайиа а'лас-салаһ 
Хайиа аулас-салаһ 
Хайиа а'лал-фәлах 
Хайиа а лал-фәлах 
Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар 
Лә иләһә иллә Аллаһ 
Мәдинаны баураған азанның асқақ даусын естіген Хазіреті Омар өз 
құлағына өзі сенбей, Аллаһ Елшісімен кездесуге асықты. Болған жайтты 
естігенде көзі жайнап сала берген ол: 
"Уа, Расулаллаһ! Алланың атымен ант іше отырып айтайын, мен де 
бүгін түнде дәл Абдуллаһтың көргенін түсімде көрдім", - деді. 
Пайғамбарымыз мұның тегін еместігін аңдап, Аллаһқа шүкіршілік 
қылды. 


209
ПАЙҒАМБАР ОТБАСЫНЫҢ МӘДИНАҒА КЕЛУІ 
Хазіреті Мұхаммед Мәдинаға хижрет еткенде зайыбы Сәуда мен 
қалыңдығы Айшаны және қыздары Үммү Гүлсім, Зейнеп, Фатималарды 
Меккеде қалдыруға мәжбүр болған еді. Жаңа қоныста ілтипатқа бөленіп, 
орнығып, пайғамбар мешіті жанынан отбасына арнап үй де салынған соң 
көңілі жайланған Пайғамбарымыз отбасын көшіріп әкелмек болады. 
Пайғамбардың үйі Ислам тарихында "бақыттың отауы" аталады. Бұл міндет 
сахабалардан Зәйд ибн Хариса мен Әбу Рафи'ге жүктеледі. Екі сахаба 
өздеріне 
тапсырылған 
аманатты 
орындайды. 
Тек 
Зейнеп, 
күйеуі 
мұсылмандықты қабылдамағандықтан қалып қояды. Кейіннен оның жұбайы 
да иман келтіріп, отбасымен Мәдинаға көшіп келеді. 
Пайғамбардың отбасы Мәдинаға келген соң әркім өзіне арналған 
бөлмеге жайғасады. Айша анамыз ғана әкесі Әбу Бәкірдің үйіне түседі. 
Расулаллаһ Айша анамызды Меккеде айттырып, некелері қиылған 
болатын. 
Шарттардың 
қолайсыздығына 
байланысты 
той 
кейінге 
қалдырылған еді... 
Мәдинаға келген соң хижреттің бірінші жылында шәууәл айында 
үйлену тойлары өткізіледі. Пайғамбарымыз ол шақта 55 жаста болатын. 
Хазіреті 
Айша 
түсінігі 
мол, 
ерекше 
зерек 
әйел 
болған. 
Мұқияттылығының арқасында Расулаллаһтан аз уақыт ішінде көптеген 
Ислами үкімдерді үйреніп, оны жұртқа жеткізіп отырған. Сахаба әйелдердің 
ең алдында тұруының себебі, аса зейінділігіне қатысты. Ардақты анамыздан 
бүгінгі күнге дейін келіп жеткен хадис саны - 2210. Әр қилы мәселелер 
тұрғысындағы 
пайғамбарымыздың 
көзқарастарын, 
Ислами 
үкімдерді 
сахабалар Айша арқылы танып-білген. Оған Аллаһ Расулының "Діннің 
жартысын осы әйелден үйреніңіздер" деген сөздері де куә. 
Айша анамыздың фиқх, яғни шариғат үкімдері саласындағы еңбегі де 
ұшан-теңіз. Әсіресе, Исламдағы әйелдерге қатысты мәселелердің түп негізі 
осы аяулы анамыз арқылы жеткен. Сондықтан, мен мұсылманмын, дейтін 
әрбір бойжеткен, әрбір әйел, әрбір ана қай жағынан болса да, болмасаң да 
ұқсап бақ дегендей, Айша анамызға ұқсауға тырысса нұр үстіне нұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет