Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЛИД ИБН САИДТЫҢ ИСЛАМҒА КІРУІ



Pdf көрінісі
бет60/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

ХАЛИД ИБН САИДТЫҢ ИСЛАМҒА КІРУІ 
Исламға шақыру әлі де құпия түрде жүргізілуде. 
Осы арада мұсылмандар сапына құрайыштың алдыңғы қатарлы 
өкілдерінің бірі әрі ең ауқаттысы Халид ибн Саид та қосылды... 
Араб әдебиеті мен ғылымын жан-жақты меңгерген Халид бірде түсінде 
туған әкесінің тозаққа ертіп апарғанын, бірақ дәл қақпадан кірер сәтте 
Расулаллаһ үлгеріп келіп, оны оттан құтқарып қалғанын көріп, шошып 
оянады. 
Нақты жори алмаса да түсінің тегін еместігін сезеді. Таңды көзбен 
атырған ол "Бұл бекер көрінген бос нәрсе емес, не де болса бір ақиқаттың 
елесі" деп алагеуімнен Хазіреті Әбу Бәкірге барып түсін баяндайды. 
Әбу Бәкір Сыддық: 
«Сен үшін ақыры қайырлы болуын тілеймін. Басыңа күн туғанда сені 
Расулаллаһ құтқаратын болады. Уақытты созба, барып оның дініне 
мойынсұнғандығыңды білдір. Исламды қабылдап, не көрсең де Хазіреті 
Мұхаммедпен бірге болуға беліңді бекем бу. Нәтижеде ол сені жәһаннамның 
азабынан аман алып шығады», - деді. 
Халид Расулаллаһқа құстай ұшып жетті. 
"Уа, Мұхаммед (с.а.у.)! Сен халықты неге уағыздап жүрсің?" - деп 
сұрады. 
"Мен ортағы, серігі жоқ Аллаһтың жолына, Мұхаммедтің (с.а.у.) оның 
елшісі екеніне сенуге, көр соқыр, меңіреу, не пайдасы, не де зияны тимейтін, 
тіпті өзіне табынғандар мен таптағандарды ажырата алмайтын тас мүсіндерге 
құлдық қылудан бас тартуға шақырамын", - деді Аллаһтың Елшісі. 
Айтылғандарға мұқият құлақ асқан Хазіреті Халид ә дегеннен "Мен 
Аллаһтан басқа Тәңірдің жоқтығына және сенің Аллаһтың Расулы екендігіңе 
куәмін", - деді. 
Мұхаммедтің (с.а.у.) кеудесін қуаныш кернеді. 
Халид мұсылмандықты таратуды өз отбасынан бастады, аз уақыт 
ішінде әйелі Үмәйна да мұсылман болды... 
Халидтің әкесі құрайыштардың ауқатты да айбарлы адамы Саид 
баласының "жаңалығын" естігенде қатты ашуланды. 
Бір күні Халидті намаз оқып тұрған жерінен ұстап алған аға-інілері 
оған айтпаған сөздері қалмай: 
"Сен қалайша ата-бабаңның дінін жоққа шығарған Мұхаммедтің сөзіне 
ересің?" - деп бас салған бауырлары көзқарасын өзгертуі үшін Халидке 
ұрсып та, жалынып та айтты. Бірақ Халид зәредей де өкініш білдірмеді, қайта 
күшейе түскен сыңаймен: 
"Уаллаһи, Мұхаммед (с.а.у.) ақиқатты айтты. Мен шындыққа ғана бас 
иемін. Қолдарыңнан өлсем де иманнан шықпаймын", - деді. 
Әкесі мұны естіп ашуға мініп, Халидті қолындағы сырық сынғанша 
сабайды. 


97
Сабау да, дүре де иман нұрын көңіл түкпіріне ұялатқан Хазіреті 
Халидтің пікірін өзгерте алмады. Иманын қорғау жолындағы жәбір-жапа ол 
үшін түкке тұрғысыз еді. 
Баласына сөзін өткізе алмасына көзі жеткен мейірімсіз әке, оны 
қорқытып: 
"Бар, онда, сені жоққа санаймын, ырзық-несібеден дәметпе. Тамақ та, 
киім де бермеймін. Қайда барсаң, онда бар!" - деп айқайлады. 
Сабыр мен салауаттың қайнары - иманды жүрегіне мықтап 
орнықтырған Хазіреті Халид бұл жолы да түк саспастан: 
"Әке, менің ішіп-жемімді бермесең бермей-ақ қой. Ырзық, несібемді 
Аллаһ бір жерден болмаса, екінші жерден шығаратынына кәміл сенемін" - 
деп жауап берді. 
Әкесі ұлын бірнеше күн бойы ас-сусыз қапасқа қамайды. Анасы мен 
бауырларына: 
"Егер кімде-кім Халидпен сөйлесетін болса, ажалы менен деп білсін" - 
деп қорқытып, жолатпай қояды. 
Ара-тұра қапастың сыртынан сығалап, ащы мысқылмен: 
"Қалай, несібеңді алып жатырсың ба?" - деп Халидті түйреумен болды. 
Тар қапастан амалын тауып құтылған Хазіреті Халид екінші Хабашстан 
хижретіне дейін әкесінің көзіне түспей, бой тасалайды. 
Кейінірек Хабашстанға көшкен екінші топқа әйелімен екеуі қосылады. 
Халидтің жәһилия дәуірінің көркем жазу шеберлерінің бірі екендігін 
атап өтпеске болмайды. Деректерге жүгінсек, Пайғамбарымыздың Йемен 
билеушісіне жолдаған атақты сенімхатының мәтінін, тағы басқа маңызды 
келісімдерді Хазіреті Халид дайындап жазған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет