Сабақтың тақырыбы Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды?



бет1/3
Дата18.05.2023
өлшемі106.86 Kb.
#473931
түріСабақ
  1   2   3
spartakty-kterls-ezhelg-rimdeg-ldyty-alay-sipattaydy


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4А Рим империясының гүлденуі

Мектеп: №86 ЖОМ




Күні:16 маусым2017 жыл

Мұғалімніңаты-жөні: Байғазиева Әлия




Сынып: 5 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:




Сабақтың
тақырыбы

Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды?




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.2 Ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау.
5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау.




Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Спартак көтерілісінің барысын, себептерін біледі және ежелгі Римдегі құлдардың ауыр жағдайын түсінеді;

Кейбір оқушылар:

  • Көтерілістің болған жерлері мен жеңілу себептерін мазмұнын сипаттайды;

  • Құлдардың ауыр жағдайын талдай отырып, олардың көтеріліске шығуға итермелеген алғы шарттарды сипаттайды.




Бағалау критерийі

Спартак көтерілісі арқылы Римдегі құлдықты сипаттайды.
Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісінің ерекшелігін анықтайды.
Тарихи оқиғалардың маңызын анықтайды және негіздейді.




Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Рим империясында құлдардың ауыр жағдайы мен Спартак бастаған көтерілісінің барысын мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым), бейнефильм көреді (тыңдалым), Рим империясындағы құлдардың жағдайы мен Спартак көтерілісі мәліметтерін ортаға салып талқылайды (айтылым), (тыңдалым), Рим қоғамындағы құлдардың орны мен құлдар көтерілісі жөнінде тұжырым жасайды (жазылым).
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Көтеріліс, гладиатор, res non persona (құл адам емес),
Талқылауға арналған тармақтар:
Неліктен Спартак бастаған құлдар көтеріліске шықты деп ойлайсындар? Ежелгі Рим қоғамындағы құлдардың орнын көрсетіп бере аласындар ма? Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Спартак көтерілісінің болып өткен аумақтары....
Ежелгі Римдегі құлдар көтерілісінің ерекшелігі ол .....
Спартак ол .....
Спартакқа қарсы жіберілді....






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет