71
мейлі бала, не үлкен болсын еркін, азат өмір сүруге тиіс екенін түсіндіруден
талмаған.
Сонымен, оқиғаға оралайық. Зәйдтің ата-анасы баласынан айрылып
күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалған. Ботасынан тірідей көз жазып қалған
ана үйде
отырып қасірет шексе, әкесі не де болса іздеп шығайын деп ауыл-
ауылды аралап кеткен. Жалғызын жоқтап барған жерінде көше аралап жүруді
әдетке айналдырған.
Ал Зәйд болса, ата-анасының алақан жылуын жоқтатпайтын
жандардың қолына түскен соң үй-ішін ұмытып та кеткен. Баламысың деген
осындайда айтылса керек. Өзіне барынша көңіл бөліп, еркелетіп, асты-үстіне
түскен адамдардың сүйіспеншілігі бала жүрегін жаулап алғандай. Бұл
күндері Зәйд Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жанынан ажырамайды. Бар
дүниені ұмытып, пайғамбарлар падишасының қамқор құшағында бал дәурен
балалығын өткізіп жатты.
Күндердің күнінде Кәлб руынан бірнеше адам Қағбаны зиярат етуге
келеді. Сол жерде Зәйдті көріп қалып,
шырамытып, шақырып алып онымен
сөйлеседі.
Әңгімелесе келе, Зәйдті таныған олар әке-шешесінің күндіз-түні іздеу
салып жатқандығын, жылай-жылай көз жасы суалғанын айтып жеткізеді.
Зәйд құдды ештеңе болмағандай, жайбарақат айтылғандарды тыңдады.
Бәрін тыңдап болған соң былай деп жауап берді:
"Ата-анама ауыр екенін сеземін. Көз жастарын көл қылып қайғыруы да
заңды. Тек сіздерден өтінішім, менің айтқандарымды әке-шешеме айны-
қатесіз жеткізсеңіздер екен.
Мен олардан жырақтамын, Бәйтуллаһтың маңында тұрамын,
қызмет
қыламын. Аманмын, саумын, ендігі жерде еш уайымдамасын, босқа
шығындалып іздемесін де.
Шүкір, жағдайым жақсы, көйлегім көк, қарным тоқ. Қайырлы,
мейірімді отбасының қамқорлығындамын. Ешқандай мұқтаждығым да жоқ,
зәрулік атаулыны ұмыттым", - деді.
...Баласының хабарын ести сала әкесі Хариса інісі Ка'бты ертіп апыл-
ғұпыл Меккеге қарай жолға шықты. Зәйдті сатып алу үшін
бар жиған-
тергенін жанына алды. Көрмеген жердің ой-шұқыры көп болады емес пе.
Сұрай-сұрай соңғы Пайғамбарды да тапты-ау. Хариса келген бетте:
"Уа, Құрайыш қауымының мырзасының ұлы, Құрайыштың жоғары
мәртебелісі!
Сіз биік мәртебеге ие болған рудың өкілісіз, қасиетті Харамды
мекендеген елдің ұлысыз. Бәйтуллаһтың маңайындағы құлдарды азат ету де -
өз қолыңызда. Менің жоғалтқан ұлым да осында, сіздің жаныңызда көрінеді.
Қапылыста көз жазып қалған жалғызым үшін жанымды беруге әзірмін.
Қанша десең де құнын төлейін, баламды азат ете гөр", - деді жалынышты
үнмен.
- Ұлыңның аты кім?
- Зәйд ибн Хариса.
- Басқа өтінішің бар ма?
72
- Жоқ, бар тілегім - баламды босатсаң екен.
Олай болса, Зәйдті шақырайық, өзінің ойын сұрайық. Егер сізбен бірге
кетем десе ақысыз-пұлсыз сіздікі болсын. Ал,
егер менің қасымда қалуды
қаласа, Уаллаһи, мені қалаған адамды мен де қалаймын, ешкімге
айырбастамаймын.
Ағалы-інілі екеуі Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) айтқандарына риза
болып:
- Бәсе, көргенді адам осылай жасаса керек-ті. Ынсаптылығың мен
кісілігіңді бұған дейін естіп келіп едік, енді өзіміз куәміз, - деді.
Зәйдті шақыртып:
- Мына кісілерді танисың ба? - деп сұрады.
- Әрине, танимын.
- Кім бұлар?
- Мынау - менің әкем, ал мынау - әкемнің інісі. Бұл жауаптан соң
пайғамбарымыз Зәйдке қарап:
Сен менің
қандай адам екенімді білесің, сені қалай жақсы көретінімді
де білесің. Сені кет деп қумаймын, ерік өзіңде, қалғың келсе, менің қасымда
қал, ал егер әкеммен үйге қайтам десең, бара ғой. Тек ақылмен ойлап шеш,-
деді.
Зәйд салған жерден:
- Мен еш жаққа да кетпеймін, сенің жаныңда қалғым келеді. Сен мені
бауырыңа бастың, анамды да, атамды да жоқтатпадың, - деді.
Ұлының жауабын естігенде сасып қалған әкесі:
"О не қылғаның, балам-ау! Сен туған әке-шешеңді, ағайын-туыс,
отбасыңды, азаттықты ысырып
қойып құлдықты, бодандықты қалағаның ба,
жаным-ау?!" - деді.
Зәйд айтқанынан қайтпады.
"Жаным, әкем мен сендерді ұмытқаным жоқ, ұмытпаймын да. Бірақ,
қарсы алдымызда тұрған мына кісіден көрген жақсылықтарымды тілмен
айтып жеткізе алмаймын. Мен не де болса, осы адамның қасында қалғым
келеді", - деді.
Кіп-кішкентай Зәйд осылайша Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) шын
берілгендігін көрсетті. Тағдыр оған нұрлы болашақ дайындаған еді.
Жоғарыдағы жауабы - соның алғашқы белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: