Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


оларға туралықты әмір ет. Түк ұқпайтын надандардан бойыңды аулақ



Pdf көрінісі
бет247/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

оларға туралықты әмір ет. Түк ұқпайтын надандардан бойыңды аулақ 
ұста!..." (Ағраф сүресі, 199) деген ғибрат алған-тын. Ұлық болсаң, кішік бол 
дейтін халық даналығы да осыған меңземей ме? 
Құрайыштар Хазіреті Мұхаммедтің алдына қаздай тізілген. Бір 
кездердегі "Сен тұр, мен атайын, мықтылықтың ізі де қалмаған, бәрі 
пұшайман халде. Аллаһ Елшісі дәл осы күйлерінде тірі жан қалдырмай 
өлтіремін десе де, бір кездердегі жөн - жосықсыз зұлымдықтарын беттеріне 
басып, құлақ кесті құл етемін десе де, жиған-тергендерін түк қалдырмай 
сыпырып алып қаладан қуып шығамын десе де - бәріне көндіккен. Алайда 
осынау әлемге рақымдылықтың символы ретінде жаратылып, жіберілген 
Мұхаммед (с.а.у.) мұның бірде-бірін жасаған жоқ. Оның бар мақсаты - 
көңілдерге иман нәрін егу еді... Жақсылыққа - жақсылық әр адамның 
қолынын, ал жамандыққа - жақсылық тек ер адамның қолынан келері ақиқат. 
Өткенді өшіріп, қиянат жасағанға қошамет көрсетуді Пайғамбарымыз асыл 
мұратына қызмет деп білді. Расулаллаһтың кешірімділігі, мейрімділігі мен 
дос көңілі құрайыштың жүректеріндегі тас метін кекті ерітіп, дұшпандық 
сезімдерін әп-сәтте сүйіспеншілікке айналдырды. Мұнда, әрине, Аллаһтың 
нәсібі бар екені рас. Дегенмен Расулаллаһтың тәлімгерлік тәсілін де жоққа 
шығара алмаймыз. 
Осылайша адамзат тарихы рухтар мен көзқарастың теңдессіз 
төңкерісіне тұңғыш рет куә болды. 
Сөйтіп, Арабстан мүшріктерінің кіндік қаласы - Мекке де мұсылмандар 
мекеніне айналды. Ислам діні тереңге тамыр жая түсті. Меккедегі жеңіс 
муминдерге үлкен серпіліс, мызғымас күш ала келді. 


374
Пайғамбарымыздың екінші хұтбасы 
Мекке алынғалы екінші күн... Бесін намазынан соң Хазіреті Мұхаммед 
(с.а.у.) Қағбаның есігі алдындағы баспалдаққа шығып, бисмиллаһпен сөз 
бастады. 
"Уа, халайық! 
Аллаһ жер мен көкті, күн мен айды жаратқан күні Меккені 
харамдардан аластағаны шүбәсіз. Қиямет-қайымға дейін бұл қала қайырлы, 
берекелі болып қала бермек. 
Аллаһқа, ақыретке сенетін адам үшін Мекке маңында қан төгу, ағаш 
кесу - арам іске қол былғау. Меккеде қан төгіс жасауға маған дейін де, менен 
кейін де ешкімге рұқсат етілмейді. 
Осы айтылғандарды естігендер естімегендерді құлағдар қылсын. 
...Мұнан былай кімде-кім біреуді өлтірер болса, өлген кісінің отбасы 
қандықол жауызды қысас ретінде (қанға-қан, жанға-жан) өлтіруге немесе 
өлген кісінің құнын талап етуге құқылы. 
Аллаһтың алдында адамдардың ең азғыны - Аллаһ қасиетті санаған 
жерде адам қанын мойнына жүктеген жауыз, надандық дәуірінен қалған атам 
заманғы өшпенділікпен адам өлтіруші. 
Исламда туысқандық әкенің шежіресімен белгіленеді. Дүниеге келген 
сәби төсектің иесінікі. 
Мұнан былай надандық дәуіріндегі келісімдер күшін жояды. Меккенің 
алынуынан соң хижрет те болмайды. Бірақ жиһад - Аллаһ жолында шайқас
жиһадқа ниет етуге болады. 
Мұсылман мұсылманға бауыр. Бүкіл мұсылмандар бір-біріне дос. 
Мұсылмандар бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып дұшпанға 
қарсы тұрады... 
...Исламда мәхирсіз үйленуге тыйым салынады. 
Әйел (қыз) әкесінің әпке, қарындасы мен шешесінің әпке-сіңлісінің 
күйеуімен некелесе алмайды. 
Күйеуінің рұқсатынсыз әйел қожайынының мал-мүлкін біреуге бере 
алмайды, бұған қатаң тыйым салынады. Әйел затының қасында әкесі, күйеуі, 
аға не інісі, әкесінің не шешесінің еркек бауырлары болмаса үш күндік жолға 
шығуына рұқсат жоқ. 
Мұрагер болу үшін өсиет міндетті емес. Әр түрлі дін өкілдері бір-біріне 
мирасқор бола алмайды. 
Таң намазы оқылған соң, күн шыққанға дейін басқа намаз оқуға 
болмайды. 
Құрбан және ораза айты күндері ауыз бекітуге тыйым салынады. 
Мен сіздерге түсінікті тілмен бағдар сілтедім". 
Аллаһ Расулы (с.а.у.) мұсылмандықты қабылдап, кәлимаға тілін 
келтіргендердің - бәріне кешірім жариялаған соң құрайыштар бір-бірден 
Расулаллаһқа Аллаһтың атымен ант берді. Бірнеше жыл бұрын алғаш рет 
пайғамбарлығын паш еткенде аяусыз айыптаулар естіген Хазіреті Мұхаммед 
енді дәл сол жерде - Сафаның төбесінде сол айыптаушылардан Аллаһтың 
бірлігін, Хазіреті Мұхаммедтің елшілігін мойындаған серт қабылдады. 


375
Алдымен ерлер, сонан соң әйелдер қауымы Аллаһқа ортақ қоспауға
ұрлық жасамауға, қыз балаларын өлтірмеуге, зинақорлықтан сақтанып, ар-
намысты қорғауға, тек жақсылыққа ұмтылуға, Ислами принциптермен өмір 
сүруге уәде берді. 
Меккеде мереке. Шірк шіріп, тәухид нұры шартарапты шұғылаға 
бөледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет